УДК 004.92
ПАНОРАМДЫ БЕЙНЕНІ ФОТОСУРЕТ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ТАЛДАУ
ПАНОРАМНОЕ ИЗОБРАЖЕНИЯ КАК ОСНОВНОЙ ИНСТРУМЕНТ
ФОТО - ИНДУСТРИИ
PANORAMIC IMAGES AS THE MAIN TOOL PHOTO - INDUSTRY
Есмағанбет М.Ғ. - к.ф-м.н., доцент,
Бәйбеш М.Е. - преподаватель кафедры «ИС и И»
Кокшетауский университет имени Абая Мырзахметова
Аңдатпа
Панорамды бейненің шығу тарихы жайлы, және фотосурет индустриясындағы алған орны жайлы.
Аннотация
История развития панорамного изображения и место в фото – индустрии.
Annotation
History and development of panoramic images in the photo – industry.
Панорамды фотосурет – бұл жай пейзаждың немесе ландшафттың суретінен әлдеқайда жоғары нәрсе, бұл фотосурет әлемінің жаңа өлшемі. Панорамды суретті тереңірек және дәлірек талдау үшін оның шығу тарихын қарастырып, оған анықтама беріп, оның барлық қолдану аясын көрсету керек.
Панорамды суретті алғаш рет фотосуреттерде емес, кинематографияда қолданылды деп есептеледі. Бірақ, панорамды бейне көп жылдар бұрын суретшілердің басында пайда болған қиялының техникалық көрінісі ғана. Егер одан да ертедегі тарихи фактілерге назар аударсақ, онда панорамды фотосуреттер ежелгі көнелікте қолданылған. Мысал ретінде Ежелгі Элладаның тастағы және қабырғадағы бейнелерді алуғы болады. Ираннан шыққан берлин суретшісі Ядегар Азизидің Германияда көрсеткен Ежелгі Римнің суреттелген панорамасын көрсеткеннен бері бұл тақырып заманауи суретшілердің көкейінен кетпеді. Панорама биіктігі 34 м, ал ұзындығы 106 м құрайды [1].
Ядегар Азизи - Ежелгі Рим
«Панорама» термині XVIII ғасырдың аяғында айналаны түгелдей алатын суретті білдірген. Панорама көлемді алдыңғы қатарлы макетті жинақтайды. Мұндай түрлер XVIII – XIX ғасырларда халықтың үлкен сұранысымен қолданылды. Негізінде, «панорама» сөзі көрермендер алдында жинақталған үлкен форматты бейне дегенді білдіреді. Алғаш рет бұл түсінікті 18 ғасырда шотланд суретшісі Роберт Баркер қолданды. Негізі, панораманы сфераның немесе цилиндрдің ішкі биіктігіне жасалған карта ретінде қарастыруға да болады.
Роберт Баркер «Эдинбург понарамасы»
Қазіргі уақытта «панорама» сөзінің мағынасы өзгергені соншалық, енді кез келген көлемді бейнені атай аламыз.
Қазіргі панорамды фотосуреттің тарихы 1843 жылдан алғашқы панорамды фотокамера жасалғаннан басталады. Австриялық панорамды камераны тіркеген патенттердің бірі болып табылады. Бұл камера жалпақ фотопластинаға түсіретін болды. Бірақ арнайы обьективтерді қолдану арқылы фотографқа 150 градустық бұрышты түгел алуға мүмкіндік берді. Сол уақыттарда жазық пленкаларды қолдану кадр шеттеріне обьективтің оптикалық жарықтары түсуіне әкелді.
1888 жылы фотосурет әлемінде нағыз революция болды. Ханибал Гудвин иілгіш пленканы ойлап тапты, кейіннен оны Истмэн Кодак дамытты. Бұл ашылу фотосурет дамуына, жалпы, және панорамды фотосуретке өте жақсы әсерін тигізді. Алғашқы панорамды пленкалы камералар пайда бола бастады, сонымен қатар 20 – ғасырдың басында олар сатылымға шыға бастады. Мысалы, «Ол Виста» фотокамерасы [2].
Бірақ пленкалы фотоаппарттардың пайда болуы сапалы панорамды бейне алу проблемасын шеше қоймады. Ол үшін түсірілім кезінде арнайы басы бар штатив қолдануға тура келді, ал панорамды суреттерді бір біріне жабыстыруға тура келді. Бұл көп уақыт талап ететін қиын әрі жұмысы көп процесс болды. Пленкалы фотосуреттер басым кезеңде панорама суреттің экзотикалық түріне саналды. Фотограф түсірілімге арнайы басы бар штативті алып жүруге тиіс болды, сонымен қатар жұмысты көп талап етеін панорамды суреттерді жапсырды. Панорамды суреттерді кәсіби сурет көрмелерінде және туристік буклеттерде ғана көруге болады.
Панорамды сурет жанрында нағыз революция сандық камералар пайда болғанда ғана болды. Сандық видео кадрға түсірілген бейнені графикалық редакторда оңай түзеуге және алынған панорамды бейнені қарапайым басып шығарғышттан шығаруға болады. Заманауи мүмкіндіктер қарапайым тұтынушыларға сандық фотоаппарат көмегімен толық виртуалды тур жасауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік технологиялардың дамуы панорамды бейнелерді сақтаудағы және демонстрациялаудағы мәселелерді шешті. Өздігінен фотоальбом жасаудың қажеті болмайды, барлығы компьютер жадында сақталады. Пәтер қабырғасын іздеудің қажеті болмайды, панорама дисплейде бейнеленеді. Сіз айналдыру мақсатында өзіңізге қызықты фрагменттерді таңдайсыз және оларды толық қарастырасыз. Панорамды суреттерді Интернетке орналастыра аласыз, және сонда сіздің сайтыңыздың тұтынушылары виртуалды кеңістікке саяхат жасай алады [3].
ӘДЕБИЕТ
Ли Фрост. Панорамная фотография. «Арт-Родник», 2005. - 144 с., ISBN: 5-9561-0132-6.
Топорков С. Adobe Photoshop CS в примерах. С-Пб.: БХВ-Петербург, 2005. - 384 с.
Надеждин Н.Я. Цифровая фотография. Практическое руководство. С-Пб.: БХВ-Петербург, 2003. - 370 с.
Достарыңызбен бөлісу: |