А. Н. Рахимбаева Н. Баймұратов атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тақырыбы



Дата18.01.2020
өлшемі1,66 Mb.
#56077
Байланысты:
docx1538499427
docx1538499427-1
А.Н.Рахимбаева

Н.Баймұратов атындағы орта мектептің

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Тақырыбы: Математика әлемі

Сабақтың мақсаты: оқушылардың математикалық қабілеттерін, жылдамдық, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін өмірде қолдана білуді үйретеді.

Көрнекілігі: 0-ден 10-ға дейін кеспе цифрлары. Мақта қыз бен мысық ертегісінің суреттері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Психологиялық дайындық.

Бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз айтайық, жақсы тілек тілейік.

  1. Негізгі бөлім.

- Балалар, бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.

1. Кіріспе әңгіме.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін әңгімелейді.

Мысық қатықты төгеді, Мақта қыз құйрығын кесіп алады.

Мысық: Апа, құйрығымды берші?- деп жалынады.

Қыз: Сен берілген тапсырмаларды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін, - дейді.



  1. Сиырдың тапсырмасы:

1-ден 10-ға дейін өсу ретімен және кері санау.

  1. Ағаштың тапсырмасы: «Логикалық есептер»

а)Табақта үш алма,

Қолымда екі алма,

Біреуін әжеме беремін,

Біреуін атама беремін,

Екеуін беремін анама,

Әкеме нешеуі қалады? (2)

Ә)Ағаштың басында,

10 жапырақ тұр еді.

Жел тұрды да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы екеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі? (7)



  1. Қыздардың тапсырмасы: Ойын: «Төртінші артық»

Балаларға суреттер көрсетіледі. Онда төрт сурет бейнеленген. Олар артық суретті тауып, неге артық екенін айтып түсіндіру керек.



Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Беске бесті қосайық,

Алақанды соғайық.


  1. Дүкеншінің тапсырмасы: «Мысалдарды шығар»

5+1= 4+1= 9+1= 6-2= 8-3= 5-1=




  1. Тауықтың тапсырмасы: Дидактикалық ойын: «Көршісін тап»

Балаларға карточкалар таратылып беріледі. Онда сандар қатары беріледі. Кейбір сандары жазылмаған. Балалар жоқ сандарды жазу керек.




3







5









7







8





  1. Тышқанның тапсырмасы: Дамытушы ойын: «Артақ пішінді тап»


Төрт пішіннің ішінен қалғанына ұқсамайтын артығын тауып, неге артық екенін айтқызу.

Мақта қыз мысыққа ризашылығын білдіріп, мысықтың құйрығын қайтарып береді.



Қорытынды.

Педагог :



  • Балалар сендерге мысыққа көмектескен ұнады ма?

Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет