О. Ошанова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
71
ISSN 1563-0242
иланбайды, «бұл қалай?», - деп ойланбайды» дей
келіп, «ал енді сынап, талдап,
кемшіліктерді
көрсетіп жазатын, айтатындар болса, оларды жаппай
айыптауға болмайды. Олар соны табалап жазып
отыр ма, әлде жүрегі ауырып, жаны ашып жазып
отыр ма? Алдымен, осыны ажыратып алу керек»
деген тәлім алар пікір айтады.
Камал ағамыз айтып отырған осы мәсе-ленің
мәні бүгінгі күнде тіптен өзекті болып отыр, өйткені
қазіргі таңда қалам ұстаушы көптеген ағайындар
«түймедейді түйедей қылып»
көрсетуді, өздеріне
ұнамаған адамды қаралауды әдетке айналдырып
отырғаны жа-сырын емес. Сонымен қатар көп
жағдайларда «сын түзелмей мін түзелмейді» деген
қағиданы ұстанып,
жанашырлықпен қалам тартып
жүрген әріптестерімізге де қырғи қабақ танытып
жататындардың қатары да көбейгені шындық.
Сондықтан да бізге ақ пен қараның арасын ажы-
ратар зеректік пен қырағылық қасиеттер керек
болар.
Достарыңызбен бөлісу: