А. С. Ботбаева «Мемлекеттік басқару теориясы» пәнінен «050510-Мемлекеттік және жергілікті басқару»



Pdf көрінісі
бет14/47
Дата13.12.2021
өлшемі386,99 Kb.
#125608
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
0015708a-99bffd3c, Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
  мемлекеттiк  қызмет

  –  бұл  мемлекеттiк  қызметшiлердiң 

мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен қызметтерiн жүзеге 

асыруға бағытталған лауазымдық ӛкiлеттiктерiн атқару жӛнiндегi қызметi. 

Мемлекеттiк қызмет заңда бекiтiлген белгiлi 

қағидаларға

 негiзделедi. 



Заңдылық 

қағидасы  мемлекеттiң  барлық  органдарының,  мемлекеттiк 

қызметшiлерiнiң,  лауазымды  және  ӛзге  де  тұлғаларының  заңдар  мен  ӛзге  де 

нормативтiк-құқықтық актiлердi бұлжытпай орындауы ретiнде қарастырылады. 



Қазақстандық  патриотизм

  қағидасы  мемлекеттiк  қызметшiнiң  ӛз  Отанын, 

халқын  сүйетiндiгiн,  оларға  деген  терең  сезiмiн,  берiлгендiгiн,  Республиканың 

тәуелсiздiгiн  нығайтуға,  онда  ӛркениеттi  демократиялық  қоғам  құруға,  елдiң 

экономикасы  мен  мәдениетiн  дамытуға  бар  бiлiмi  мен  күш-жiгерiн  аянбай 

жұмсайтындығын бiлдiредi. 

Мемлекеттiк  билiктiң  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  тармақтарына 

бӛлiнетiндiгiне  қарамастан 



мемлекеттiк  қызмет  жүйесiнiң  бiртұтастығы

 

қағидасы  Конституция  мен  заңдардың  негiзiнде  жүзеге  асатын  мемлекеттiк 



билiктiң бiрыңғай кӛзiмен анықталады. 

Мемлекет  мүдделерi  алдындағы  азаматтардың  құқықтары,  бостандыјтары 

мен  заңды  мүдделерiнiң  басымдығы

  қағидасы.  Ӛзiн  демократиялық,  зайырлы, 

құқықтық  және  әлеуметтiк  мемлекет  ретiнде  жариялай  отырып,  Қазақстан 

Республикасы  азаматтық  мәртебесiне  басымдылық  бередi,  себебi  мұндай 

мемлекеттiң  ең  негiзгi  құндылығы  адам,  оның  ӛмiрi,  құқығы  мен  бостандығы 

болып  табылады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  мемлекеттiк  қызметшiлер,  лауазымды 

адамдар  азамат  мүдделерiнiң  сақшысы  болып,  олардың  субъективтiк  құқықтары 

мен бостандықтарын қамтамасыз етуге мiндеттi. 



Жалпыға  қол  жетерлiк

  қағидасы  республика  азаматтарының  мемлекеттiк 

қызметке  қол  жетуi  және  ӛз  қабiлетi  мен  кәсiби  дайындығына  сай  мемлекеттiк 

қызмет бойынша жылжуы үшiн тең құқықтық мүмкiндiктерге кепiлдiк бередi. 



Азаматтардың  мемлекеттiк  қызметке  өз  еркiмен  орналасуы

  қағидасы  ӛз 

таңдауын  және  ӛзiнiң  кәсiби  тәжiрибесi  мен  бiлiмiн  мемлекеттiк  басқару  үрiсiнде 

жүзеге асыруға мүмкiндiк берумен байланысты. 



Кәсiбилiгi  мен  құзырлығы

  қағидасына  сай  ӛз  қызметiн  тиiстi  түрде  орындауды 

қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызметшiнiң арнайы бiлiмi, тәжiрибесi мен еңбек 

дағдысы болуы қажет. 



2.

  Мемлекеттiк  қызметшiлердiң  құқықтық  мәртебесiн  белгiлеген  кезде 

мемлекеттiк  қызметтiң  мемлекеттiк  лауазымдарының  құқықтық  мағынасы  мен 

топтастырылуын дұрыс түсiнудiң ерекше маңызы бар. 

Жұмысшы,  шаруа  (фермер),  кәсiпкерлерге  қарағанда  қызметшiлер  –  бұл 

лауазымға  ие  тұлғалар. 



Лауазым

  астарында  оған  орналасқан  тұлғаның  ролi  мен 

ӛкiлеттiктерiн  сипаттайтын  басқару  құрылымындағы  бастапқы  ұйымдық  бiрлiк 



 

18 


ұсынылады.  Қызметшiлер  түрлi  мемлекеттiк  және  жеке  органдарда,  мекемелерде, 

қоғамдық ұйымдарда жұмыс iстейдi. 



Лауазымды  адам

  –  тұрақты,  уақытша  немесе  арнайы  ӛкiлеттiк  бойынша  билiк 

ӛкiлiнiң  қызметiн  жүзеге  асыратын  немесе  мемлекеттiк  органдардағы  ұйымдық-

ӛкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi атқаратын адам. 

Мемлекеттiк  қызметтi  ұйымдастыру  үшiн  мемлекеттiк  қызметшi  қызметiнiң 

мазмұнын,  оның  құқықтары  мен  мiндеттерiн  анықтайтын  қызмет  лауазымдары 

белгiленедi. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет