А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Мақсаты: Гуманистік бағыттағы тренинг түрлері және оны жүзеге асыру жолдарымен таныстыру



бет4/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,17 Mb.
#24275
1   2   3   4   5   6

Мақсаты: Гуманистік бағыттағы тренинг түрлері және оны жүзеге асыру жолдарымен таныстыру.

Гуманистік психологияның негізгі пәні – жеке тұлға және оның ерекшелігі, адамның қоршаған әлемді және өзінің ондағы орнын сезіне білуі деп анықталатыны бізге мәлім. Яғни,  гуманистік бағыттағы тренингтердің негізгі қасиеті қатысушылардың өз ішкі дүниесін аша білуі, сезімдерге көңіл аудара білуі,  өз -өзін және өзіндік «Менін» сезіне білуі,  жауапкершілік пен «мұнда және қазір» принципін қолдана білу сияқты  сапаларын дамыту мен жетілдіру болып табылад

.1.Трансактілі анализ бағытындағы өзін-өзі ұтымды тану және өзіндік даму тренингі. Трансактілі анализ психоанализ тұжырымдамасына негізделіп құрастырылған. Оның негізін салушы Эрик Берн болды. Оның пікірінше,  әрбір жеке адам белгілі бір уақытта Эго күйлері деп аталатын басты үш күйдің біреуінде тіршілік етеді. Эгоның бұл күйлері «Ата-ана»,  «Ересек» және «Бала» деп үш күйге жіктеледі.Топ қатысушылары  қарым-қатынас барысында қандай психологиялық ойындарға тартылатыны жайлы және онда қандай манипуляциялық әрекет түрлерін қолдануға болатындығы туралы танып білуге дағдыланады.2. Гештальт бағытындағы өз-өзін реттеу және басқару тренингтері. Топтық гештальттерапияның негізін салушы Фредерик Перлз болды. Гештальт топтары қатысушылардың өз алдына әрекеттене білуі мен жауапкершілігін дамытуға ықпал етеді. Гештальттерапияның негізгі міндеті – дене процесстерін ынталандыру және қатысушылардың өзіндік «Менін» сезіне білуді дамытуға ықпал ету болып табылады.Соныменен жоғарыдан көріп отырғанымыздай,  психотренингтер психология ғылымының әдіснамалық негізі болып табылатын ғылыми бағыттар мен мектептердің өзекті мәселелерін көздей отырып,  әр түрлі мақсатта қолданыла алады екен.Әлеуметтік-психологиялық тренинг – психологиялық ықпалы топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы.  Мұндай тренингтерге қатысушылар сабақ барысында түрлі тұлғааралық өзара байланыс тәсілдерін игере отырып, қарым-қатынас сферасында неғұрлым хабардарлығы арта түседі. Дұрыс ұйымдастырылған топтарда әрбір топ мүшесі адамзаттық мейірімге және рухани жылылыққа бөленеді,  ол шын пейілімен басқа топ мүшелеріне қол ұшын бере алады,  қажетті жағдайда олардан қолдау мен көмек күте алады.


    Психотренингтерді білім беру үрдісінде қолдану неғұрлым тиімді нәтижеге ие болуы үшін қатысушының өзіндік қабілеттілігін көрсете білуіне ықпал ететін шарттар қатары қарастырылуы қажет. Оларды Овчарова Р.В. өз еңбегінде төмендегідей келтіреді:

 І. Өзіндік диагностика:

    а) Өзі туралы нақты мәліметтер алу;

    б) Адам басқалардың көзімен қалай қабылданатындығын анықтау;

    в) Оның идеалды «Менінің» қаншалықты деңгейде дербес екендігін анықтау.

    ІІ. Диагностика:

    а) Өзіндік талдаудың дамуы ;

    б) Сезімдерді жіктей білу, өзін нақты және анық көрсете білу іскерлігін дамыту;

    в) Өзіндік «Менін» ашу тек басқалармен қарым-қатынаста ғана

    мүмкін болатынын сезіне білу.

    ІІІ. Басқалардың бейнелеріне нұсқауды тексеру:

    а) Басқалардың бағытын түсіне білуді дамыту;

    б) Анықтау барысында вербальды емес формадағы сезімталдықты қалыптастыру;

    в) Басқаны тыңдай және түсіне білу іскерлігін дамыту;

    г) Психотерапиялық әсер ету.

    Психотренинг топтарында  оқыту бағдарламасы үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлім – қарым-қатынас  мәселесі жайында кіріспе лекция. Қатысушылар топ психологиясы,  қарым-қатынас психологиясының жалпы ұғымдары мен механизмдерімен танысады.

Екінші бөлім – жаттығу бөлімі. Сабақтың барысында әлеуметтік ақыл-ой мен коммуникативті іскерлікті дамытуға бағытталған жаттығулар жүйесі орындалады.Бағдарламаның үшінші бөлімі – жаттығу бөлімін талдау болып табылады.[4]Психотренингтерді топтық психологиялық түзету жұмысын жүзеге асыру тәсілі ретінде білім беру үрдісінде қолдану өте маңызды. Өйткені, әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсаты - әлеуметтік ақыл-ойды,  кәсіби – педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын дамыту екендігі бізге мәлім. Мектеп жағдайында мұғалім мамандығы «Адам-адам»  қатынасындағы мамандық болғандықтан,  оның еңбек етуінің негізгі бағыты қарым-қатынас болып табылады. Ал қазіргі мектептердің нағыз тірелетін тұғыры педагогикалық қарым-қатынастың өзі. Сол себепті де,  бұл ғылыми жұмысты «Педагогикалық  қарым-қатынас» тақырыбындағы әлеуметтік-психологиялық тренинг жоспарының мазмұнын ұсынумен аяқтауды жөн көрдім.     



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Гештальт психологияның негізін салған кім?

2. Психологиялық тренинг топтарындағы оқыту бағдарламалары неше топтан тұрады?

3. Эго жағдайларды ата?

4. Трансактілі талдаудың авторы?

Падаланылған әдебиеттер:

1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.

2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.

3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000

4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж

5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008 .

6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.

7.Д.М. Рамендик « Тренинг личностного роста» М-2008ж.
11 дәріс

Дәрістің тақырыбы:Жабық типті мекмелердегі психолгиялық көмекті қалыптасыру жолдары

Мақсаты: Жабық типті мекемелердегі оқушыларға қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бағытында жүргізілетін көмек түрлерімен таныстыру.

1. Мекмелерде психологиялық көмекті ұйымдастыру

2.Жабық типті мекемелердегі көмек көрсету түрлері

Белгілі психологтар Иозеф Лангмейер мен Зденек Матейчек жетім балалардың өмірін депривациямен байланыстыра отырып субьектінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінен айыру деп түсіндірсе , ал ағылшын психологы Дональд Хебб  депривация-биологиялық тұрғыдан толық, бірақ психологиялық тұрғыдан ортадан шектеумен байланысты күй екенін айтқан. Онтогенездің ерте басындағы жетім балалардың психикалық дамуының   ерекшеліктері (эмоциялық кедейлік, импульсивтілік, дербестіктің жоқтығы, «Мен» бейнесінің бұрмалануы  өзіндік бағаның теңсіздігі) қарым- қатынас субъектісі ретіндегі дамуы (адамдармен қатынасты таңдай алмауы, оларға сенімсіздік таныту, басқалардың оған көңіл бөлуіне қажеттіліктің күшеюі, қарым-қатынас дағдыларының аздығы).Олардың есеюі барысында жойылмай шиеленісіп  басқаша сапаға ие болады.Осының бәрі махаббат сезіміне  қажеттіліктің қанағаттанбауы, эмоциялық тұрғыдан бала жағдайының тұрақсыздығының нәтижесі болып табылады.Мұндай жағдайда  оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын қызметкерлерге де өз міндетін атқару қиынға соғады. Сондықтан  жетім балалармен жұмыс істейтін мамандарға көмек  көрсету және қолдау өзекті мәселе болып табылады. «Адам-адам» жүйесіндегі кез-келген  іс-әрекет тұрақты немесе үақытша , жағымды немесе жағымсыз бола алатын маман  тұлғаның кәсіби  деформациясына әкеліп соғады.Тұлғаның кәсіби  деформациясы  кәсіби рөлін  орындау әсерінен пайда болатын тұлғаның сапалық өзгерісі ретінде анықталады. Кәсіби  деформация үш негізгі компоненті бар эмоциялық «жану»  феноменімен сипатталады:



1.Эмоциялық кернеулік  пен  үмітсіздендіру сезімінен  көрінетін эмоциялық жүдеу.Адам бұрынғыдай жұмысқа  беріле  алмайтынын  сезінеді.

2.Адамдарға қызмет бабында  немқұрайлы, жағымсыз, керек десеңіз орынсыз қатынастың пайда болуымен байланысты болатын деперонолизация.

3.Өзінің құзырлық бағасының түсуінен, өзіне  қанағаттанбау , өз іс-әрекетінің құндылығының азаюынан  көрінетін тұлғалық  жетістіктің көмескіленуі. «Жану» синдромы 3 сыртқы факторды тудырады деп есептелінеді:

-ұйымдастырушылық  фактор – мазмұны жағынан дамудың  мүмкін еместігі, шығармашылық автономияның жоқтығы мен басшылар тарапынан аса қадағалаудың болуы.

-рольдік қақтығыстардың, рольдік нақтылықсыздықтың болуы(өз міндеттерін түсінбеу,әріптестерімен, басшылармен өзара қарым-қатынас жүйесінің нақтылықсыздығы)

-кейбір тұлғалық қасиеттердің болуы.Синдром эмпатиялық деңгейі төмен, авторитарлы, әлеуметтік интеллектісі төмен мамандарда жеңіл  пайда болады.

Жетім балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін жауапкершіліктің жоғары деңгейі, эмоциялық стресстің  тұрақты қайнар көзі  болып қалыптасатын психотравмалық жағдайлардың жоғары деңгейі тән.Жағдайды қиындатушы фактор  аталмыш мамандардың әлеуметтік қорғанышының төмендігі болып табылады.Өз кезегінде ересектердің жағымсыз эмоциялық күйі баланың эмоциялық тұлғалық дамуына жағымсыз  әсер етеді.Педагогикалық іс-әрекет мәселесінің  жалпы контекстінде педагогтың  эмоциялық  тұрақтылық мәселесі  маңызды орынға  ие.Педагог мамандығы  өзін-өзі  басқару  мен өзін-өзі меңгерудің үлкен  резервін талап ететін стрессогендік мамандық  қатарына  жатады.Эмоционалдық  тұрғыдан  алып  қарағанда  еңбек  түрлерінің ішінде адамдармен тікелей  жұмыс істеуде  кернеулігі  басым  педагог  мамандығы  күш-қуатты көп қажет  етеді.  Психолог іс-әрекеті – балаларға алған эмоционалдық  зақымның орнын алмастыруға,тұлғалық бүтіндікті, тепе-теңдікті қалпына келтіруге  көмектесу қажет, содан кейін барып қана олардың дамуын жалғастыруға болады.Жетім балалар жағымды адами  қарым-қатынас пен тұрақты тұлғааралық қатынастарды қажет етеді.Олармен жұмыс істейтін қызметкерлерге де олардың жауапкершілік, белсенділік, дербестікті сезіну қажеттілігін сезінуге психологиялық көмек қажет.   Тәрбиешілерге интернатта балалармен жұмыс істеу көптеген стрессогендік жағдайлар тудырады, осыған байланысты олар психологиялық ағарту мен  психологиялық қолдауды қажетсінеді.Бұл балалар үйі мен мектеп – интернатта қызмет атқаратындарға  жүйелі түрде ағарту және психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігін білдіреді.Тәрбиешілердің өздері де  өз кәсібінің  аумағында қарым-қатынасқа күнделікті жұмыс барысында  кездесетін нақтылы жағдайларды қарастыру мен талдауға деген мүқтаждықтың жоғары екендігін де айтады.Тәрбиеші педагогтар, дефектологтар күннен-күнге балалармен жұмыс істейді. Ал психолог қызметінің нәтижелілігі балалар үйі қызметкерлері ынтымақтастығы  қаншалықты дамығандығына байланысты. Бұл қатынастар бәсекелестік емес серіктестік негізде құрылуы тиіс.Психологтың қызметкерлермен жүйелі түрде кездесіп тұруы нақтылы бір балаға қатысты мінез-құлықтың жалпы бағытын құруға көмектеседі. Балалар үйі қызметкерлерімен ағартушылық бағытта  дене жаттығуларын, психологиялық кеңес беру, психологиялық жаттығулар, тренингтер,іскерлік ойындар, оқу-тәрбие  процесін ұйымдастыруда психологиялық-падагогикалық ұсыныстар қарастыру ұсынылады.Маңыздысы  шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсету мүмкіндігі болып табылады.Көп жағдайда балалар үйінің әкімшілігі психологтың педагогикалық ұжыммен бірлесіп  жұмыс істуін міндет етіп алмайды. Балалармен жұмыс істеуде ересектерге мейірімділіктен  басқа нақтылы психологиялық дайындық та қажет.Оған отбасынан  тыс тәрбиеленетін балалардың психологиялықерекшеліктерін ескеру,әр баланың жекелігін білу және түсіну  жатады.Тәрбиешілердің балалармен тиімді  әректтесу принциптері мен тәсілдеріне үйретудің  нәтижелі формасы ретіндетренингтер аса маңызға ие.Тәжірибе ретінде «Жабық типті мекеме балаларымен өзара тиімді әрекеттестік» атты тренингтік бағдарлама ұсынылады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Т. Гордонның педагогикалық тиімділік тренингінің бөліктері, сонымен қатар ойын жаттығулары қолданылады.  Тренингке қатысушылармен жұмыс:

-Балалармен қарым-қатынас кезінде ересектердің позициясын және жұмыс барысында пайда болатын мәселелерде өзінің жауапкершілік сезімін ұғынуға;

-Өз сезімдерін танып, білуді үйретуге;

-Басқа адамдардың сезімдерін тани білуге үйрету және оларға адекватты түрде жауап беруге;

-Басқа адамдармен конструктивті қарым-қатынасты қамтамасыз ететін бірнеше практикалық дағдыларға жаттықтыруға;

-Отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың психологиялық ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған;

Тренингтік бағдарламамен танысу жұмысына балалар үйінің тәрбиешілері, мұғалімдері, психологтары, әкімшілік қызметкерлері қатысады.Топтағы адам саны 12-15-тен аспауы тиіс.Тапсырмалардың мақсатына қарай тренингке қатысушылар жеке, екеуара, үшеуара және кіші топпен жұмыс істей алады.Әрбір тапсырма бой қыздыру, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады.Әр кездесудің басы мен соңында қатысушылар өздерінің сезімдерімен бөліседі. Бой қыздыру ретінде эмоциялық күйді қуаттандыруға себеп болатын, топтық ынтымақтастыққа, зейіннің шоғырлануына бағытталған түрлі ойындар мен жаттығулар ұсынылады.Негізгі бөлімге теориялық мәліметтерден, практикалық жаттығулардан, еркін пікірталастан, сұхбаттасудан тұратын минм-лекция кіреді. Тақырыптарды қатысушылардың өздері ұсынады.Мысалы:«Балаларды жазалау керек пе ? «Интернаттан баланы демалысқа ертіп келуге болады ма?» «Балалар өмірінде жарысу және бәсекелестік» т. б.Пікірталастың басты мақсаты: берілген сұраққа жауап табу ғана емес, әңгімелесушінің тыңдай білу іскерлігін дамыту.Сонымен қатар маңызды жұмыстардың бірі тренингке қатысушылардың жеке тәжірибесінде қиындыққа душар болған жағдайларды талқылау.Ең бастысы тренингке қатысушыларға жұмыс барысында өздеріне не кедергі жасайтыны, не көмектесетіні жөнінде ой туғызуға итермелеу.Тренингке қатысушыларға өзін де тәрбиеленушілерді де басқа қырынан тани білуге болатын практикалық жаттығулар бүкіл тренинг барысында жүргізіледі.Уақыттың келесі бөлігі» эмоциялық күймен жұмысқа» арналады.Бұл баланы қалтқысыз қабылдауға мүмкіндік береді.Баланың дамуы мен ішкі сезімінің күйі топта жұмыс істейтін тәрбиешілерге тікелей байланысты болады. 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жабық типті мекемелереге қандай мекеме түрлері жатады?

2. Кәсіби деформация дегенді қалай түсінесің?

3.Жабық типті мекемелерде жүргізілетін психологиялық көмек түрлері



Қолданған әдебиеттер

1.Е.К.Лютова, Г. Б. Монина Тренинг общения с ребенком. СП(б).: «речь», 2002.

2.Мухина В.С .Лишенные родительского попечительства. М:Прос.,1991

3.Лиханов А.А. Дети без родителей: Книга для учителя.М.Прос.,1997

4.Детская практическая  психология. Под  редакцией проф. Т.Д. Марцинковской.   Москва:Гардарики,2003

5.Психическое развитие воспитанников  детского дома.Под ред.И.В Дубровиной, А.Г.Рузской.Москва,1990

12 дәріс



Дәрістің тақырыбы: Ата - аналармен жүргізілетін тренинг жаттығулары

Мақсаты: Мектеп қызметінде ата-аналармен жүргізілетін тренинг жұмыстарының ерекшеліктері, мақсат міндеттеріме таныстыру.

  • Ата-аналармен жүргізілетін тренинг түрлері

  • Жаттығу түрлері

  • Ата-анамен тиімді байланыс орнату жолдары

«Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?» әдістемесі.

Мақсаты:отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.

Орындау ережесі.Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз.Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз.Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

Жауап варианттар мына төменгі әріптермен белгілейді:

«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А-З балл

«Иә,бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл

«Жоқ,бұлай істей алмаймын» Б-1 балл

Тапсырмалар

Сіз:


1.Кез- келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

2.Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

3.Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?

4.Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?

5.Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба,салқынқандық сақтай білесіз бе?

6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

7.Еш болмаса 1минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?

8.Балаңызды жаралайтындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

9.Жақсы қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?

10.Балаңыз ойына келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп,тірлігіне ешқандай араласпайтын бір күн бере аласыз ба?

11.Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса,негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

12.Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?



Бағалау шкаласы

1. «А» жауапқа -3 балл

2. «Б» жауапқа - 2 балл

3. «В» жауапқа -1 балл

Нәтижесін талдау.

30-39 балл жинасаңыз,бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам.Сіз оны тек түсініп қана қоймай,оған құрметпен қарайсыз.Сіз тәрбиеде прогрессивті принциптерді қолданасыз.Жақсы нәтижелерге қол жеткізуіңізге ешқандай күмәндануға себеп жоқ.

16-30 балл жиналса,балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірініші маңызды жұмыс,сіздің қамқорлығыңыз гиперқамқоршылықпен ұштасып тұр.

Диагностикалық кезеңде осы кітаптың 6-шы тарауында берілген және екінші,үшінші кітаптардағы әдістемелерді кеңінен пайдалануға болады.

Диагностикалық кезеңнен кейін тренинг басталады.Оның негізгі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесуі болып табылады,сол себепті де оның басты мақсаты-ата-ана мен баланың серіктестік қарым-қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту болып табылады.Бағдарлануда Т.Гордонның,К.Роджерстің,Я.Адлердің,Р.Дрейкустің,Е.В.Сидоренконның,Е.И.Лебедеваның,Г.И.Исуртнканың т.б.психологтар ұсынған жаттығуларды кеңінен қолданылады.

Тренингтің міндеттері:



    1. өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

    2. баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

    3. баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

    4. отбасындағы коммуникацияны белсендіру;

Көп жағдайда тренинг бағдарламасы мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп балаларына қолайлы.Осында сипатталған нұсқа ата-ана және балалар мен 12сабақты болжайды;аптасына 2 рет 2-3 сағаттан,яғни курс ұзақтылығы 1,5-2 ай.

Тренингті танысу жаттығуларынан бастаған дұрыс.Оның варианттары топтағылардың ерекшеліктеріне байланыста анықтап алу керек.Бұл жерде оның тағы бір вариантын ұсынамыз.



Танысу

1.Психолог қатысушыларды тренинг мақсаттары және міндеттерімен топтастырады.Жұмыстың тәртібі және шарттары ойластырылады,топтық жұмыстың ережелері ендіріледі.Психолог коррекция барысы қандай формада жүргізілетіні және қандай негізгі тақырыптарға негізделінетіні жайлы айтады.Сонымен қатар,қатысушыға балалармен қатынас пен өзара әрекет ерекшеліктерінің құралу философиясын түсіндіреді:бала тұлғасын қолдау және онымен қызметтестік қатынаста болуға ұмтылу.

2.Танысу барысы:қатысушылар өзін таныстырып өтеді және болашақ жұмыс істеудегі өз қауіптенулері мен үміттенулерін белгілейді.Топтағы жұмысты жеңілдету үшін бейдж қолдану ыңғайлы,әр қатысушы оған өз есімін,немесе ойдан шығарылған есімін жазып қояды.

3.Психогимнастикалық жаттығу:барлық қатысушылар шеңбер бойынша тұрып өз аттарын атап өтеді,сонан соң олар қандай да бір қасиеттері бойынша орнын ауыстырып тұрады,мысалы,шашының түсіне қарай немесе бойына қарай.Қатысушылардың әрқайсысы өзінен бастап солға қарай барлық қатысушылардың атын атап,оларға бір жылы сөз айтуы керек.

4.Психолог қатысушыларға өз-өзін және түсіне білу өте маңызды екенін айтып,ата-аналарға бірнеше сұрақтарға жауап беруді ұсынады.Ата-аналарды тренинг барысында күнделік жүргізу керек екендігіне назар аударады,психолог күнделік туралы ерекше айтып өтуі жөн.Күнделіктердің жүргізілу ерекшеліктері мен үй тапсырмасын орындаудың маңыздылығы жайлы нақтылап айтып өту қажет.Үй тапсырмасын келесі күнге коррекция барысындағы талқылау жүргізілетіні жайлы ескертіп қою қажет.

1. «Мен кіммін?»

Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады.Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі.Жетекші: «1саннан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз.Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар.Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз.Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп,өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз,ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз.Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап,топтағылардың барлығы еститіндей етіп,оқып беруіне болады.Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.



2. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.

Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады.

Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз,түрлі-түсті газеттер,журналдар,ашық хаттар,жарнамалық қағаздар,ескі кітаптар.Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды,бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады.Жеткіншек өзін жалғызбын деп сезінуі мүмкін.Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді.Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп,оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылуы қажет.

Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарымен топтағыларды таныстырып,оның мазмұнын әңгімелеп береді.

Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбына жаттығу барысында топтық қатынас барысында шек тастап құрылған отбасы мүшелері бірігі отырып коллаж жасайды.

Отбасын құру үшін кім отағасы болатыны туралы жазылған қағаздарды ширатып бір ыдысқа,ол отбасындағы аналық рөлін атқаратындарға арналған шектер екінші ыдысқа,балаларының рөлін бөлу жребийлері үшінші ыдысқа салынады.Қатысушылар өз рөлдеріне сай ыдыстан алған қағаздарына «Ормановтар», «Жыл құстары» т.с.с. отбасының белгілері бойынша бір-бірін тауып алып,осы кездесудің аяғына дейін олар бір отбасының мүшелері ретінде өз қызметтерін атқарады.



3. «Отбасы мүсіні» жаттығуы.

Жаттығуды орындау үшін отбасында кездесетін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау керек.Ол үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлмеде жүргізілген ойынды қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады.Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды.Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап,бөлмеге орналастырады.Идеал ретінде мүсінші өзінің рөліндегі басқа адамды да таңдайды.Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса,мүсінші өз рөлін өзі ойнайды.Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды.Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты.Бұл кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыруды ұсынады.Мүсінші барлық қатысушыларды сол ретпен отырғызады.

4. «Отбасы оқиғалары» жаттығуы.

Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.

Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де,екі отбасылық естеліктің суретін салады-бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын жағдайлары бейнеленеді.Сурет салып болғаннан кейін әр қатысушы топқа өз суретін көрсетіп,онда салынған оқиғаны түсіндіріп береді.

5. «Отбасын ойнайық» жаттығуы.

Топ «отбасыларға» бөлінеді.Кіші топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады.Қатысушылар міндет- «отбасы» құрамын,отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін,отбасылық рөлдерді анықтайды.Әр қатысушы немен айналысатынын,қайда қызмет атқаратынын,қандай киім киеді,таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізетінін,отбасы міндеттерін қалай бөлетіні,қарым-қатынастары қандай екені,отбасының мәселелерін бір-бірінің пікірімен санаса отырып шешетіні,немесе отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді.Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап,девизін құрастырады,сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады.Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазылып және суреттер түрінде тіркеледі.Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке дара немесе жалпы орындалатыны туралы әр кіші топтың өзі шешеді.

Егер топқа консультанттан басқа тағы да бір психолог болса,онда олар әртүрлі «отбасы» мүшелері болып тарайды.Олар кіші балалардың рөлдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өзбетінше әрекет етіп,психологқа онша алаңдамастан өз мәселелерін өзбетімен және шығармашылықпен орындауға тырысады.

Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір кіші топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады,содан соң «отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.

Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы,толық емес отбасы,отбасында балалар бар ма.Қатысушылардың басым көпшілігі жеткіншектер болса,әдетте,отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды.Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай болады.Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар,қатынастары жақсы,бір-бірімен ұрыспайды.Жеткіншектердің отбасылық проблемалары туралы түсініктері таяз болғандықтан оларға,жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады,тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі.Мысалы,ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады,келесі жылы көреді.Ал науқастану,алкоголизм,кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.

Жаттығуды орындап болғаннан кейін,бірден келесі ойынды жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір ұзақ уақыт ішінде «өмір сүрді».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет