Өзін-өзі тексеру сұрақтары?
1. Менеджмент психологиясының Еуропа еліндегі негізін салушы?
2.Менеджменттің 14 принципін енгізген кім?
3. Жапония елінің басшылары неге көп көңіл бөледі?
4. «Еа» деген қандай мағына береді?
5. Ресейде басқару психологиясы қай жылы ғылым ретінде таныла бастады?
№3 дәріс
Тақырып: Психологиялық менеджменттің негізгі заңдары.
Мазмұны:
1. Анықсыздық заңдылығы.
2. Өзара қабылдаудағы қалыпсыздық заңдылығы.
3. Мәліметтің бұрмалану заңдылығы.
4. Компенсация заңдылығы.
Мақсаты: Басқару психологиясындағы негізгі заңдылық түрлерімен таныстыру және күнделікті өмірде есепке ала жүруге дағдыландыру.
1. Басқару психологиясы практикалық псхологиясының негізгі аймағы ретінде басқарушылық әрекеттің заңдарын оқытады. Психологиясының заңдары адамдық әрекеттің, тұлғааралық қатынаста топтық мінез–құлықта көрініп отырады. Басқару психологиясының негізгі заңдары.
Анықсыздық заңдылығы
Қалыпсыздық заңдылығы
Мәліметтің бұрмалану заңдылығы
Өзін-өзі сақтау заңдылығы
Компенсация заңдылығы
Анықсыздық заңдылығы сыртқы әрекеттердің ішкі психологиялық жағдайларға тәуелділігінен көрінеді. Ол психологиялық құбылыстардың
негізінде-апперцепция мен стериотипті сана жағдайына негізделген. Апперцепция субъектінің өткен тәжірибені қабылдауға тәуелділігі. Сана стериотипі – ол қалыптасып қалған пікір, баға, ұғымдар қоршаған әрекеттерге әсер етіп отырады. Бұл заңдылық бойынша әртүрлі адамдар, әртүрлі уақытта бір әрекетке бірыңай баға береді. Мысалы басшы бұйрық береді де оның орындалуына үміттенеді. Егер берілген тапсырма қате немесе орындалмаған болса, жетекші бағынушылардан себебін талап етеді, сол уақытта ситуацияны талдайды. Бұл жағдайда ек жақтада апперцепция мен саналылық стереотиптердің салдарынан қарама-қарсы көзқараста болады. Жетекші жұмысшысын жалқау деп есептеуі мүмкін. Ал бағынушы өзінің қылығына сан мыңдаған себептер тауып, өзін ақтап алады. Жетекші де бағынушы да қателік жібереді. Біріншісі – бағынушымен өзара әрекеттің қолайсыз әдісін таңдаған, екіншісі – қате қорғаныс әдістерін таңдағандықтан.
2. Қалыпсыздық заңдылығы - өзара қабылдауда адам өзге адам орнына шешім қабылдау үшін сол адамның деңгейінде толығу қажет. Біздің қабылдаушымыз ешуақытта толық қалыпты, анық және толық болмайды.
Қалыпсыздық заңдылығын есепке ала отырып, жетекші адамдарға ықпал етудің мына принциптерін қолдануы тиімді.
а) ерекше таланттылық принципі. Ол басқарушылық көзқарасты мына девиз бойынша «қабілетсіз адамдар болмайды, өз ісімен айналыса алмай жүрген адамдар кездеседі. »
б) даму принциптері бойынша қабілеттердің даму мүмкіндігі бар.
в) жоғалмау принципі бірде – бір баға соңғы нәтижелі баға болып саналмайды.
Бағаның қалыпсыздық заңдылығы. Бұл заңның мәні адам өзіне - өзі баға беру кезеңінде өзгелерге баға берген кезіндегідей ішкі кедергілерге кездеседі. Көп жағдайда өздік баға адекватты болады. Ол бірде тым жоғары, бірде төмен болады. Адам – логикалық ақыл- ой, шындық өмір бейнесі ғана емес, кейде ақылсыз тірщілік иесі сондықтан да адам өзі ұғына бермесе де ішкі қозғаушы процестердің салдарынан қателесуге алып келеді.
3. Мәліметтің бұрмалану заңы.Кейде бұл заңды басқарушылық мәліметтің мәнәнің жоғалуы деп те атайды. Оның мәні басқарушылық «жоғарыдан төмен» қарай қозғалысында өзгеріске енуінде. Мәліметтің мәнінің жоғалуының бірі тіл. Қаншама қатал нақты тіл арқылы ұғынылса да әруақытта да бір мәлімет түрліше талқыланады. Ауызша мәліметтің 50% -ғана нақты қабылданады. Егер мәлімет толықсыз болса, егер оған қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда бағынушылардан алынған мәлімет қанағаттандырмайды да әр адам өзінше толықтырып өзінеше талқылайды. Сонымен қатар мәлімет алушы да, беруші де бір-бірімен білімі, интелектуалдық дамуы және физиологиялық, психологиялық жағдайы әртүрлі болып келеді.
Берілген мәлімет бұрмаланбауы үшін басқару психологиясы мамандары мына ережелерді ұсынады:
1)мәліметті тарату процесіндегі қатысушылар буынын қысқарту.
2) өз уақытында жұмысшыларды өздері шешетін міндеттерді толық хабарлап отыру.
3) алынған мәліметтің дұрыс меңгерілгендігін қадағалап отыру үшін кері байланысты орнату.
4. Өзін-өзі сақтау заңдылығы.Адамның мінез-құлқын айқындайтын негізгі мотивтердің бірі тұлғалық нәтижесін сақтау. Адамның тұлғалық ерекшелігін кемсіту кері реакция тудырады. Сондықтан да әрбір жетекші өз қызметшілеріне сын айтқан кезде оның тұлғалық ерекшелігіне сызат түсірмейтіндей етіп жеткізу керек.
5. Компесация заңдылығы жалпы алғанда адам өмірлік әрекеттің белгілі бір саласында қиындық, проблема, жетімсіздік көрсе, өзге аймақта бар күшін салып саналы да, санасызда әрекет етеді. Басқару психологиясында ол белгілі бір жұмыста жоғары деңгейде нышан білдіріп немесе жоғары талаптар қойып жетіспеушілікті өзге қабіліттермен өзге дағды икемдіктермен толықтырып отырады.
Егер бұл санасыз болатын болса қажетті тәжірибе қате және жасап көру әдісі арқылы қалыптасады. Егер компенсация саналы түрде қалыптасса оның нәтежиелілігі ұлғайады. Мысалы есте сақтау нашар дамыса оны ; еңбекті ұтымды ұйымдастыру мен мәліметті өңдеу жүйесін қолдану, кітаптарға тізіп отыру, диктофон, күнделік арқылы жаттықтырылып, орнын толықтырып отыруға болады.
Басқарушының әрекетінің нәтежиелілігі ұжымның психологиялық әлеуметтік процестерді құрастыра білу заңдылықтарын қолданып, адамдарға жекелей ықпал ету арқылы ұтымды басқару, еңбек өнімділігін жоғарылату.
Достарыңызбен бөлісу: |