А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырып Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Дәрістің мазмұны



бет92/145
Дата06.02.2022
өлшемі2,29 Mb.
#38052
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   145
Тақырып Қазақстандағы психология ғылымның дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
Дәрістің мазмұны

  1. Қазақстандағы психология ғылымының даму деңгейі.

  2. Қазақстандағы ЖОО‑дағы психология кафедрасының қалануы.

Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканыңкейбір облыс орталықтарында Ресей, Украйна т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткен. Психология ғылымының өкілдері ҚазПИ-де профессор психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада – украин психологы, академик Г.С.Костюк, Қостанайда профессор В.Я.Резник т.б. жұмыс істеді. Республикада психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдарда қарқынды дамыды. Мысалы, 1947 жылы ҚазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. Психолог кадрларды даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. Осыкезде ҚазПИ мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.
Республикада психология саласында алғаш диссертация қорғаған ұлт кадрлары – Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. 1952 жылы Қазақ университетінің ғылыми кеңесінде Е.Суфиев «Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы» атты тақырыпта диссертация қорғады. Ол еңбегінде И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негізделген, оқушылардың кейбір психикалық функцияларын (қабылдау, зейін, ойлау) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныстар береді.
Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы орайлас басқа да диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер жарық көрді. Қазақтың Абай атындағы пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттей бастады. Мысалы, «Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері» (В.В.Ставкин), «Жұмбақты шешудің психологиясы»(Қ.Нұрғалиев), «Айтыс өнері мен мақал-мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшелігінің көрінісі»(М.Мұқанов) зерттелді. Кейін жазылған еңбектер қатарына Ш.Бәймішеваның «Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары», М.Мұқановтың «Қабылдау мен есті микроструктуралық талдау», Б.Есенғазиеваның «Силлогизм және ойды психологиялық талдау», Қ.Шернияздаеваның «Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері» т.б. зерттеулерді жатқызуға болады. Психологияның жекелеген салалары бойынша бірнеше монографиялар жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқанов «Педагогика психология очерктері» мен «Ақыл-ой өрісі»,Н.Нажділдиннің «Ұлттық психологияның табиғаты», Ө.Жөкебаевтің «Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері», Ғ.Досболовтың «Алдын-ала тергеудің психологиясы», Н.Фелифоровтың «Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері», В.Яковлевтің «Діндардың жан дүниесі», Ә.Алдамұратовтың «Қызықты психология», Р.И.Илешованың «Медициналық психология» т.б. Осы жылдары профессор Қ.Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет етті. Оның қаламынан 1960-1990 жылдар арасында «Психология» (1962), «Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі туралы» (1968), «Әл-Фараби» (1978), «Аталар сөзі – ақылдың көзі» (1980), «Ұстаздық еткен жалықпас» (1987), «Ақылдың кені» (1991) т.б. Соңғы жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төлтума еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына В.Чистовтың «Әбу Насыр әл-Фарабидің психологиялық мұрасы» (М;1989), К.Шәймерденованың «Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары» (А; 1991), К.Ыбыраеваның «Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзқарастары» ( А; 1991), А.Ақажанованың «Қазақстанда жас және педагогикалық психологияның дамып, қалыптасу» атты диссертацияларын жатқызуға болады. Қазірде Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың тәлім-тәрбиелік мұралары зерттелуде, бұлардың психологиялық көзқарастары жайлы бірнеше еңбектер жарияланды. 1988 жылдан бастап тән.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет