Гераклит – (б.з.д. 544‑483ж.ж.) «Жанды» (психиканы) космостың ұшқындары ретінде елестетті және оны «мәңгі тірі от» деп айтты. Адамды қоршағанның бәрі өзгермелі. Жан мен космос үшін – тән заңдылық болып табылады. Өйткені ол атомдардың бір‑бірімен соқтығысуынан пайда болады. Оның тағы ір ілімі «өзіңді‑өзің таны!». Оның ойынша өзін‑өзі тану ЛОГОСТЫҢ заңы бойынша жүзеге асады. Айналамыздағы түрлі құбылыстар бір‑біріне ауысып отырады және жаннан бөлек шағын әлем –микрокосм, макросомға – яғни барлық әлем тәртібіне бағынады. «Өзіңе жету» ‑ заңға тереңдей түсу (логос), бұл адам өміріне динамикалық гармония береді деген.