Сократ – (б.з.д. 469‑399ж.ж.) әйгілі философ. Ол адамдардың табиғатын түсіну үшін оны «сырттан» және «іштен» де іздеу керек деген. Яғни тек сыртқы фактор мен заңдылықтарға ғана емес, адамның өз ішкі әлеміне, наным‑сеніміне, құндылықтарына, әрекет ету біліктеріне бағытталуымыз керек.
Сократ сөзі «Өзіңді таба біл!». Адам табиғатын тану үшін біз адамдардың «ішкі дауысын» яғни «даймонионын» естуіміз керек. Ол бізді шындыққа апарады. Осыдан Сократты бірінші психотерапевт деп атаған. Оның жұмысының басты әдісі мен құралы – сөз болған. Сократтық әдіс – ауызша қарым‑қатынас жасау және оны талдай білудің шеберлігін көрсетті. Оның нәтижесінде адамдар өз ішкі дүниесін, ондағы жайттарды ашып айта алуына мүмкіндік алған. Осы типтегі диалогты ‑ Сократтық әдіс деп атап кеткен.