Тақырып ХҮІІІ ғ. психологияның дамуы.
Мақсаты: ХҮІІІ ғ. психологияның дамуы жөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны Англиядағы ассоциативтік психология Д.Гартли.
Э.Кондильяктің, Д.Дидроның психологиялық көзқарастары.
К.А.Гельвецийдің психологиялық көзқарастары.
ХҮІІІ ғасыр өткен дәуірдегі сияқты Батыс Европада капиталисттік қатынастардың тұрақтануы одан әрі жалғасын тауып жатты. Индустриялық ревалюция Англияны күшті державаға айналдырды. Ал терең саяси-экономикалық өзгерістер Францияда революция тудырады. Германиядағы феодалдық қатынастар кең етек ала бастайды. Ағарту деп аталған қозғалыс тұрақтанып, кеңінен жайыла бастады. Ағарту дәуірінің неғұрлым жақын идеялары француздық тұрғыда терең бойлаған болатын. Ал Англияда ағарту идеясының таратылуы идеолог Дж.Локктың есімімен байланысты.
Д.Гартли ассоцианизмнің негізін қалаушы. Д.Гартли (1705-1757). Д.Гартли ХХ ғасырдың басына дейін даминанталық психологиялық бағыт ретінде болған ассоциациялық психологияның негізін салушы. Алдымен діни, кейін медециналық білім алған Гертли тек адамның жаның түсіндіріп қана қоймай, оның мінез құлқын басқаруға мүмкіндік беретін теорияны құруға ұмтылды. Ассоциация ұғымын ғылымға Аристотель, ал терминді ағылшын философы Дж.Локк енгізгенімен, психикалық өмірдің әмбебап механизмі ретіндегі ассоциацияға діни тұрғыны ең алғаш Гартли қалыптастырған. Гартли өзінің теориясының негізіне Локктың ілімінің тәжірибелі сипаты туралы, сонымен қатар Ньютонның механика принциптері идеясын алған. Адам ағзасын, оның жұмысының принципін, сонымен қатар жүйке жүйесінің жұмысын механика заңдарымен сәйкес түсіндіру ХҮІІІ ғасыр психологиясының сипатты белгісі еді.Адамның мінез-құлқын физикалық принциптерден шыға отырып түсіндіруге ұмтылған Гартлиде бұл тұрғыдан асып кетпеді. Гартли «Размышления о человеке, его сроении, его долге и упованиях» кітабында өзінің ассоциациялық теориясын негіздеген.
Гартлидің ассоцияция туралы ілімі вибрациялар туралы ілімге негізделеді. Сыртқы жағдайдағы вибрациялар сезім органдарында, бұлшықеттерде және мида сәйкесінше вибрациялар туғызады деп санаған. Адамның психикасының құрылымын талдай келе, ондағы екі шеңберді – үлкен және кіші бойға көрсеткен.
Үлкен шеңбер мидан бұлшықеттерге кейін сезім органдарына өтеді, ол адамның мінез-құлқын айқындайтын рефлекторлық доға болып табылады. Гертли өзінің рефлекс туралы теориясын құрады және адамның белсенділігін механика заңдарына сүйене отырып түсіндіреді. Гартлидің пікірі бойынша, сезім органдарының вибрациясын тудыратын сыртқы әсерлер рефлексті іске қосады. Сезім органдарының вибрациясы сәйкесінше ми бөлігінде вибрацияны тудырады, ал ол өз кезегінде бұлшықеттердің жұмысын стимулдайды, олардың жиырылуын және дененің қозғалысын тудырады.
Егер үлкен шеңбер мінез-құлықты реттесе, мидың ақ затында орналасқан вибрацияның кіші шеңбері психикалық өмірдің тану және оқу процесінің негізі болып табылады. Оның ойынша үлкен шеңбердегі ми бөліктерінің вибрациясы ақ заттағы жауапты вибрацияны тудырады. Үлкен шеңберде жоғалған вибрация кіші шеңберде ізін қалдырады. Оның ойынша бұл іздер адамның есте сақтауының негізі болып табылады. Олар із қалдырған құбылыстың күші мен маңыздылығына байланысты күшті немесе әлсіз болуы мүмкін.
Психиканы зерттей отырып, Гартли ол бірнеше элементтен, түсініктерден, көріністерден және сезімдерден тұрады деген тұжырымға келген.
Психиканың қалыптасуы өмір бойы жүретіні туралы тұжырымдай отырып, Гартли баланың психикалық даму процесіне әсер ету, тәрбиелеу мүмкіндігі шексіз деп санаған. Оның болашағы қоршаған адамдардың оған ассоциация үшін қандай материал беретініне байланысты, сондықтан баланың қандай болып өсетіні, ол қалай ойлайтыны тек ересектерге байланысты. Гартли педагогтар үшін өзінің оқытушы әдістерінде психикалық өмірдің заңдылықтарын қолдана білу қажеттілігі туралы айтқан алғашқы психологтардың бірі болды. Сонымен қатар жағымды сезімдермен бекілітген рефлекс тұрақты, ал жағымсыз сезім рефлексті ұмытуға көмектесетінің дәлеледеген. Сондықтан мінез-құлықтың әлеуметтік қабылданған нормаларын құру мүмкін, идеалды құқықты адамды қалыптастыру мүмкін – егер уақытында керекті рефлекстерді бекітсе немесе жағымсыздарын жойса. Осылай идеалды адам теориясы ХҮІІІ ғасырда пайда болды.
Гартлидің көзқарастары психиканың дамуына үлкен ықпал жасады. Ассоцианизм теориясы шамамен екіжүзжылдыққа дейін болды және бірнеше қайтара сынға түссе де, Гартли құрған оның негізгі пастулаттары психиканың әрі қарай дамуына әсер еткендігі туралы айтса да жеткілікті. Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты туралы пікірі тәрбиелеу мүмкіндіктері мен бұл процессті басқару қажеттілігіне оның діни көзқарастары, ХХ ғ-да рефлегсологтар мен бихевиористердің негіздеген тұрғылары мен сәйкестігі де өте мәнді болды.
ХҮІІІғ. өткен дәуірдегі сияқты Батыс Европада капиталисттік қатынастардың тұрақтануы одан әрі жалғасын тауып жатты. Индустриялық революция Англияны күшті державаға айналдырды. Ал терең саяси‑ экономикалық өзгерістер Францияда революция тудырады. Германиядағы феодалдық қатынастар кең етек ала бастайды. Ағарту деп аталған қозғалыс тұрақтанып, кеңінен жайыла бастады. Ағарту дәуірінің неғұрлым жарқын идеялары француздық тұрғыда терең бойлаған болатын. Ал Англияда ағарту идеясының таратылуы идеолог Дж.Локктың есімімен байланысты.