А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Тақырып: Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметі



бет11/12
Дата05.11.2016
өлшемі1,91 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тақырып: Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметі.

Семинар сабақтың мазмұны:

  1. Н.И.Пирогов бойынша жалпыадамзаттық тәрбиесінің мәні

  2. Н.И.Пирогов бойынша халықтық тәрбие жүйесі

  3. Мұғалім үшін оқытудың ережелері

  4. Тәрбиенің мәні, мақсаты және принциптері туралы түсінік

Әдебиеттер:

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984.

Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. Сост. А.И.Пискунов. М., 1981.

Хрестоматия по истории школы и педагогики в России. Сост.С.Ф.Егоров. М., 1986 г.

9 семинар сабақтың

Тақырып: К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі мен мұрасы

Семинар сабақтың мазмұны:


  1. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық қызметі

  2. К.Д.Ушинский жеке тұлғаны қалыптастыру факторы ретінде еңбек тәрбиелік мәні туралы

  3. Оқытудың дидактикалық негіздері

  4. К.Д.Ушинский мұғалім және оның дайындығы жөнінде.

Әдебиеттер:

История педагогики и образования. Под.ред. А.И. Пискунова. М., 2001.

Константинов Н.А., Медынский Е.Н., Шабаева М.Ф. История педагогики. М., 1982.

Қалиев С. ХҮ-ХІХ ғасырлар ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы, 1990 .

Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. Сост. А.И.Пискунов. М., 1981.

Хрестоматия по истории школы и педагогики в России. Сост.С.Ф.Егоров. М., 1986 г.

10 семинар сабақтың

Тақырып: Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарастары

Семинар сабақтың мазмұны:


  1. Л.Н.Толстойдың халыққа білім беруге, тәрбие мен мектепке көзқарасы.

  2. «Ясная поляна» мектебінің ерекшеліктері

  3. Л.Н.Толстойдың бастауыш оқыту және халық мектебі теориясын дамытудағы педагогикалық еңбектерінің маңызы

Әдебиеттер:

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984.

Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. Сост. А.И.Пискунов. М., 1981.

Хрестоматия по истории школы и педагогики в России. Сост.С.Ф.Егоров. М., 1986 г.

11 семинар

Тақырып: Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика (1946-1958 жж).

Семинар сабақтың мазмұны:


  1. 1946-1950 жылдардағы мектеп және педагогика

  2. 1956-1970 жылдардағы кеңес мектебі мен педагогиканың дамуы

  3. Дамыған социализм дәуіріндегі педагогика және мектеп

  4. Социалистік елдердегі мектеп және оқу-ағарту ісі

Әдебиеттер:

Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984.

Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. Сост. А.И.Пискунов. М., 1981.

Хрестоматия по истории школы и педагогики в России. Сост.С.Ф.Егоров. М., 1986 г.

12 семинар

Тақырып: Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (VI-XV ғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер.

Семинар сабақтың мазмұны:


  1. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы.

  2. Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орданы құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен қайнар көзі.

  3. Қазақ халық педагогикасы.

Әдебиеттер:

Константинов Н.А., Медынский Е.Н., Шабаева М.Ф. История педагогики. М., 1982.

Қалиев С. ХҮ-ХІХ ғасырлар ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы, 1990 .

Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. Сост. А.И.Пискунов. М., 1981.

Хрестоматия по истории школы и педагогики в России. Сост.С.Ф.Егоров. М., 1986 г.

13 семинар



Тақырып: Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі

Семинар сабақтың мазмұны:

  1. Ы.Алтынсариннің демократиялық ойларының қалыптасу негіздері

  2. Оқытудың дидактикалық негіздері. Мектеп білімінің мазмұны

  3. Ы.Алтынсарин мұғалім және оның дайындығы туралы

  4. Қазақ халқының ұлы педагогының педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі

Әдебиеттер:

История педагогики и образования. Под.ред. А.И. Пискунова. М., 2001.

Константинов Н.А., Медынский Е.Н., Шабаева М.Ф. История педагогики. М., 1982.

Қалиев С. ХҮ-ХІХ ғасырлар ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы, 1990 .

Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. Сост. А.И.Пискунов. М., 1981.

Хрестоматия по истории школы и педагогики в России. Сост.С.Ф.Егоров. М., 1986 г.

14 семинар

Тақырып: ХХ ғасырдың басындағы мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуы

Семинар сабақтың мазмұны:


  1. Шәкәрім Құдайбердиевтің өлеңдеріндегі ағартушылық идеялары

  2. Ғұмар Қараштьың педагогикалық көзқарастары

  3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары

  4. Нұғыман Манаевтың педагогикалық көзқарастары

Әдебиеттер:

История педагогики и образования. Под.ред. А.И. Пискунова. М., 2001.

Константинов Н.А., Медынский Е.Н., Шабаева М.Ф. История педагогики. М., 1982.

Қалиев С. ХҮ-ХІХ ғасырлар ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ой-пікірлер. Алматы, 1990 .

Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. Сост. А.И.Пискунов. М., 1981.

Хрестоматия по истории школы и педагогики в России. Сост.С.Ф.Егоров. М., 1986 г.

15 семинар

Тақырып: Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика.

(1992 жылдан қазіргі күнге дейін)

Семинар сабақтың мазмұны:


  1. Бастауыш, орта және жоғары мектептің даму тенденциялары.

  2. Қазіргі оқу-тәрбие орындары.

  3. ҚР Конституциясының білім беру жөніндегі аспектілері. ҚР білім Заңы, ҚР-ның Жоғары білім беру Заңы, білім берудің мемлекеттік стандарттары.

  4. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және оларды топтау. Тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары.

Әдебиеттер:

Хрестоматия по истории зарубежной педагогики. Сост. А.И.Пискунов. М., 1981.

Хрестоматия по истории школы и педагогики в России. Сост.С.Ф.Егоров. М., 1986 г.

7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау.

Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.

1:Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.

2.“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады. Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

3. Аквариум әдісі: “Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

4.Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.

5.Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және өнімді формасы. Негізі – баланың өзі араласатын оқыту процесіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру - баланың санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді және «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігі – әдіс қарапайым өмірілік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – оқытудағы ең басты тәсіл.

Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін әңгімелесу әдісінің негізінде жатыр.

6.Дебат. Оқушылардың сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дәйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін және идеясын көрсету.

7.Еркін микрофон. Бұл әдісті сыныптан тыс уақытта қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мәселе бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл оқушыларға даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бқл форманың уақыты аса шектелген. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт - әкімшіліктен оқытушылардың, жетекшілердің, кураторлардың қатысуы.

8.Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:


  1. Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.

  2. Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.

  3. Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

  4. Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

  5. Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

  6. Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

9.Ашық ойлар минутасы. Алдын ала проблема жарияланады. Оқушылар берліген мәселе бойынша өз дәйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.

10.Жобалау әдісі оны немесе проблмалар әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже. Жобалау әдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін балаларды мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу және шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нәтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау әдісі әрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.

Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.

Жобалау әдісін қолдануға қойылатын талаптар:



  1. Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мәнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша әр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..

  2. Мүмкін болатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (мысалы, газета, альмана шығару)

  3. Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.

  4. Жобаның мазмұндық бөлімін құру.

  5. Зерттеу әдістерін қолдану.

Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад және т.б.)

Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері және ақпаратты өңдеу – нәтиже – презентация

Жобалауды құру:


  1. Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.

  2. Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу әдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.

  3. Студенттердің өз бетімен жұмысы.

  4. Әрдайым зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.

  5. Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.

  6. Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар.

Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:

  • проблеманың мәнділігі және өзектілігі;

  • қолданылатын зерттеу және мәліметтерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;

  • жобаға әрбір қатысушының белсенділігі;

  • қабылданған шешімдердің ұжымдық сипаты;

  • жобаға қатысушылардың қарым-қатынас және өзара көмекке келу сипаты;

  • проблеманы зерттеудің тереңдігі және жан-жақтылығы;

  • шешімдердің дәлелділігі және дәйектілігі, қорытындылар;

  • орындалған жобаның нәтижесін рәсімдеу эстетикасы;

  • оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы және дәйектілігі.

11.Эвристикалық әңгіме Сократ заманынан келе жаткан әдіс.

Эвристика грек тілінде «таптым» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс оқыту саласына ежелгі гректердің сократтық әңгіме үлгісінен енген. Эвристикалық әңгіменің психологиялық табигатына тоқталсақ, аталмыш әдіс мәселенің жауабын ұжымдық іздеу, талқыга кеп саяды. Сондықтан да бұл әдіс педагогикада проблемалық оқыту деп аталып жүр. Эвристикалық әңгіме тақырыптың 6ip элементін қазық етсе, проблемалық окыту әдісі тұтас 6ip проблемалық ситуацияларын жекелей арқау етеді. Бұл әрине айырықша айырмашылық емес. Психологиядағы эвристикалық әңгіме әдісі бойынша да ой өрбіту арқылы да тұтас 6ip ауқымды тақырып шегіне дейін баруға болады.

12.Дискуссия ішкі белсенділікті арттыру арқылы, оқыту әдістерінің 6ipi ретінде тек соңғы жылдары ғана қолданысқа енген еді

Дискуссия - әңгіме барысында туындаған әр алуан пікірлердің қаркынды таласын тудыратын тілдік әрекеттің диалогты сипаты. Дискуссия- пікірді жай баяндау емес, өз пікіріңді түрлі дәлелдермен, көрсеткіштермен дәлелдеу, қорғау. Л.С.Выготский көрсеткендей, дискуссия- пікірлер қақтығысы, 6ip мәселенің бірнеше дұрыс жауаптарын немесе керісінше, сұрыптайтын, саралайтын тиімді тәсіл.



13.Дөңгелек үстел әдісі педагогика ғылымында саяси және ғылыми саладан ауыскан. Дөңгелек үстел әр түрлі саяси немесе ғылыми бағыттарды сараптау үшін жіргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бip арнаға тоғысуын қамтамасыз етуүшін жүзеге асырылады.Дөңгелек үстел әдісі белгілі бір теориялық тақырыпты әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастыру жолымен меңгерту мақсатында әр түрлі мамандық иелерінің қатысуымен жүргізіледі.

Дөңгелек үстел әдісі өзге де сипатта қолданылады. Мысалы, студенттердің оку-ғылыми конференциясында студент-психолог, студент-педагог, студент- әлеуметтанушыларының кездесуі ретінде дөңгелек үстел ұйымдастыруға болады. Бастысы психологиямен қатар өзге ғылыми салаларда кеңінен талдауға болатын негізгі тақырыпты белгілеу. Дөңгелек үстелде әркім өзінің алдын-ала оқып дайындағанын баяндап қана қоймай, тақырыптың өзектілігін, қоғам қажеттілігін қамтуға керек, тандалған тақырыпты катысушылар өздерінің зерттеу тұрғысынан аса білулері қажет. Дөңгелек үстелде әркім өзін толғандырған тақырып бойынша өз білгендерін өзгелердің танымын толықтырып, бір көзқараста ымыраға келуі керек. Егер әр қатысушы өз тұжырымын ғана баяндаумен шектелсе, консенсус туындамайды. Яғни, тақырып мәні ашылып, пікірлер тоғыспайды. Дөңгелек үстелдің мақсаты сол жоғарыда айтқандай ақиқат топ болып іздеу. Егер дөңгелек үстел жанды пікір таластар арқылы бір көзқарасқа тоғыспаса, онда дөңгелек үстел мвқсатының жүзеге аспағаны. - Дөңгелек стол. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру.



14.Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады.

Жалпы алғанда іскерлік ойындардың мәні әр түрлі жағдайларда қатысушылардың өздері алдын-ала берілген ережесі бойынша басқару шешімдерін ойын жолымен таңдауға келіп саяды,- дейді іскерлік ойын әдісін тәжрибеден өткізіп, насихаттаушы Е.А.Хруцкий.

Іскерлік ойын бұл жағдайда студенттердің өздеріне өзге маман (мұғалім, оқу ісінің орынбасары, білім беру департаментінің инспекторы) орнына қойып, соларша ойлап, соларша әрекет етіп, солардың атынан талдау жасаумен тиімді. Сондай-ақ, студенттер басқа әдістердегідей емес, өздері көзбен көріп, қолмен қойған әрекеттерге талдау жасады. Бұл олардың мақсаты ойлау дағдысын, ынтасын, байқау, бақылау қабілеттерін ұштайды. Салыстырмалы түрде алғанда ішкі белсенділікті арттыру әдістерінің ішіндегі екінші бір жаңа әдіс-тренинг. Бұл әдіс Батыста психокоррекциялык жұмыстарды ұйымдастыруда кеңінен танымал. Аталмыш әдіс мазмұны жағынан іскерлік ойындарды еске түсіреді. теория шығаруға негізделеді.

Тренинг өткізу де оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді:

1) тренингтің сценарий-жоспарын дайындау.

2) тренинг өтетін тақырып бойынша студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)

3) оқушының өзін-өзі дайындау (мәселені қою, жауаптар мен пікірлерді қабылдау, таласты мәселені драмалық тұрғыдан жандандыру, оқушы жауапбының мәнін ашуға жетекші сауалдар қою, дұрыс емес жауапты бағалау, тренинг барысындағы студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын-ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)

4) қатысушылыр арасында рольдердің бөліп беру. Қатысушының бәріне бірдей роль ұсыну міндет емес. Үштен бір бөлігі бақылаушы, сыншы сияқты қатысуға болады.



15.Әлеуметтікпсихологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

Мұнда әдеттегі студенттің оку тобы әр алуан әлеуметтік – психологиялық құбылыстардың көрнекі моделіне айналады. Яғни айтқанда, олардың оқып үйренетін және тәжірибе жасайтын зерттеу полигоны оқытушының ауызша қойған шешуі сан қилы көкейтесті сауал емес, өздерінің өзара әрекеттерінен туындаған психологиялық жағдайлар. Міне, сондықтанда әлеуметтік психологиялық тренингтерді әлеуметтік психологияны ақиқат дүниеде, шынайы әрекет негізінде меңгертуге бағытталған теорияның өмірінен үндескен әдістер деп бағалаймыз. Іскерлік ойындардың ғылыми теорияда практакалық әрекетті пайдалануға, ол, тренингтің психология теориясын практикалық ситуацияларда өміріміздегі жағдайлар баламасы ретінде қолдануға үйренетіндігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз

Семинар сабақтары оқыту формасы ретінде антикалық дәуірден басталатын ерте тарихы бар. «Семинар» сөзі латынның «семинариум» - оқушылар санасында кейін өсетін, білімді «егу» қызметтерімен байланысты қарастырылған.

Қазіргі жоғарғы мектепте семинар гуманитарлық сабақтардағы практикалық сабақтардың негізгі түрі болып табылады.

Семинар сабақтары студентке не береді ? Бұл :


  • Арнайы білімнің тілін меңгеру;

  • Түсінік, анықтамаларды түсіну дағдыларын қалыптастыру;

  • Интеллектуалдық мәселелерді және тапсырмаларды шешуде арнайы іскерліктермен дағдыларды қалыптастыру;

Психологиядан семинар сабақтары 2 формада өтеді:

1. Бұрыннан белгілі сұрақ бойынша кеңейтілген әңгіме;

2. Студенттердің қысқаша баяндамалары, соңынан көпшілік талдау;

Семинарға әзірлену және қатысу :



  1. Мұғалім семинар сұрақтарын алдын-ала беріледі. Сұрақ дұрыс түсіндірілмеген жағдайда мұғалімнен қосымша түсіндіруді сұрайды.

  2. Әрбір семинар сабағына әдебиеттер тізімі беріледі , сол тізіммен университеттің оқу залында (№ 1,2) әзірленуге болады немесе оқу абонементінен, кафедрадан үйге әзірленуге алуға болады.

  3. Семинарға студент барлық сұрақтар бойынша әзірленуге тиіс.

  4. Семинарға әзірленгенде студент тақырып бойынша ақпараттты конспектілеп, емтиханға даярлануға қолдану керек.

  5. Семинардағы студенттің жауабы тақырыптағы сұраққа сәйкес келу керек, логикалық дұрыс құрастырылған, анық болу керек.

  6. Студенттер жауап беріп жатырған студентке кедергі келтірмеу керек.Жауап беріп жатырғанда тыңдап, соңынан сұрақ қояды.

  7. Дисскусиялық сұрақтарды талқылағанда студент қолын көтеріп жауап беру керек.

  8. Семинарға дайындалмаған студент штрафты балл алады және мұғаліммен келісе торып сол тақырыпты тапсыруына болады.

  9. Семинар сабақтарына қойылатын талаптар жалпы талаптарға сәйкес келуі керек.

  10. Семинарға белсенді қатысқан студенттер график бойынша сәйкес балл алады.

ОЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.
Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі



Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет