А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын педагогикалық талаптар



бет35/72
Дата28.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#155525
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Байланысты:
А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі

Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қойылатын педагогикалық талаптар
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, келемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бүлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жүмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементгері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту—балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.
1- сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстардан гөрі корнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас кабылдайды. Осыған орай, мүғалім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз? Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т.б. салыстыруды іске асыруға болады. Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген үғым тумаса керек. Оқыту процесінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүр жасаған жон. Өйткені қиындыққа кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды — сабақтың түсінікті болуы шарт.
Балалар оқып үйренетін "Әліппе" кітабында жекелеген суреттер, сюжетгі суреттер, түрлі түсті бояумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жатығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың (схема, сурет, кеспе әліппе, таблицалар т.б.) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мүнда тағы да ескерілетін жай — бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын-болмасын, кез келген көрнекілікті (олар тіпті ашық түрлі түспен боялған, әдемі әшекейленген болса да) ұсына берудің қажеті жоқ. Себебі: басы артык, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, аландатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Мүғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсенділік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген қателіктерін есепке ала жұріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс болу жағын мұқият іздестіреді.
Сауат ашу кезінде оқушыларды сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар, әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдыландыру барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.
Педагогиканың талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен бастап-ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді.
Оқыту мен тәрбие, жеке түлағының дамуы — бір-бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады.
Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т.б. арқылы іске асырылады.
Баланың бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т.б. мінез-құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.
Сөйтіп, рухани-адамгершілік, достык, ұлттық дәстүрді сақтау, Отанын, халқын шын жүректен сүю, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б. жұмыстардың негізі сауат ашу кезеңінде-ақ қалана бастайды.
Сауат ашу әдістемесіне қойылатын талаптар
1) Сабақтың мақсаты мен тақырыбы балаларға бірден тұтас айтылмайды: Сабақтың әрбір кезеңінде бөліп-беліп айтылады. Сабақтың соңында бүгінгі сабақта не білгені, не үйренгені туралы оның қорытындысы шығарылады.
2) Тапсырма бөлшектеліп, мазмұны бойынша қысқа-қысқа сөйлеммен (сұрақтармен) беріледі.
3) Сабақтың әрбір кезеңінде (түсіндіру, сұрау, тексеру) бүкіл балалар белсенді болу керек (тыңдау, жеке тапсырма орындау т.б.). "Балалардың жұмыстың көптігінен емес, жұмыссыздықтан шаршайтындығын естен шығармау керек" (К.Д.Ушинский).
4) Сабақта көрнекілік пен дидактикалық материалдар тым өрескел көп болмау керек. Оларды әрбір кезеңнің мақсаты мен міндетіне сай келетіндей, бұрынырақ іріктеп пайдаланған дұрыс.
5) Оқу сабақтарында тақтадан, кеспе әліппеден, таблицадан, Әліппеден т.б. көп оқытуға көңіл бөлінуі қажет. Мұнда тіл дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, сын пікір білдіруге үйретіп отырған жөн.
6) Жазу сабақтарында дыбыстық талдауға көңіл бөлінеді. Ұқсас дыбыстарды салыстыру және жазылуы ұқсас әріптердің сызығын салыстыру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет