А. С. Иргалиев Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


Тақырыбы: Сауат ашу кезіндегі жұмыстар. Қарастырылатын мәселелер



бет38/72
Дата28.10.2022
өлшемі0,74 Mb.
#155525
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі

Тақырыбы: Сауат ашу кезіндегі жұмыстар.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі.
2.Әліппе кезеңі.
3. Әліппеден кейінгі кезең.
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді: 1) әліппеге дейінгі дайындық кезеңі; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңде балаларды бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6-7 жасар баланың мектепте оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мүғалімге, балаларға) үйренуге, олармен қарым-қатынасқа түсуге бастапқы кезде әжептәуір салмақ түсіреді. Мүнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше рөл атқарады (мысалы, шеберхана ойыны).
Бұл кезде, әсіресе, 1-2 сынып оқушыларының жетекші әрекеті әлі де ойын болып табылады.
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мүғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпактар білетіндіктері анықталады.
Бұл кезеңде мынадай жүмыстарға баса көңіл аударылады:
1. Сынып ішімен танысу, дұрыс отыру ережесімен, "Әліппемен" танысу.
2. Балалардың сөздік қорын анықтау.
3. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер кұратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.
4. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
5. Мүғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.
6. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, бұл терминдердің мағынасын ұғындыру. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.
7. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т.б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; 1-сынып оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылык көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады).
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі — балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай,' жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. "Партаға түзу отыр", "Қаламды дұрыс ұста" сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, онда плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиеті үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т.б.) жатқа айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.
Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4-6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалім сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде.
Кеспе әріптердің кассасын пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгере алмай қалады.
Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады:
"Сөйлем және сөз" тақырыбына арналған сабақ (ауызша)
1. Мүғалімнің ертегі айтып беруі (немесе әңгіме оқып беруі).
2. Айтылған ертегі (немесе окылған әңгіме) бойынша сұрак-жауап түрінде әңгімелесу.
3. Тындағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.
4. Әңгімені сөйлемге ажырату.
5. Сөйлемдегі сөздерді табу.
6. Ертегідегі (немесе әңгімедегі) ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу.
Ертегіні (немесе әңгімені) диалог түрінде ролге бөліп айтқызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет