Сабақ жоспары 1 «А» сынып Тақырыбы: Colours (Түстер) Мақсаты: Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрену, ажырату, қазақ тілімен салыстыру



Дата14.04.2017
өлшемі29,33 Kb.
#13980
түріСабақ
Ашық сабақ жоспары

1 «А» сынып
Тақырыбы: Colours (Түстер)

Мақсаты: 1. Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрену,

ажырату, қазақ тілімен салыстыру.

2. Дамытушылығы: ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс

шығару, сөздерді дұрыс, нақты айту, сөз қорын байыту.

3. Тәрбиешілігі: Шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құралдар: әр-түрлі түстердің суреттері, қағаздан жасалған әр-түрлі түсті қағаздар, доп, слаид, қағаздан жасалған гүл, қарандаштар.

І. Амандасу. (Greeting)

- Good morning children!

Балалар мұғаліммен тақпақ ретінде амандасады.

-Good morning, good morning

Good morning to you!

Good morning, good morning,

We are glad to see you!

Шаттық шеңбер.



Ол бізбен бірге танысқысы келеді. Қане бәріміз шеңберге тұрайық. Доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік (балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:

  • «What's your name?» Сенің атың кім?

  • Балалар жауап береді: My name is...»Менің атым...)




  • Фонетикалық жаттығу

  • - Балалар, қоян өте қуанышты. Ол бізге бір хат әкелді. Қане көрейік, бұл хатта не жазулы екен. Онда бір тақпақ бар екен. Ол тіл туралы.

Ал, енді тілдерімізді жаттықтырайық.

- «Терезесі жоқ үйде тіл өмір сүріпті

Ағылшын тілінде біраз сөйлепті

Таңертең жаттығу жасап [ t/d/n/ŋ/r]

Төсек орнын жинап

Тісін тазалап [θ - ә] үй жинап

Есікті ашатын [р/w]

Сурет бойынша заттарды көрсетіп ,аттарын атаймыз.



  • What is it? Мынау не?

  • It's fox, cat, frog, rabit, dolphin.

  • Бұл мысық, бақа, қоян.

Мұғалім балалардан жануарлар қандай түсті екенін сұрайды. Балалар ағылшын тілінде жауап береді де, мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын балаларға айтып береді, балалармен түстер туралы әңгімелейді.
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім жеті түстердің суреттерін көрсетіп, түстерді атап береді. Балалар мұғалімнің артынан бірнеше рет қайталайды.

  • red – қызыл

  • green – жасыл

  • blue- көк

  • black – қара

  • yellow – сары

  • brown – қоңыр

  • orange – тоқ сары

  • grey – сұр

  • white – ақ

Жаңа сөздермен жұмыс жасау. Мұғалім балаларға компьютерді қосып слайдтар көрсетеді. Слайдтарда түстер көрсетілген. Мұғалім баларға түстердің суреттерін көрсетіп, сұрайды:

  • What color is it? – Бұл қандай түс?

(Балалар өздері жауап беруі керек, егер балалар қиналса, мұғалім көмектесіп, бірнеше рет қайталайды).

Сергіту сәті. (Physical training)

1. Мұғалім үнтаспаны қойып, сергіту сәтін өлеңмен өткізеді:



  • It's a dog! Wow! Wow!

  • It’s a cat! Myau!

  • It’s a rabit! Hop!

  • It’s a snake! Sss!

  • It’s a bird! Chrr!

  • It’s a fish! Swim!

How many toys?- ойнын ойнаймыз.Үлкен гүлге әртүрлі ойыншықтар іліп, олар қанша және қандай түсте екенін айтып беруі керек.
Ойынды ойнау. (Let’s play!) Гүлді жинау.

Мұғалім балаларға әр-түрлі түсті қағаздан қиылған жапырақтарды көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді. Балалардың барлығы кезекпен бір-бірден тақтаға шығады. Мұғалім жапырақтарды үстелге қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген жапырақты тауып алып, тақтаға жабыстырады. Мұғалім қалған балалармен бағалайды. Сол ретінде барлық балалар бірнеше гүл тақтаға жабыстырады.

Нәтижесінде 25 жыл деген жазу шығады, бұл тәуелсіздіктің 25жылдығын бейнелеп көрсеткеніміз.
Қорытынды бөлімі.

- Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

- Бүгін сабаққа кім жақсы қатысты деп ойлайсыңдар?

- Сендерге сабақ ұнады ма?

Балалар, бақа өте қуанышты, біздің сабағымыз оған өте ұнады!

- Good bye, children!



Үйге тапсырма:Түстерді жаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 0143
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0143 -> Сабақ Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау Сынып: 2 Өткізген: Нурпеисова Жибек Сакеновна Еңбек өтілі: 19 жыл Санаты: 2 Білімі: жоғары Рудный қаласы 2016 жыл
0143 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті»
0143 -> Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
0143 -> Сабақтың тақырыбы : «Шоқан ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші» Сабақ эпиграфы : «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет