Байланысты: А. С. Иргалиев Педагогикалы факультетті о у- дістемелік ке есі
Әліппе кезеңінде жаңа дыбыс пен әріпті үйрету сабағының жүйесі Оқу сабағы: 1. Оқылған ертегі немесе жұмбақ бойынша әңгіме.
2. Әңгіме барысындла қолданылған сөйлемдердің ішінен үйретілгелі отырған жаңа дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзі бар сөйлемді бөліп алып, оған оқушылардың назарын аудару.
3. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы үйретілетін дыбысты бөліп алу; осы дыбыстан басталатын немесе аяқталатын жаңа сөздер ойлап табу.
4. Талдауда балалар іштен сөйлеп талдап алмаса, бір сөзді де дұрыс жаза алмайды (әріп тастап кетеді). Мұның өзін өзі тексеру үшін маңызды екенін Н.И.Жинкин керсетеді.
5. Сол әріптің баспа түрін көрсету, оның суретін таяқшалардан, қағаз қиындыларынан жасап көрсету, басқа әріптердің ішінен табу.
6. Кеспе әліппеден сөз құрастыру және оны оқу.
7. Бір буынын немесе әрпін ауыстыру аркылы жаңа сөз жасау; буынның немесе сөздің басына, соңына әріптер қосып, жаңа сөз жасау,оларды оқу.
8. Әліппедегі бағанада берілген сөздерді оқу.
Жазу сабағы: 1. Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партаға дұрыс қойылуы) тексеріледі.
2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.
3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп керсетіледі, мүғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.
4. Мүғалім жаңа оріпті тақтаға жазады; оқушылар осы өріптен басталатын создер ойлап табады, сонан соң олар эріпті дәптерлеріне жазып алады.
5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды; оқиды.
6. Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
7. Суретпен немесе пластилинмен жұмыс.
Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай жүйеде ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші, үшінші кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпке (әсіресе баспа түріне) жаттығу жұмысы көбірек жүргізіледі.
Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы 1. Оқылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы кіріспе немесе дайындық әңгіме жүргізіледі.
2. Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа бөлімдерге бөлініп, оқушыларға оқытылады.
3. Әр бөлім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнінде әңгіме болғанын қысқаша, ондағы басты-басты ойларға тоқталу арқылы оқушылар зейінін жинақтауды іске асырады. Қажет болса, сұраулар қояды.
4. Әңгіме мәнерленіп қайта оқылады (пауза, нүктеге жақындағанда дауысты бәсендету, басты ой айтылған жерлерде дауысты салмақтау т.б.).
5. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойлар оқушыларға анықтатылады.
6. Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы, мәтіннен табиғатты суреттеген жерлерін тауып оқыңдар немесе көңіл-күйді суреттеген жерді табыңдар
т.б.).
7. Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.
8. Мәтін оқу дағдысы нашар оқушыларға оқытылады.
№10-дәріс