Әдебиеттер:
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.
2. Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.
3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.
4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
№7-дәріс
Тақырыбы: Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшелігіне қойылатын педагогикалық талаптар.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Балалардың жас ерекшелігі мен жеке ерекшелігі;
2.Берілетін білім мазмұнының көлемі мен минимумы; лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің ерекшеліктері;
3.Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары; лексиканы оқытуда көрнекілік пен сөздіктерді қолдану жолдары;
Сауат ашу барысындағы негізгі міндет балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйренген дауыссыз дыбыс буыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі.
Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, "р" дыбысы үйретілуі қажет болғанда "ара" сөзіндегі "а-ра" буындары "а—рра" делініп, "р" дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.
2) Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға "р" дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуға тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары "р" дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының тандайға жуықтауынан "р" дыбыс шығатынын аңғарады.
Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумауы тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж,к, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің төсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.
3) Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім "Әліппедегі" тонның суретін көрсетіп, "он" дейді де, "мен сөзді дұрыс айттым ба?" — деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. "Т" дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.
4) Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, кол-көл, тор-тор, от-от сияқты сөздер арқылы "о" дыбысы мен "ө" дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап-жинақтау арқылы үйретіледі.
5) Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау жөне жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, "қ" дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қар, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа талдатады; "қ" дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында "қ" дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.
6) Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық - Оқушылар оны дыбысқа-буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп "қ-а"... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: "құрастырған сөзіміз қандай еді?" — деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөз (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. "Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар, " — дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.
7) Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы "қара" сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы "п" әрпінің орнына мұғалім "о"әрпін қояды, "қора" деп оқиды.
Әдебиет:
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.
2. Әбілқаев А. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.
3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы , 1995.
4. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
№8-дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |