Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы
Есту,көру,және сөйлеу мүшелерінің патологиясы.
9 Срсп Құлақты тексеру әдістері
1)Есту қабілетін сөйлесу арқылы тексеру,құлақты камертон арқылы тексеру.
Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет.Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады. Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады («жазылған» артикуляция, екпінді бұрып айту және т.б.). Нашар еститін балаларда пассивті және активті сөздігінің көлемі қатысты, ал есту қызметі қалыпты мөлшерде пассивті сөздік қорынан әлде қайда басым болады. Есту қызметі бұзылған бала өзі сөйлеу тілінде қолданатын сөздерді ғана жақсы түсінеді. Бұл балалардың сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркін, байсалды және т.б.), сол сияқты
Тимпанометрия ‑ бұл ортаңғы құлақ функцияларын медициналық қарау түрі, оның көмегімен есту сүйектерінің өткізуін және дабыл жарғағының қозғалыс дәрежесін анықтауға болады. Алынған нәтижелерді есту қабілетін тексеру кезінде алынған аудиограммамен бірге қарастырады.
Бұл не үшін жасалады:
Бұл тексеру түрі есту қабілетінің нашарлауының бірнеше түрін (жарақат, өткізудің нашарлауы) және т.б. ауруларды (ісіктер) анықтауға, нақты диагноз қоюға және сәйкес ем тағайындауға көмектеседі.
Өткізу тәсілі
Тексеру уақытында науқас құлағына зонд енгізіледі, бұл аздаған жайсыздық тудыруы мүмкін. Көрсеткіштерді тексеру кезінде дыбыс өте қатты болып естілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, өйткені бұл тәсіл дабыл жарғағының қысым өзгерісіне реакциясын тексеруге бағытталған. Алайда процедура толықтай қауіпсіз болып табылады.
Біздің медициналық орталықта ортаңғы құлақ функциясын заманауи құрылғымен тәжірибелі ұжым өткізеді. Есту қабілетін тексеру
Есту қабілетін тексеру процедурасына көбінесе аса назар бөлінбейді, алайда есту қабілетінен айырылу – адамның іс‑әрекетін едәуір шектейтін мәселе болып табылады.
Есту қабілеті нашар болса, адамдармен қарым‑қатынас құру, мәдени іс‑шараларға қатысу, теледидар көру және тіпті көшеде жүріп‑тұру қиындай түседі. Сондықтан, есту қабілетін уақтылы тексеру нәтижесінде мәселені уақытында ашып, толықтай есту қабілетінен айырылуға дейін мәселені жоюға болады.
Есту қабілетін диспансерлеу аясындағы басқа тексерулер секілді әр жыл сайын тексеру керек. Есту қабілетін тексеру үшін жақсы тестілер әзірленген, олар мәселені ерте кезеңінде анықтауға көмектеседі.
Біздің медициналық орталықта есту қабілетінің диагностикасын заманауи құрылғылармен тәжірибелі мамандар өткізеді. Тексеру ұзақтығы 30-40 минут. Барлық деректер аудиограммаға жазылып, компьютерде сақталады. Қайта тексеру кезінде (мысалы, бір жылдан соң) дәрігер жазбаларды салыстырып, жақсы немесе нашар өзгерістерді байқай алады, мұның көмегімен дәрігер диагноз қойып, ем түрін өзгерте алады. Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады. Сыртқы отит- сыртқы есту жолы терісінің қабынуы Екі түрі бар – жайылған және шектелген. Аралас қабынуға құлақ ішінің ауруы, қышу, бұлақтың ағуы тән. Сыртқы отит терінің жарақаттануынан туады, мысалы, диабет кезіндегі қасыну. Қазіргі уақытта сыртқы отит кезіндегі микробтың көрінісі өзгерген. Егер 25-30 жыл бұрын негізгі патогенді өсімдік алтын түсті стафилококк болса, қазір көкіріңді таяқша, протей, ішек таяқшасы жиі себіледі. Микробиологиядағы мұндай жетістіктер медицина іс-тәжірибесінде түрлі кокк флорасын басатын және оған сезімтал емес микроорганизмдердің басымдылығына жол беретін антибиотиктерді кеңінен қолданылуымен түсіндірілерді.
Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі. Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон — доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыстың сүйек арқылы өтуін анықтау үшін дыбыс шығарып тұрған камертонды (128 Гц-тік) адамның төбе сүйегінің ортасына қояды. Сонда дыбыстың екі құлақпен бірдей естілетіндігі байқалады. Сосын бұл тәжірибені адамның бір құлағын мақтамен тығындап қойғаннан кейін қайталайды. Осыдан кейінгі дыбысты қабылдау өзгерісін түсіндіру керек.
Риннэ тәжірибесі. Бұл тәжірибе дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуін салыстыру үшін жасалады. Самай сүйегінің еміздік тәрізді өсіндісіне дыбысы шығып тұрған камертонды қояды. Сонда зерттелуші адам, камертон қойылған жақтағы құлағымен, бірте-бірте баяулайтын дыбысты естиді. Дыбыс толығынан жоқ болған кезде (зерттелушінің айтуы бойынша), камертонды тікелей құлаққа жақындатады, сонда адам дыбысты қайтадан естиді. Дыбыстың ауа арқылы берілуі әр құлаққа бөлек анықталады.
Қарапайым мысал қарастырайық. Меншікті тербеліс жиіліктері бірдей екі камертон алып, оларды бір-біріне жақынырақ қояйық та, олардың бірін тербелтейік .Сәл уақыттан кейін оның тербелісін қолымызбен басып тоқтатсақ, екінші камертонның дыбыс шығарып тұрғанын естиміз. Ал екінші камертонды ешкім тербеліске келтірмегендіктен, "оның тербелуіне бірінші камертоннан ауа арқылы берілген тербеліс ықпал етті" деген қорытындыға келеміз.Енді екінші камертонды меншікті тербеліс жиілігі бірінші камертондыкінен өзгеше камертонмен алмастырып, тәжірибені қайталайық. Бұл кезде екінші камертонның дыбыс шығармайтынын байқауға болады. Бірінші жағдайда камертондардың меншікті тербеліс жиіліктері сәйкес келгендіктен, резонанс құбылысы байқалды. Екінші жағдайда камертондардың меншікті тербеліс жиіліктері сәйкес келмегендіктен, резонанс туындаған жоқ. Бірінші жағдайда қарастырылған құбылыс акустикалық резонанс деп аталады.
2)тапсырма:Вебер пробасы,Рине пробасы,Швабах пробасы
Дыбыстың ауа және сүйек арқылы берілуін зерттеу (Вебер және Риннэ тәжірибелері).
Вебер тәжірибесі. Дыбыстың сүйек арқылы өтуін анықтау үшін дыбыс шығарып тұрған камертонды (128 Гц-тік) адамның төбе сүйегінің ортасына қояды. Сонда дыбыстың екі құлақпен бірдей естілетіндігі байқалады. Сосын бұл тәжірибені адамның бір құлағын мақтамен тығындап қойғаннан кейін қайталайды. Осыдан кейінгі дыбысты қабылдау өзгерісін түсіндіру керек.
Риннэ тәжірибесі. Бұл тәжірибе дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтуін салыстыру үшін жасалады. Самай сүйегінің еміздік тәрізді өсіндісіне дыбысы шығып тұрған камертонды қояды. Сонда зерттелуші адам, камертон қойылған жақтағы құлағымен, бірте-бірте баяулайтын дыбысты естиді. Дыбыс толығынан жоқ болған кезде (зерттелушінің айтуы бойынша), камертонды тікелей құлаққа жақындатады, сонда адам дыбысты қайтадан естиді. Дыбыстың ауа арқылы берілуі әр құлаққа бөлек анықталады.
3тапсырма:Құлақты аудиометриялық тексеру.
Аудиометр — есту қабілетін анықтайтын аспап.жю
Радиостанцияның белгілі бір толқынында қабылдағыштың жұмыс істеу уақытын анықтайтын құрылғы. Жарнаманы зерттеу кезінде қолданылады.Аудиометриялық тексерулердің көрсеткіштерін ескере отырып, құлақтың жағдайын динамикалық бақылау кезінде және әсіресе, еңбек ету сұрақтарын шешу кезінде, «шулы» мандықтағы жұмысшылардың естулерінің төмендеу деңгейін бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы есту қабілеттерінің төмендеуімен жүретін өзгерістер, құлақтың есту жағдайларын көрсетеді. Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып табылады.Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина қызметкері жүргізе алады.
Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар:
Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 4000 және 8000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шудың әсерінен естуді төмендету кезінде 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерді анықтаудың маңызы зор. Қосымша аудиометрияның босаға үстілік тексерулері жүргізіледі. Осындай экспертизаларды жүргізуге құқығы бар медициналық мекемелерде еңбек сараптамасын жүргізу үшін қолданылады.
Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
Әдіс.Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шулы өндірістерді қараған кезде, медициналық мекемелерде есту ағзасына бастапқы шудың әсерін анқтау үшін қолданылады. Есту босағасын анықтау дыбысты ауалық өткізумен арнайы оң және сол құлақтарға сәйкес әрбір құлақтар үшін аудиометр телефондары арқылы анықталынады, ал 1 әдісті қолданған кезде сүйектік телефонды қолданады. Тексерілуші әр жиіліктегі тондардаың естілулерімен таныс болу керек. Дыбыс пайда болған кезде сигнал кнопкасын басады (саусағын көтереді), ол жоғалған кезде кнопканы түсіреді. (саусағын түсіреді); жауаптардың дұрыстығын сигналдардың үзілістерімен тексереді.Егер нәтижесінде 3 сәйкестік болса, есту босағасы осы жиілікте бекітілген болып саналады.Аудиомериялық тексерулердің ұзақтығы 30 минуттан аспау керек.
4) тапсырма Тональдық және сөздік аудиометрия 3-5, 5-7 жастағы балалардың есту қабілетін тексеру.
Аудиометриялық тексеріс ерте жастан балалардың есту қабілетін тексеру, туа біткен және тұқым қуалайтын патологияларды анықтау мен алдын алу арқылы дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету үшін ұйымдастырылады. Дер кезінде жасалған тексеріс пен уақытылы емдеу кей жағдайларда есту қабілетін қалыпқа келтіруге септігін тигізеді» Аудиометрия - құлақтың есту өткірлігін анықтау әдісі.Аудиометр- магнитофоннан, аудиометриялық қосымша, ауа және сүйек арқылы өткізгіштік телефондары, бақылау телефоны, стандартты сөздер жазылған тексті бар магнитофон таспасынан тұратын аспап.
Адамның құлағы диапазоны 16 - 20000 Гц арасындағы дыбыс тербелістерін қабылдайды. Соның ішінде 1000- 3000 Гц тербелістерге өте күшті сезімтал болады, себебі бұл дыбыс адамның дауысына сәйкес келеді.Есту талдағышының сезімталдығы әсер ететін дыбыстың есту түйсігін тудыратын ең аз шамасымен, яғни естілу табалдырығымен, бағаланады. Сондықтан құлақтың есту өткірлігін анықтау үшін клиникада аудиометрия әдісі қолданылады. Аудиометрдің көмегімен дыбыстың жиілігін (100-ден 10000 Гц дейін) және күшін (0-ден 100 дБ дейін) дәл белгілеп беруге болады.
Жұмысты орындау: Зерттелуші адам аспаптан біраз қашықтықта отырады да, ауа арқылы өтетін телефонның құлақ талдағыштарын киеді. Аудиометрлік қосымшада дыбыстың ең аз қарқындылығын белгілейді де, сыналушы адамнан естіген сөздерін қайталап айтуын сұрайды. Таспа қозғалысы басталғаннан зерттелуші адам екі- үш сөзді қатарынан дұрыс қайталағанша дыбысты біртіндеп күшейтеді. Бұл кезде аудиометриялық қосымшадағы дыбыс қарқындылығы индикаторының көрсеткіші есту қабілетінен айырылу дәрежесін көрсетеді. Сыналушы адамның есту талдағышының жағдайын сипаттау үшін әрбір дыбыс тербелісінің жиілігіне сәйкес келетін естілу табалдырығын анықтап, аудиограмманы сызып шығарады. Адамның есту қабілетінің кемістігін анықтау үшін жазылып алынған аудиограмманы қалыпты еститін адамның аудиограммалық көрсеткішімен салыстырады (43-сурет).Бұл аудиограммадағы абсцисса - дыбыстың биіктік деңгейін (125-тен 10000 Гц дейінгі), ал ордината - дыбыстың қаттылығын (10-нан 110 дБ дейінгі) көрсетеді. Дыбыстың қаттылығы сыналушы адамның есту қабілетінің, қалыпты еститін адаммен салыстырғанда, төмен немесе қалыпты екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Құлақтың есту өткірлігі (дыбыстың естілу табалдырығын) әр құлаққа жеке анықталады
Этиологиялық себептерді ескере отырып, тұқым қуалаушылық, балалардағы туа біткен және есту қабілеті жоғалған. Аудиторлық анализатордағы зақымның орналасуына қарай бөлуге әдеттегідей:
нейросенсорлық (сенсорлық) есту шығыны балаларда, дыбысты қабылдау құрылғысының зақымдануына байланысты дамыту: ішкі құлақ, есту нервтері немесе есту анализаторының орталық бөліктері.
есту қабілетінің жоғалуы балаларда, дыбыстық өткізгіш аппаратураның бұзылуына байланысты дамиды: Сыртқы құлақ, құлақ және орта құлақ (есту эффектілері).
есту қабілетінің жоғалуы балаларда, онда бір мезгілде дыбыстық сигнал беру және дыбыс қабылдау функциялары бұзылады.
10Срсп. Сөйлеу мүшелерінің анатомиясы
1)Тапсырма Есту қабілетінің сөйлеу қабілетін дамытудағы рөлі.
Есту қабілеті бұзылған балаларды қоршаған ортаға бейімдеу және сөйлеу тілін дамыту болып табылады. Сөйлеу тілі қарым – қатынастың маңызды бір түрі болып табылады және қоршаған ортаға бейімделуге мүмкіндік береді. Қарым қатынас бала дамуында маңызды фактор болып табылады. Естімейтін және нашар еститін балалардың сөздік қорлары өте кедей және сөйлеу тілінің дамуы өте тежелген, олар кейбір ең оңай заттардың атауларын, іс –әрекеттерді және белгілерді атай алмайды. Нашар еститін және естімейтін балалардың сөз және сөз мағынасын қабылдай алмайтындықтан арнайы түзету жұмыстары, байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру іс – әрекеттері арнайы талаптарға сай жүргізіліп, естімейтін баланың байланыстырып сөйлеу тілі дағдылары қалыптастырлады. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып оны ұғынуға болмайды. Ал естімейтін және нашар еститін оқушының дыбыстарды қадағаламауына байланысты сөзі таза болмайды, сондықтанда түзетіп, таза сөйлеуді талап етіп отыру аса қажет. Осы талаптарды үнемі орындау арқылы баланың байланыстырып сөйлеу тілі, сөз байлығы, сөз қоры молая түседі. Есту қабілетінде бұзылыстар бар балардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында өзгеріп отырады.Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін.Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады.
Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөздi есте сақтау қабілеті,
сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту жағдайлары
МЖБС талаптарына сәйкес естімейтін және нашар еститін оқушылар оқу материалын меңгеру үшін арнайы жағдай жасалуы мүмкін және онда арнайы сыныпта саралап оқыту арқасында нақты оқу құралдарын, арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қолдану, оқыту уақытын арттыру, мүмкіндігі болады.
2) Тапсырма Мұрын ,мұрын қуысы және оның пзухалары ,мұрын қызметі.
Сыртқы мұрын деп аталатын бесенеден белгiлi көрнектi мұрынның бiр бөлiгi жақсы түбiр, Арқалық, бас жақтан және қанаттар тұрады. Сыртқы мұрынның негiзiн мұрын ойын таcтарын құрайды - маңдай өсiндi шықшытты, қабырғада болу шемiршек және үлкен қанат тәрiздi кеңсiрiк, танаулар саңылаулардың Носоваларының қысуы және созу үшiн төмен қарай арналған жабулы бұлшық еттермен. Сыртқы мұрын бiр жағынан және сондай болып терiмен, сонымен қатар тұлға жабулы, орын бұның аз қозғалатын түкшенi май бездерiнiң молшылығы артынан жуан. Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Көз жасы арнайы түтік арқылы мұрын қуысына өтеді, оның кілегейлі қабатын ылғалданып тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеңсірік қалқандары бар. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді. Осының нәтижесінде ішке сорған ауа тыныстау мүшелеріне тікелей өтпей, ауа жолдары арқылы жылытылып, тазартылып өтеді. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлігі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше жасушалар мен иіс сезу рецепторлары жатады. Мұрын қуысы тыныс алу мүшесіне жатады, ол газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметіне қатысады. Мұрын — тыныс алу жүйесінің маңызды бір бөлігі. Ол адам дем алғанда ауаны жылытады, ылғалдандырады және тазартады. Ауа мұрынға сыртқы екі саңылау — танау арқылы өтеді. Егер суық ауа бірден біздің өкпеміз бен кеңірдекшеге (бронх) түссе, онда адамның тыныс алу жолдарына суық тиген болар еді. Егер даладағы температура — 10 °С болса, адам дем алғанда, ауа мұрын ішінде 13-15 °С-қа дейін жылып, көмей, кеңірдекше және өкпеден өткенде, олар үшін суық болмайды. Мұрынның шырышты қабығында толып жатқан ұсақ кірпікті талшықтарды көресің. Сырттан мұрынға кірген шаң-тозаң сол кірпікті талшықтарда тұнып қалады да, өкпеге тазарған ауа барады. Мұрын қуысының құрылымы өте күрделі. Мұрын қуысын перде екі бөлікке бөледі. Мұрын қуысының бүйір жиегімен жіңішке иілген сүйектер — мұрын қалқаны шығып тұрады. Олардың арасындағы кеңістікті мұрын жолдары деп атайды. Мұрынның шырышты қабығы жиі қабынады, ол кезде мұрыннан өте көп қоймалжың зат бөлінеді. Мұны мұрын бітелу деп атайды.
Мұрынның кіреберісі бөлігі май бездері мен жүн түктері бар терімен жабылған. Ол онан кейін аралық белдеуге, одан әрі сілемейлі қабыққа айналады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығы оның барлық қабырғаларын үздіксіз қабатпен жабады және қосалқы қойнауларға, жұтқыншаққа, ортаңғы құлаққа жалғасады, оның сілемейлі қабық асты қабаты болмайды. Мұрын қуысын үш аймаққа (зонаға) бөлуге болады: алдыңғы – мұрынның кіреберісі (vestibulum nasi), тыныс алу (regio respiratoria) және иіс сезу (regio olfactoria) аймағы.
3)Тапсырма Ауыз, ерін, жақтар, тіл, тістер жұмсақ және қатты таңдайдың қызметі.
Ауыз қуысы (лат. cavum oris) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл, таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайды).[1] Астың өңделіуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: ауыз кебіргісі және нағыз ауыз қуысы. Астыңғы және үстіңгі жақсүйетері ашпай, тістетініп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз қуысы болып саналады. Ауыз кіреберісі жағынан еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер мен қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықттер қаптайды және ұрт еріндерімен ұласады. Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрнеді. Нағыз ауыз қуысы астыңғы және үстіңгі жақсүйектерде орналасқан тістермен басталып, соңғы жағы аранмен шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағында, қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдай жалғасып, таңдай ең жұмсақ таңдай ауыз қуысын кеңсіріктен бөліп тұрады. Ауыз қуысында 3 жұп сілекей бездерінің өзегі ашылады. тағам алдымен ауыз қуысында шайланып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс.
Таңдай. Қатты және жұмсақ бөліктерден тұрады, ауыз ішінің жоғарғы ойыс жағын алып жатады.
Жұмсақ таңдай немесе таңдай шымылдығы — ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұратын қатты таңдайдың артқы жалғасы. Оның негізін таңдай сүйегінен басталатын таңдай бұлшықеті құрайды. Жұмсақ тандайдың артқы доғасы (бос үшы) ауыз қуысынан жұтқыншаққа шығатын тесік — есінді шектейді. Жұмсақ таңдайдың ауыз қуысы жағындағы беті көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал аңқа (мұрын қуысы жағы) беті бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған.
Қатты таңдай(palatum durum)жақ сүйектерінің тандай өсінділері мен тандай сүйегінің горизонтальды тақташасы құрайды. Қатты таңдайдың кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабығында әртүрлі жануарларда түрлі пішінді көлденеңінен жатқан білеуліктер болады. Қатты таңдайдың орталығымен таңдай жігі өтеді.
4)Ми қыртысындағы сөйлеу орталықтары(Вернике және Брокко)
Сөйлеу жоғары жүйке жүйесінің басқа да көріністерімен қатар рефлекстер негізінде дамиды. Сөйлеу рефлекстері мидың әр түрлі бөліктерінің әрекетіне байланысты, дегенмен сөйлеудің жасалуында ми қыртыстарының кейбір бөліктері басты роль атқарады. Әсіресе мидың сол жақ қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері (солақайларда оң жақ).
Ми қыртысының шеке бөлігінің төменгі қыртысында Брока орталығы орналасқан. Адамның дауыс шығару және сөйлеу процестері осы орталық арқылы іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігінде басқа адамның сөйлеген сөзін естіп – түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан
(Вернике орталығы). Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.
Ми қыртыстарының төбе бөлігі естіп, сөзді түсініп, адамның жазу жазып және жазылған сөздерді шүйде бөлігінде орналасқан көру орталығы арқылы көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Баланың тілінің дамуы ересектердің артикуляциясын көріп қабылдау арқылы жүзеге асатыны белгілі.Ми қыртысы астындағы ядролар адамның сөйлеген кезде анық, байсалды және әсерлі сөйлеуіне әсерін тигізеді.Сөйлеу аппаратының барлық мүшелері ми өзегі ядроларына шығатын бас сүйек-ми жүйкелермен қамтамасыз етілген.Сөйлеу аппаратының орталық және шеткі бөлімі мидан шығатын қос жүйкелермен қамтамасыз етіледі (V-үшкіл, VII-бет, IX - тіл-жұтқыншақ, Х- кезбелі, XI-қосымша, XII-тіл асты).
11 тақырып Сөйлеу мүшелерінің физиологиясы
1тапсырма Дауыстың акустикалық қасиеттері .Дауыс әртүрлі дыбыстардың жиынтығы,дауыстың қасиеттері (Қуаты,жоғарылығы,тембрі)Тондары мен шумы.
Дауыстың акустикалық негіздері
Дауыс – бұл өзінің күрделілігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты емес адам көмейінен шығатын кез келген дыбыс. Дауыс генераторлық бөлім ретінде қызмет ететін көмейде пайда болады. Тыныс алу мүшелері – энергетикалық бөлім. Энергия көзі ретінде дауыс шымылдығының тербелісін тудыратын ауа ағыны болады. Қойылмалы түтік (жұтқыншақ, мұрын және ауыз қуысы) – мұнда дыбыс өз күшін және мәнерін алатын жаңғырықтыру бөлімі. Дыбыстың акустикалық қасиетін ажырату есту қабілетінің көмегімен іске асырылады.
Үн дыбысы – қалыңдай түскен толқын және тітіркендіріш түрінде жайылатын ауа бөлшектерінің тербелісі.
Дауыстың жоғарылығы - есту мүшелерінің тербелгіш қозғалыстарының жиілігін субъективті түрде қабылдауы.
Ауа тербелісі неғұрлым жиі болса, солғұрлым дыбыс жоғары болып шығады. Дауыстың жоғарлығының сапасы дауыс перделерінің бір секунд үшінде түсетін тербеліс жиілігіне байланысты болады. Негізгі үн (тон) жиілігі герцпен өлшенеді. Жай сөйлеу тілінде еркектерде 85-тен 120 Гц-ке дейін, ал әйелдерде 160-тан 340 Гц-ге дейін өзгереді. Негізгі үннің өзгерістері сөйлеу тілінің мәнерлігіне әсер етеді.
Дауыстың күші,қуаты дауыс шымылдығының діріл қарқынына байланысты болады. Децибеллмен өлшенеді. Дауыс перделерінің діріл қарқыны неғұрлым көп болса, солғұрлым дауыс күшті шығады. Дыбыс тембрі немесе дыбыс ренкі дауыстың сапасының маңызды сипаты болып табылады. Ол күрделі дыбыстардың акустикалық құрамын көрсетеді және тербеліс күші мен жиілігіне тәуелді болады.
Дауыс үшін ең маңызды болып оны шығару тәсілі – «дыбыс шабуылы» деп аталатын тәсіл. Дауыс шығарудың үш түрін ажыратады: 1) алғашқыда жеңіл дем шығару, кейін дауыс перделері қабысып, тербеліске түседі. Дауыс болмашы шудан кейін естіледі. Бұндай тәсіл «қырылдақ (көмей) шабуыл» деп аталады; 2) дауыс перделерінің қабысуы мен дем шығару кезі қатар келеді. Бұл дыбыстың «жұмсақ шабуылы»; 3) алғашқыда дауыс перделері қабысып, содан кейін оларды тербеліске түсіріп дем шығарылады. Бұл түрі «қатты шабуыл» деп аталады.
Көп қолданылатын және физиологиялық негізделген «жұмсақ шабуыл» деп саналады. Бірақ дыбыс шығарудың қалған екі тәсілін де қолдануға болады. Ол дауыс міндеттеріне және адамның эмоциялық күйіне байланысты болады. Сонымен қатар кейбір жағдайда түзету жұмысында дауысты қою мақсатымен пайдаланылады
Тембр (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыста орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады. Тембрге музалық аспаптың материалы, формасы, дыбыс шығару тәсілі, т.б. әсер етеді. Тембр арқылы дауыс ырғағын өзгерте отырып, сезім-күйді (қуаныш, реніш) білдіруге болады. Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі. Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон — доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Шу—әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы, судың сәл шалпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі. Алайда дыбыстардың мұндай табиғи үнін үлкен елді мекендер мен қалаларда өнеркәсіп, көлік және т.б. шулары басып тастауда. Мысалы, өнеркәсіп шуының қаттылық деңгейі кейбір өндіріс орындарында 90 дБ-ге жетеді және одан да жоғары болуы мүмкін. Тұрмыстық; техника деп аталатын шулардың жаңа көздері пайда бола бастаған біздің үйімізде де тыныштық жоқ.
2Тапсырма Сөйлем дыбыстарының форманты,Дауыс диапазоны,Дауыс регистры,Дауыс мутациясы.
Диапазон - әнші дауысының, музыкалық ашатын, дыбыс қатарының, әуеннің (мелодияның), т.б. дыбыстық көлемі. Диапазон дауыстың аспайтын, т.б. ең төменгі және ең жоғарғы дыбыстарының арасындағы интервалдармен анықталады.[1]диапазон – әуеннің, дыбыстар қатарының, музыкалық аспаптың, ән айту дауысының дыбыстық көлемі;дыбыс диапазоны – адамның есту аппараты арқылы қабылдау диапазон жиілігі; дыбысты шығару – музыкалық аспапта ойнау кезінде немесе ән айту кезінде музыканы шығару, дыбыстарды туғызу;
Регистр( лат. regіstrum — тізім, лат. regestum — енгізілген, жазылған) — музыкалық аспаптар немесе әнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі. Кейбір үрмелі және тілді музыкалық аспаптарда — бірыңғай тембрдегі түтіктер тобы.
Регистр үшке бөлінеді:
жоғарғы регистр
ортаңғы регистр
төменгі регистр
Әр регистрдің дыбыс бояуы (тембрі) әртүрлі болады. Орган музыкалық аспабының дыбыс шығаратын және түрлі бұрауға түсірілген трубаларын да Регистр дейді. Бірақ мұндағы дыбыс бояуы бірдей. Муз. аспаптың қай-қайсысының да болсын негізгі үш Регистрі болады. Дауыс өмір әрекетінің интегралды биоәлеуметтік өнімі ретінде адамның биологиялық дамуының кезеңдерімен тығыз байланысты. Бұл категоряларды сәйкестендіре отырып, дауыс функциясының дамуында жеті кезең ажыратуға болады:
- мектепке дейінгі (туылғаннан жеті жасқа дейін) кезең. Бұл кезең үшінде нәрестелік, ерте жас (3 жасқа дейін), мектепке дейінгі ересек жас кезеңі деп бөлінеді;
- мутацияға дейін (жеті жастан он үш жасқа дейін) кезеңі;
- мутация кезеңі (13 жастан 15 жасқа дейін);
- мутациядан кейінгі (15-тен 17-ге дейін) кезең;
- қарастырып отырған қызмет пен адам организмінің қалыптасу кезеңі (18 ден 35 жасқа дейін);
- сенімді қызмет атқару кезеңі (35-тен 60 жасқа дейін);
- басылу кезеңі – кәрілік дауыс (60 жастан кейін).
Дауыстың дамуында қиын-қыстау кезеңі – нәрестелік, мутация және басылу кезеңі болып есептеледі.
Мутацияға дейін кезеңінде дауыс аппаратының динамикалық дамуы байқалады. Бұл кезде дауыс шығару және дауысты өңдеу бөлігінің мүшелерінің көлемі ұлғая бастайды. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дауысы өзіндік акустикалық параметрлерге ие болады («бала дауысы»). Дауыс шығару мүшелерінің анатомиялық жетілуімен қатар көмейдің рецепторлы аппаратының дамуы аяқталады, 12 жаста оның морфологиялық құрылуы мен орналасуы ересек адамның рецепторлы аппаратына сай болады. Бала дауысы бірте-бірте дамиды, оның диапазоны 11-12 нотаға дейін кеңиді.
3 Тапсырма Негізгі тынысалу қызметі,Тынысалу -циклі,демалып,демшығару
Демалыс типтері,өкпе көлемі.
Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтанТыныс алу беткей және терең болып келеді. Беткей тыныс қашықтықта естілмеуі немесе әлсіз естілуі мүмкін. Тыныс алудың физиологиялық типтеріне кеуделік, құрсақтық және аралас типтер жатады. Әйелдерде кеуделік тип, еркектерде тыныс алудың құрсақтық түрі кездеседі.Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі өзгергенде ентігу пайда болады. Ентігудің бірнеше түрлері бар: инспираторлы ентігу - тыныс алу қиындайды; экспираторлы ентігу - тыныс шығару қиындайды; аралас ентігу - тыныс алу және тыныс шығару қиындайды. Жылдам дамитын ентігу - тұншығу деп аталады.Тыныс алу мүшелерімен ауыратын науқастарды жиі ентігу мазалайды. Ентігу дегеніміз ауа жетіспеушілігімен сипатталатын тыныс алудың қиындауы.Ентігуде тыныс алудың ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылады. Тыныс алу жиілігі дегеніміз адамның 1 минуттағы тыныс алу саны. Ересек адам тыныштық жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Физикалық күш түскенде немесе көңіл-күй бұзылғанда, сонымен қатар кейбір ауруларда тыныс алу жиілігі өзгереді. Тыныс алудың жиіленуі тахипноэ деп аталады.
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Өкпенің тіршілік немесе өмірлік сыйымдылығы - ішке дем толық тартқаннан кейін тыныс жолдарынан толығымен шығатын ауа көлемін сипаттайтын сыртқы дем алу көрсеткіші.[1]
Өкпенің жеделдетілген өмірлік сыйымдылығы — максимальдық жылдам дем алу кезінде анықталатын өкпенің өмірлік сыйымдылығының қалыпты жағдайда 90—92% құрайды. Өкпенің тиісті өмірлік сыйымдылығы — арнайы формулалар көмегімен зерттелетін адамның жасы мен бойы туралы мәліметтер бойынша анықтайтын өкпенің іс жүзіндеғі өмірлік сыйымдылығын бағалауға арналған есептік көрсеткіш. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдер өкпесінің тіршілік сыйымдылығын орташа есеппен алғанда 3000-3500 мл, ер адамдарда 3500-4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000—7500 мл-ге дейін жетеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір тыныс алғанда жөне әрбір тыныс шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.
12 тақырып Сөйлеу мүшелерінің патологиясы
1)Тапсырма.Сөйлеу ағзаларының аурулары(ринит,фарингит,ларингит, жұтқыншақ және таңдай миндалиндерінің қабынуы)
Ларингит (грек. lаrynx — көмекей) — көмекей кілегей қабығының қабынуы. Ларингиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Ларингит көбіне салқын тиюден (салқын тамақ, суық ауа, т.б.) болады. Кейде тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулар, тіпті көп сөйлеу де Ларингит шалдықтырады. Науқастың дене қызуы көтеріледі де, дел-сал болып, көмекейінің екі шеті қызарып, талаурап ісінеді, тамағы құрғайды, сөйлегенде қиналады, құрғақ жөтел пайда болады. Кейде аурудың асқынуынан көмекейдің екі жағы іріңдеп, ісінеді, жақ, жұтқыншақ безі шошынады, ауырады. Созылмалы Ларингит оның жедел түрін уақтылы емдемеуден және қайталап аурудан, сондай-ақ, темекі тарту, арақ ішу, ұзақ уақыт қатты дауыстап сөйлеу, айқайлаудан, т.б. пайда болады. Созылмалы Ларингит кезінде науқастың дауысы шықпай қалуы мүмкін. Балаларда (6 — 8 жастағы) Ларингиттің ерекше түрі — қатпар асты Ларингит, немесе жалған круп жиі кездеседі. Бұл кезде қабыну салдарынан пайда болған ісік көмекейді тарылтып, баланың дем алуын қиындатады.
Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады.
Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Кейде вазомоторлы (вегетативті жүйке жүйесінің қабынуы) және аллерг. (организмнің аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Бұл кезде дене температурасы аса көтерілмейді, бірақ ауру адамның басы ауырып, тыныс алуы қиындайды, көздің шырышты қабатының қабынуынан көзден жас ағады. Әсіресе мұрын бітелу нәрестелерде қиын өтеді, себебі, олардың мұрын қуысы тар болады да, мұрын ішіндегі болар-болмас ісіну олардың дем алуына, емшек емуіне кедергі жасайды. Кейде қабыну мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады
Фарингит (грек. pharynx — жұтқыншақ) — жұтқыншақтың кілегей қабығының қабынуы. Фарингит жедел респираторлы аурулардың, тұмаудың, т.б. жұқпалы аурулардың әсерінен болады. Кейде жұтқыншаққа әр түрлі факторлардың әсер етуінен де (мысалы, ауыз арқылы суық ауамен демалғанда немесе қатты суықта сөйлескенде, сондай-ақ өте ыстық не өте суық тағам жегенде) дамиды. Фарингиттің екі түрі бар. Жедел Фарингит көбінесе жұқпалы болады. Бұл кезде жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарып ісінеді. Науқас адамның тамағы құрғап, жыбырлаған сияқты, бір нәрсе кілегей қабыққа жабысып тұрғандай сезінеді. Дене температурасы қалыпты болады. Егер Фарингиттің жедел түрін дәл уақытында емдемесе, ол созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде жұтқыншаққа өте көп мөлшерде қақырық жиналады, соның салдарынан ауру адам үнемі жөтеліп, қақырық тастайды, әсіресе бұл таңертеңгілік мезгілде байқалады. Кейде көп жөтелгеннен науқастың жүрегі айнып, құсуы да мүмкін. Фарингиттің созылмалы түрінің дамуына созылмалы тұмау, тонзиллит, мұрын қуысының іріңді қабынуы, тіс кариесі, организмде зат алмасу процесінің бұзылуы, жүрек, бауыр және бүйрек аурулары себеп болады. Сондай-ақ Фарингиттің дамуына ауаның өте құрғақ болуы, темп-раның күрт өзгеруі, ауадағы шаң-тозаң және зиянды заттардың қалыпты мөлшерден көп болуы да үлкен әсер етеді.
2)тапсырма Сөйлеу қабілетінің бұзылуының жіктелуі.(Бадалян.Л.О)
Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.
Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.
Органикалық – түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.
Функциональдық – мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.
Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі.
Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:
Фонетикалық бұзылулар – бір дыбысты немесе бір топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң – ұяң – үнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.
Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер: шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау-жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).
Әуендік – екпіндік бұзылулар: екпінді дұрыс қоймаумен байланысты, дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарғылыңқы, бақылдақ және т.б.). мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б.
Қарқындылық – ырғақтық бұзылулар: мидағы қозу үдерістерінің басымдылығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (брахилалия); тежелу үдерістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); үзік-үзік қарқын (қажетсіз паузалар, сүріну, құрысу сипатты емес кекештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы – тұтығу немесе кекештік).
Жазба тілдің бұзылуы: жазуда: фонеманың графемаға қате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе шатастыру; сөйлеудегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық-буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.
Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия.
Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.
Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады.
3) тапсырма Балалардың сөйлеу қабілеті бұзылғанда жүргізілетін профилактикалық емдеу тәсілдері.
Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы: кейбір дыбыстардың үндестік нақышымен дұрыс айтылмауы адамның өзіне оғаш сезіліп, ол ыңғайсызданады, содан өз сөзіне немқұрайлы, салғырт қараған соң, сөзінің сұлулығы жойылады да, кісімен мәнерлеп сөйлесуіне кедергісін тигізеді. Күрделі тіл мүкістіктері немесе тұтықпа сияқты кемістіктер мектепте баланың оқу үлгерімнің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады.Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз. Тіл ойдың құралы деп аталады. Біз сөздің жәрдемімен ғана ойлай аламыз. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және де сол арқылы қолданылады. Олай болса, баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Сөз қорының таяздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл ойдың дамуын кешеуілдететін нышаны болады. Бақылау тәсілі – бұл кең тараған педагогикалық тәсіл. Бұл тәсілді педагогикада да, психологияда да, кең қолданылады, сонымен бірге логопедия да пайдаланды. Сөзінің шапшаңдығын, дыбысты айтуын, сөйлем құрауын, сөз қорын сөйлегенде бақылай отырып, тілінің жалпы жағдайы туралы біз кейбір қорытынды жасай аламыз да, анықталаған кемшілігін белгілейміз. Бұл тәсілді пайдаланғанда белгілі бір талапты сақтау керек. Бақылаудың сөйлегенін ғана бақылай беруге болмайды, ол үшін бақылаудың алдын-ала мақсатын қою қажет. Әңгімелесу тәсілі-екінші маңызды тәсіл, ол – тіл кемістіктердің әңгімелесудің көмегімен анықтайтын тәсіл. Әңгімелесу арқылы баланың дыбыстардың қайсысын дұрыс, қайсысын бұрмалап немесе тастап кетіп, бір дыбысты екінші дыбыспен алмастырып сөйлейтінін анықтаймыз.
Тәжірибе жасау тәсілі – бұл тіл кемістіктерін зерттейтін тәсілдердің үшінші түрі. Бұл тәсілдің басқалардан артықшылығы сол, ол өзінің мұқияттылығымен және қатаң жүйелілігімен ерекшеленіп, бізге керекті нәтижені тезірек алуымызға мүмкіндік береді.
а) Операция жасау
Кейде баланың тіл кемістігі артикуляциялық аппаратының органикалық қатты бұзылуынан пайда болады. Мысалы: таңдай мен ерінің, тістің көмегімен айтылатын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс шықпауы, сонымен бірге дауыстың мұрын арқылы шығып маңқалануы осындай кемшіліктің айғағы болады. Мұндай жағдайда таңдай мен ерінің тілінген жерін операция жасап тіккен кейін арнтикуляцияны дұрыс жұмыс істетіп және дыбыстың жақсы естілуін жөнге келтіру мақсатымен жаттықтырып тәрбиелеуді арнайы логопедия жұмысы жүргізеді.
д) Физиотерапиялық, психиотерапиялық емдеу.
Логопедия жұмысының процесіне медициналық тәсілді қолданумен қатар физиотерапия мен психотерапияны да пайдаланды. Физиотерапия организмді жалпы нығайту үшін жәрдем береді. Ол сумен, жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе ықпалынан пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін адамның психикасын сөзбен әсер ету деп түсінеміз. Мысалы: тұтықпасы бар адамның қорқып сөйлемеуі, күманданғыштығы, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтар байқалады.
4)тапсырма сөйлеу кемістіктерін жөндеудегі педагогтың рөлі , әртүрлі кемістігі бар балаларға арналған мектеп интернат.
Ол әртүрлі ақаулары бар балаларда алуан түрлі тіл кемістіктер арасынан сөйлеу, психологиялық және физиологиялық механизмдерінің қалыптаспауының немесе ерте онтогенезде бұзылуының салдарынан пайда болған сөйлеу тілі бұзылыстары бар бастапқы есту, көру, зияты сақтаулы балаларды өзінің зерттеу нысаны ретінде алған. Р.Е. Левина мұндай бұзылыстарды бастапқы сөйлеу тілі дамымаған категорияға жатқызған.
Кейін де, сөйлеу тілі бұзылыстарының топтастыру мәселесі бастапқы бұзылыстарына қатысты қарастырылатын болды.
Дамуында басқа ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары негізгі, жетекші ауытқушылықпен тығыз байластырылып, зерттелетін болды.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын топтастыру мәселесін қарастыру барысында ғылымдар екі бағытқа бөлініп кетті: бірінші бағыттағы ғалымдар сөйлеу тілі бұзылыстарының дәстүрлі номенклатурасын сақтап, бірақ оны жаңа мазмұнмен толықтырса, екінші бағыттағы ғалымдар сөйлеу тілі бұзылыстарының дәстүрлі номенклатурасынан бас тартып, бұзылыстардың жаңадан жіктеуін еңгізді.
Сонымен, қазіргі кездегі логопедияда бір-бірін толықтыратын тіл кемістіктерін топтастырудың екі түрі бар: клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық (Р. Е. Левина бойынша).
Аталған классификациялар тіл кемістіктерін топтастыруда әр түрлі көз қараста болса да, олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді, бір-бірін толықтырады. Өйткені олар логопедиялық көмек көрсету процесінің әр түрлі міндеттерін шешуге бағытталған. Тіл кемістіктерін топтастыру мәселесі шетелдік ғалымдардың да назарынан тыс қалған жоқ. Мысалы, АҚШ ғалымы Бердайнның 1985ж. «Мамандыққа кіріспе» атты кітабі жарық көрді. Мұнда автор тіл кемістіктерінің классификациясын беріп, оларды келесі топтарға бөледі:
1. артикуляциялық бұзылыстар;
2. дауыстың бұзылуы:
а) дауыстың жоғарлығының бұзылуы:
- дауыстың бұзылуы (ломка)
- дауыстың вариациясының болмауы.
б) дауыстың қаттылығының бұзылуы
в) мұрындық ренкпен сөйлеу (гнусавость)
г) тыныс алудың бұзылуы
д) дауыстың қырылдап шығуы
Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтауға, пунктті жинақтауға, түзете оқытудың сапасына жауап береді.
Мұғалім-логопедтің міндеттері:
1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша
балаларға сабақ жүргізуі және біріншілік кемістікке байланысты үлгермеудің алдын алуға жәрдемдесу;
2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша
педагогтар мен ата – аналарға ( заңды өкілдерге) нұсқаулар беру;
3) логопедтік пункттерге баратын балалармен жұмыс істейтін
педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру;
4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен ,
Мұғалім-логопедтің апталық жүктемесі кеңес жұмыстарына жұмсалған уақытты ескермегенде 18 сағатты құрайды.
Мұғалім-логопедтердіңжұмысына басшылықты және қадағалауды, қарамағындағы логопедтік пункттің білім беру басқармасы, және логопедтік пункт орналасқан мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады.
Ауданда, қалада, облыста, бірнеше логопедтік пункт болған жағдайда аудандық (қалалық), облыстық әдістемелік кабинеттерде немесе білім беру қызметкерлерінің білімін жетілдіру институттарында әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін.
Мұғалім –логопедтердің әдістемелік бірлестіктеріне басшылық жасау аттестаттаудың қорытындысы бойынша аға мұғалім -әдіскер атағы бар, білім беруді басқару органы тағайындаған аса тәжірибелі мұғалім –логопедтің біріне жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |