118
Айналым қаражатының (айналым капиталының) болуы
кәсіпорынмен шарушылық қызметті жҥзеге асырудың қажетті
шарты болып табылады.
Айналым капиталы
әрбір ӛндірістік
циклға (шикі зат, негізгі және қосымша материалдарға және т.б.)
қажетті қҧралдарды алуға және еңбек ақы тӛлеуге жҧмсалады.
Осы
айтылғандарға байланысты, айналым капиталы негізгі
капиталға қарағанда, бір ӛндірістік цикл ағымында толығымен
жҧмсалады.
2. Кәсіпкерлердің мҥліктеріне заттық қҧқықтар: тҥсінігі,
мазмҧны, тҥрлері
Кәсіпкерлердің мҥліктері заттармен қоса мҥліктік қҧқықты
қалыптастырады. Мҥліктік қҧқықтар әртҥрлі мазмҧнға ие болып,
әртҥрлі негіздер бойынша туындауы мҥмкін.
Жоғарыда айтылған
жағдайларға қатысты, барлық мҥліктік қҧқықтар заттық және
міндеттемелік болып бӛлінеді.
Заттық қҧқық деп қҧқылы тҧлғаның шаруашылық билік
аумағында бар мҥлікке тікелей әсер ету жолымен, ӛзінің
мҥдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қҧқықты
тҥсінеміз. Заттық қҧқық бір-бірінен артта қалған тарихи
дәуірлерде
кеңінен
қолданылған
санаттардың
қатарына
жатқызылады.
Дегенмен,
біздің
уақытымыздан
жоққа
шығарылмайды. Заттық қҧқықтың ӛміршеңдігі кӛбіне,
аталған
заттың есебінен әртҥрлі қажеттіліктерді қанағаттандыруды
қамтамасыз ете отырып, тҧлғаның затқа (мҥлікке) деген
қатынасын бекітуімен тҥсіндіріледі. Алайда, аталған жағдай
заттық қҧқық санатының жеткілікті тҥрде осал екендігін кӛрсетеді
және цивилистикалық ғылымда
бірнеше рет сынға алынған
болатын. Қҧқықтық санат ретінде заттық қҧқыққа тән кемшіліктер,
белгілі бір дәрежеде оның қасиетінің жалғасы болып
табылатындығын айтуға болады. Кӛп жағдайда заттық қҧқық
119
санатына бір-бірімен ортақ белгілері аз қҧқықтарды салыстырады.
Соның нәтижесінде заттық қҧқық санатыныңда қҧнсыздануына
әкеліп соғады. Дегенмен, қандай да бір ҧғымның тҥсінігін тым
кең анықтаса, жоғарыда айтылған жағдайға әкеп соғары анық.
Заттық қҧқықты басқаларынан
ажырататын белгілеріне
келесілер жатқызылады:
1. Заттық қҧқық мҥліктік қҧқық санатына жатқызылады;
2. Дара-анықталған затқа қатысты пайда болады;
3. Шексіз (абсолютті) қҧқық болып табылады. Заттық қҧқық
иесіне осы қҧқықтарды жҥзеге асыруға кедергі келтірмеуге
қатысты барлығының және әрқайсысының міндеттері қарсы
тҧрады;
4. Заттық қҧқыққа қорғалудың
шексіз сипаты тән, яғни заттық
қҧқыққа қол сҧғатын әр кімнен және барлығынан қорғалу;
5. Аталмыш қҧқық заңмен бекітіледі. Заңмен бекітілуі, бҧл
қҧқықтардың заңда заттық деп аталуы керек дегенді білдірмейді.
Олардың мҥліктік қҧқықтар санатына жатқызылып және заңдық
актілермен қарастырылуының ӛзіде жеткілікті. Олардың заттық
қҧқық санатына жатқызылуы заттық қҧқық
белгілеріне ие болу
барысында жҥргізіледі;
6. Заттық қҧқыққа соңынан еру қҧқығы тән. Заттық қҧқық
заттың соңында жҥреді. Мҥлікке меншік қҧқығының басқа тҧлғаға
ӛтуі мҥлікке басқа заттық қҧқықтардың тоқтатылуына негіз болып
табылмайды;
7. Заттық қҧқық иесі иелену, пайдалану және билік ету
қҧзыретіне ие болуы қажет. Дегенмен, заттық қҧқықтың
әртҥрлерінде қҧқық иегері қҧзыреттіліктің әртҥрлі жиынына ие
болады. Әртҥрлі кӛлемде болғанның ӛзінде, қҧзыреттіліктің толық
жиынына (иелену,
пайдалану, билік ету) меншік қҧқығы,
шаруашылық жҥргізу және оралымды басқару қҧқық субъектілері
ие болады. Жерді пайдалану қҧқығы, жер қойнауын пайдалану
қҧқығы және мҥлікті жалға алу субъектілері иелену және
пайдалану қҧқықтарына, кепілге салу барысында сақтаушы мен
кепіл ҧстаушы иелену қҧқығына ие болады. Ипотека барысында
кепіл ҧстаушы мҥлікке жартылай билік ету қҧқығына ие болады.
120
Сервитут иесі пайдалану және жартылай иелену қҧқығына ие
болады.
ҚР АК меншік қҧқығымен қатар заттық қҧқықтарға
жерді
пайдалану қҧқығын, шаруашылық жҥргізу қҧқығын, оралымды
басқару қҧқығын және заң актілерінде кӛзделген басқа да заттық
қҧқықтарды жатқызады (АК 95-б.). Ӛзге де заттық қҧқықтарға жер
қойнауын пайдалану қҧқығын, кепіл, сервитут және басқаларын
жатқызуға болады.
Меншік қҧқығы
мазмҧны бойынша ең кең заттық қҧқықты
білдіреді. Аталмыш қҧқық кәсіпкерлк қызметтің кӛптеген
субъектілері бизнесінің негізін қалыптастырады. Шаруашылық
серіктестіктерге,
акционерлік
қоғамдарға,
ӛндірістік
кооперативтерге, жеке кәсіпкерлерге мҥлік меншік қҧқығымен
тиесілі болады.
Достарыңызбен бөлісу: