А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет91/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Сақтау шарты
Сақтау шарты бойынша бiр тарап (сақтаушы) 
оған екiншi тараптың (жҥк берушiнiң) берген затын сақтауға және бҧл 
затты сақталған кҥйiнде қайтаруға мiндеттенедi (ҚР АК 768-б., 1-т.). 
Кӛп жылғы дәстҥрге сәйкес сақтау шарты нақты шарт ретінде 
қарастырылады, жалпы тәртіп бойынша ол жҥк берушінің затты 
сақтаушығы берген сәтінен бастап жасалды деп есептеледі. 
Сонымен қатар, сақтау шарты ақылы шарт болып табылады деп 
анықталады. Оған қоса тәжірибеде, әсіресе, азаматтардың 
арасындағы қатынастарда сақтау бойынша ӛтеусіз қызмет 
кӛрсетулерде кеңінен тараған.
Азаматтық қҧқық теориясы дәстҥрлі тҥрде сақтау шартының 
бірнеше тҥрлерін ажыратады. Ең алдымен, заң 
әдеттегі сақтау
және 
сақтаудың арнайы түрлерін
ажыратады. Әдеттегі сақтау 
сақтау туралы жалпы ережелермен реттеледі. Сақтаудың арнайы 
тҥрлеріне мҥлікті тауар қоймасында сақтау, ломбардта, банкте, 
кӛлік ҧйымдарының сақтау камераларында, мекемелердің 
киімілгіштерінде, қонақҥйде сақтау және сонымен қатар, секвестер 
(даулы заттарды сақтау) жатады. Сақтаудың аталған әрбір тҥрі 
ӛзіндік ерекшеліктерге ие, ол ерекшеліктер сақтау бойынша 
қызмет 
кӛрсететін 
тҧлғалардың 
қызмет 
ерекшеліктеріне 
байланысты болады.
Сақтауға берілетін заттың тҥріне байланысты әрдайым 
(ҥнемі) және иррегулярлы сақтау шарттары болып бӛлінеді. 
Иррегулярлы сақтау шарты (лат. тілінде irregulare - ӛзгеше, 
қалыптан тыс) жҥк берушінің мҥлкі сол тектес және сол сапалас 
басқы жҥк берушінің немесе сақтаушының мҥліктерімен араласа 
алатын мҥлікке қатысты жасалады. Жҥк берушіге тек сол тектес 
және сапалас заттарға парапар немесе тараптармен келісілген 
заттарды қайтаруға ғана кепілдік береді. Мҧндай шарттар әдетте


173 
жеміс сақтаушылармен, элеваторлармен, мҧнай базаларымен және 
т.б. жасалады.
Сақтаушының рӛлінде қатынасқа тҥсетіндерге байланысты 
кәсіби және кәсіби емес сақтау деп те бӛлінеді. Кәсіби сақтау 
бойынша қызмет кӛрсету сақтауды жҥзеге асыру кәсіби қызметін 
жҥргізудің бірден-бір мақсаты болып табылатын кез келген 
коммерциялық ҧйым немесе коммерциялық емес ҧйыммен 
кӛрсетіледі.
Сақтау шартының пәні сеніп тапсырылған мҥліктің сақталуын 
қамтамасыз ету бойынша сақтаушының іс қимылы-қызметі болып 
табылады.
Сақтау шартының тараптары жҥк беруші және сақтаушы 
болып танылады. Жҥк беруші ретінде кез келген жеке тҧлға 
немесе заңды тҧлға болуы мҥмкін, оған қоса мҥліктің меншік 
иесінің болуы міндетті емес, яғни уәкілдік алған тҧлғада (жалға 
алушы, тасымалдаушы, мердігер және т.б.) жҥк беруші бола 
алады. Жекелеген жағдайларда мҥлікті сақтауға тек белгілі бір 
анықталған тҧлғалар ғана бере алады, мысалы, қонақҥйде сақтау 
бойынша тек қонақҥйдің иелері ғана бере алады. Сақтаушы 
ретінде де азаматтар мен заңды тҧлғалар болуы мҥмкін, алайда, 
оларға заңнама бойынша белгілі бір талаптар қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет