А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет99/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Ерікті сақтандыру
сақтандырушы мен сақтанушының 
арасында жасалған шарт негізінде жҥзеге асырылады.
Сақтандырудың жалпы ережелерін және оны жҥзеге асыру
тәртібін анықтайтын, ерікті сақтандырудың талаптары әрекет 
етуші заңнаманың ережелеріне сәйкес сақтандырушымен жеке 
бекітіледі. Сақтандырудың нақты ережелері сақтандыу шартын 
жасасу барысында айқындалады.
Міндетті 
сақтандыру болып заңның кҥшіне орай жҥзеге 
асырылатын 
сақтандыру 
болып 
табылады. 
Міндетті 
сақтандырудың тҥрлері, оны жҥзеге асыру жағдайлары мен 
тәртіптері ҚР-нің сәйкес заңдарымен анықталады (Қазақстан 
Республикасында міндетті сақтандыруға, мысалы, кӛлiк қҧралы 
иесiнiң 
азаматтық-қҧқықтық 
жауапкершiлiгiн 
сақтандыру,
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін 
сақтандыру жатады).
Сонымен қатар, сақтандыру жеке және мҥліктік болып 
бӛлінеді. Азаматтың ӛмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн 
және жеке басына байланысты ӛзге де мҥліктік мҥдделерiн 
сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты 
бойынша сақтанушының ӛзi, сондай-ақ шартта аталған басқа 
(сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мҥмкiн. Жеке 
сақтандыру тарихи тҥрде сақтандыру шартын жасасқан тҧлғаның 
қайтыс болуы жағдайында ӛмірін сақтандырудың пайда болуымен 
байланысты. Осы орайда сақтандыру шартын жасасудың мақсаты 
сақтанушының ғана емес, ал оның отбасы мҥшелерінің мҥліктік 
мҥдделерін қорғау болып табылады, себебі сақтандыру тӛлемі 
сақтанушы қайтыс болғаннан кейін оның мҧрагерлеріне немесе 
тӛлемді алуға тағайындалған тҧлғаға (тҧлғаларға) тӛленеді. 
Мҥліктік сақтандыру шарты бойынша, кӛбінесе, келесі мҥліктік 
мҥдделер сақтандырылуы мҥмкін:


182 
1) мҥлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе 
бҥлiнуi және ӛзге де мҥлiктiк игiлiктер мен қҧқықтар 
сақтандырылады (АК 809 б. 3 т.); 
2) азаматтық-қҧқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, 
ҥшiншi бiр адамдардың ӛмiрiне, денсаулығына немесе мҥлкiне 
зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша 
жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер 
бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады (АК 809 б. 5 т.). 
Жауапкершілікті сақтандырудың ерекшелігі сақтандырушы 
сақтанушыны, ӛз әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы зиян 
келтірген ҥшінші тҧлғалар алдындағы мҥліктік жауапкершіліктен 
сақтандырады. 
Сақтандыру 
жағдайының 
басталғандығын 
жариялауға жәбірленушінің пайдасына сақтанушыдан ақша 
сомасы ӛндіріп алу туралы сот шешімі негіз болады. Сақтандыру 
объектілерінің тҥрлері ӛте кӛп.
Осыған байланысты жауапкершілікті сақтандырудың барлық 
тҥрлерін:
- кӛлiк қҧралы иесiнiң азаматтық-қҧқықтық жауапкершiлiгiн 
сақтандыру; 
- тасымалдаушының азаматтық жауапкершілігін сақтандыру; 
- қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру; 
- аса қауіпті кәсіпорындардың азаматтық жауапкершілігін 
сақтандыру;
- міндеттемелерді орындамағаны ҥшін жауапкершілікті 
сақтандыру; 
- азаматтық жауапкершіліктің ӛзге де тҥрлерін сақтандыру 
деп топтастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет