А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Даулы заттарды сақтау (секвестр)



Pdf көрінісі
бет96/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Даулы заттарды сақтау (секвестр) 
соттық немесе шарттық 
сипатта болуы мҥмкін. Секвестр туралы шарт бойынша затқа 
деген қҧқық жӛнiнде араларында дау туған екi немесе бiрнеше 
адам даулы затты даудың шешiлуi бойынша соттың шешiмi не 
дауласып жҥрген барлық адамның келiсуi (шарттық секвестр) 
бойынша бҧл зат кiмге берiлсе, соған қайтаруды мiндетiне алатын 
ҥшiншi адамға бередi.
Секвестр тәртiбiмен сақтауға қозғалатын да, 
қозғалмайтын да заттар берiлуi мҥмкiн (ҚР АК 790 б.). 
Тауар қоймасында сақтау 
қойма қҧжаттарын қҧрастыру 
арқылы рәсімделеді, олар бағалы қағаз болып табылады
 
(жай 
қойма куәлiгi және қос қойма куәлiгi ҚР АК 797 б.). Тауар 
қоймасында сақтау
 
шарты жария шарты болып табылады. Оны 
қҧқықтық реттеудің ерекшеліктері ҚР АК 39 тауарының 3 
параграфында кӛрініс тапқан.
Тапсырма шарты. 
Тапсырма шарты азаматтық айналымда 
кеңінен қолданылады.
 
Азаматтық қҧқықтық қатынастардың 
субъектілері белгілі себептермен (ауруына, белгілі бір мәселелер 
бойынша арнайы білгірлігінің болмауы, тҧрғылықты жерінде ҧзақ 
уақыт болмауы қажеттілігінде және т.б.) мәмілелер мен ӛзге де 


176 
заңды әрекеттерді ӛздері жҥзеге асыра алмағанда тапсырма 
шартына және осындай әрекеттерді жҥзеге асыратын басқа 
тҧлғалардың кӛмегіне жҥгінеді.
ҚР АК 846 б. 1 т. сәйкес, тапсырма шарты бойынша бiр тарап 
(сенiм бiлдiрiлген ӛкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) 
атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға 
мiндеттенедi. Сенім білдірілген ӛкiл жасаған мәмiле бойынша 
қҧқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.
Тапсырма шарты консенсуалды болып табылады, себебі 
тараптар арасында келісімге қол жеткізілгенде жасалды деп 
есептеледі. Ол ақылы да және ақысыз да бола алады.
Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген ӛкіл) 
екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен 
белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді. Сенім білдірілген 
ӛкіл жасаған мәміле бойынша қҧқықтар мен міндеттер тікелей 
сенім білдірушіде пайда болады (АК 846 б. 1 т.). 
Егер заң актiлерiнде немесе шартта кӛзделген болса, сенiм 
бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген ӛкiлге сыйақы тӛлеуге мiндеттi.
Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың 
бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жҥзеге асыруына байланысты болса, 
шартта ӛзгеше кӛзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген 
ӛкiлге сыйақы тӛлеуге мiндеттi. 
Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың 
ӛтелуi кӛрсетiлсе, бiрақ сыйақының мӛлшерi кӛрсетiлмесе, онда ол 
осыған ҧқсас қызметтер ҥшін әдетте, қабылданған баға ескеріле 
отырып айқындалады.
Сенiм бiлдiрiлген ӛкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi 
тиiстi тҥрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз 
орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы тӛленуге тиiс. 
Тапсырма шарты, қағида бойынша, сенім білдіруші (ӛкілдік 
беруші) мен сенім білдірілген тҧлғаның (ӛкілдің) арасындағы ішкі 
қатынастарын реттеуге бағытталған. Осы шарттан пайда болатын 
ӛкілдіктің сыртқы бейнесі ӛз кӛрінісін сенімхатта табады.
Шарттың тараптары ретінде сенім білдіруші және сенім 
білдірілген ӛкіл деп аталатын тараптар қатынасқа тҥседі. 
Тапсырма шартының ерекшелігі, мҧнда сенім білдірушінің де, 


177 
сенім білдірілген ӛкілдің де орнын тек әрекетке қабілетті тҧлғалар 
ғана иемдене алады. Егер де тапсырма шарты коммерциялық 
ӛкілдік қатынастарын ресімдейтін болса, онда сенім білдірілген 
ӛкіл жағында кәсіпкер-азамат немесе коммерцилық заңды тҧлға 
болады. Сенім білдірушінің тапсырмасымен анықталатын 
делдалдық қызметтерді кӛрсету тапсырма нысанасын қҧрайды. 
Тапсырма шартының пәні сенім білдірілген ӛкілдің тиісті заңды 
іс-әрекеттерді жасау әдістеріне немесе тәртібіне, жасалатын 
мәмілелер бойынша контрагенттерді анықтауға қатысты сенім 
білдіруші берген тапсырмалармен нақтылана тҥсуі мҥмкін. Заң тек 
сенім білдірушінің нҧсқаулары нактылы, заңды және жҥзеге 
асырыла алатын болуы тиіс екендігі жӛнінде айтады. Нҧсқаудың 
заңдылығы сенім білдірілген ӛкіл тапсырманы орындағанда тек заң 
аясында ғана әрекет еткені жӛн дегенді білдіреді. Сондықтан сенім 
білдірушінің нҧсқаулары қҧқыққа қайшы болса, сенім білдірілген ӛкіл 
оны орындауға міндетті емес, егер де ол осындай заңсыз 
нҧсқаулар бойынша жҥріп, әрекет етсе, ол ӛзі ҥшін жағымсыз 
қҧқықтық салдар туғызуы мҥмкін.
42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет