180
Сақтандырушының сақтандыру сыйлық ақысын тӛлеу міндеті
бірден
және
барлық
сақтандыру
шарттарында
жҥзеге
асырылмайды, ал тек сақтандыру жағдайы туындағанда ғана
жҥзеге асырылады. Сәйкесінше сақтандырушы бір жағдайларда
эквиваленттік
емес негізіде пайда алады, ал кейбір жағдайларда
мӛлшері ол алған сыйақылардан жоғары болатын сақтандыру
тӛлемін жҥзеге асыруға міндетті болады. Міне, осы жағдайлардың
негізінде сақтандыру шартының тәуекелдік сипаты кӛрініс табады.
Сақтандыру қатынастары ҚР АК–нен басқа арнайы
нормативтік қҧқықтық
актілермен реттеледі, олардың бастысы
болып 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Сақтандыру қызметі
туралы» ҚР Заңы танылады.
Сақтандыру шартының субъектілері сақтандырушы және
сақтанушы болып табылады.
Сақтандырушы - сақтандыруды
жҥзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде
сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған ӛзге тҧлғаға (пайда
алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының)
шегiнде сақтандыру тӛлемін жҥргізуге мiндеттi тҧлға (ҚР АК 814
б.). Сақтандыру ҧйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру
қызметiн жҥзеге асыру қҧқығына лицензиясы бар заңды тҧлға не
Қазақстан Республикасының ӛзара сақтандыру туралы заңнамалық
актісіне сәйкес ӛзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола
алады. Сақтанушы ретінде сақтандырушымен сақтандыру шартын
жасасқан және сақтандыру тӛлемін енгізген тҧлға бола алады (ҚР
АК 813 б.). Сақтандырылған адам - ӛзіне
қатысты сақтандыру
жҥзеге асырылатын тҧлға (ҚР АК 815 б.). Сақтанушы мен
сақтандырылған тҧлға бір адам немесе бӛлек адамдар болуы
мҥмкін.
Сақтандыру қатынастары бойынша сонымен қатар, келесідей
субъектілер де кездесуі мҥмкін: пайда алушы (сақтандыру
шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес
сақтандыру тӛлемiн алушы болып табылатын тҧлға (ҚР АК 816 б.
1 т.)), сақтандыру агенті
(берілген ӛкілеттіктеріне
сәйкес бір
немесе бірнеше сақтандыру ҧйымдарының атынан және
тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жӛніндегі делдалдық
қызметті жҥзеге асыратын жеке немесе заңды тҧлға), қайта
181
сақтандырушы және қайта сақтанушы (ӛзі қабылдаған сақтандыру
тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жҥзеге асыратын
сақтандыру
немесе
қайта
сақтандыру
ҧйымы).
Қайта
сақтандырушы қайта сақтанушының
сақтандыру тәуекелінің
жартысымен қатар сақтандыру жарнасының жартысын ӛзіне қоса
алады (ҚР АК 824 б.).
Достарыңызбен бөлісу: