Заем шарты.
Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi)
басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жҥргiзуiне,
оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен
айқындалған заттарды бередi, ал азаматтық заңнамада немесе
шартта кӛзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал
заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы
тектегi және сападағы заттардың тең мӛлшерiн уақытында
қайтаруға мiндеттенедi (ҚР АК 715 б. 1 т.).
183
Заем шарты әрқашанда нақты шарттың классикалық тҥрі болып
табылды. Алайда, қазіргі әрекет етуші АК 717 б. 1 т. сәйкес, заем
шарты, егер заңда немесе тараптардың келiсiмiнде ӛзгеше
кӛзделмесе, ақша немесе заттар берiлген кезден бастап жасалды
деп есептеледi. Шартта ақшаны немесе заттарды бӛлшектеп
(бӛлiп-бӛлiп) беру кӛзделген жағдайларда, егер шартта ӛзгеше
кӛзделмесе, олардың бiрiншi бӛлiгi берiлген кезден бастап шарт
жасалды деп есептеледi. Қазақстандық қҧқық ҥшін осындай
дәстҥрлі емес
тҧрғыдан шыға келе, АК сонымен қатар,
қарызға
мҥлік беруге уәде беру ҥшін де заңды мағына орнатты. Сондықтан
заем шарты шартта оның тікелей кӛрсетуімен немесе шарт жасасу
барысында тараптардың ҥндемей қалуымен нақты болып
табылады және шарт жасалу кезінен кҥшіне енеді деген келісімге
келген кезде немесе заем шартының жекелеген тҥрлерінің
консенсуалдығы заңда тікелей кӛзделсе консенсуалды болып
табылады.
Жалпы тәртіп бойынша заем шарты ақылы болып табылады.
Егер заң актiлерiнде немесе шартта ӛзгеше кӛзделмесе, заем
нысанасын пайдаланғаны ҥшiн заемшы шартта белгiленген
мӛлшерде заем берушiге сыйақы тӛлейдi деп заңда бекітілген (ҚР
АК 718 б., 1 т.).
Шарттың тараптары- заем беруші және заемшы. Заем беруші
ретінде де, заемшы ретінде де азаматтық қҧқықтың кез келген
субъектісінің бола алуы заем шартының әмбебап сипатын береді.
Жеке тҧлғалар әрекет қабілеттіліктің тиісті кӛлемін иеленбеу
себебіне байланысты заем шартының қатысушылары бола
алмайды. Осы айтылған сӛз қҧқық қабілеттілігі арнайы сипатқа ие
болатын заңды тҧлғаларға да қатысты. Олар заем берушілер болып
тек олардың жарғысында кӛзделген жағдайларда не осы заңды
тҧлга мҥлкінің меншік иесінің нақты рҧқсатымен ғана бола алады.
Заем шартының пәні –ақша және тектік белгілерімен
анықталатын ӛзге де заттар. Осы арқылы қарастырылап отырған
шарт мҥлікті жалдау шарты мен мҥлікті тегін пайдалану шартынан
айрықшаланады, себебі ол шарттардың пәні болып тек жеке-
анқталған заттар ғана бола алады
184
Достарыңызбен бөлісу: |