А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет103/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық
1302917, 5555, Fizika 9 synyp 1422109868 23618, Тарбие жумысы ДК,ДР 111 (1), 7A, Куррикулум Учет Маг. НПН, (by-Multanovsky-V.V.)-Kurs-teoreticheskoi-fiziki-d-451026-(z-lib.org)
Банктiк шот шарты. 
Банктiк шот шарты бойынша бiр тарап 
(банк) екiншi тараптың (клиенттiң) пайдасына тҥсетiн ақшаны 
қабылдауға, клиенттiң клиентке немесе ҥшiншi тҧлғаларға 
ақшаның тиiстi сомаларын аудару (беру) туралы ӛкiмдерiн 
орындауға және банктiк шот шартында кӛзделген басқа да 
қызметтердi кӛрсетуге мiндеттенедi (ҚР АК 747 б., 1 т.).
Банктік шот институты- ең кҥрделі қҧқықтық феномен болып 
табылады. Аталмыш институтты талдауда жалпы теориялық алғы 
шарттар негізінде келесі жағдайларды кӛрсетуге болады: банктік 
шот институты ӛзінің қҧқықтық табиғаты бойынша кешенді болып 
табылады және кӛпшілік-қҧқықтық және жеке қҧқықтық 
аспектілерді біріктіреді; банктік шотпен байланысты қҧқықтық 


186 
қатынастарда экономикалық және қҧқықтық жағынан тең емес 
іскерлер тҥседі, сондықтан кҥшті жақтың қҧқықтарын шектейтін 
және әлсіз жаққа кепілдіктер беретін жағдайларды қарастыру 
қажет; банктік шот банктің кәсіпкерлік қызметінің нысаны болып 
табылады және ӛз қызметінде клиенттерінің қаражатын тартуға 
және пайдалануға мҥмкіндік береді; банктік шот- кәсіпкер мен 
заңды тҧлғаның мәртебесін алудағы қажетті талап, себебі олар 
ҥшін ақшаны шотта сақтау нормативті міндет болып табылады; 
банктік шотпен байланысты қатынастарды қҧқықтық реттеу 
әртҥрлі деңгейде жҥзеге асырылуы мҥмкін, бірақ клиент 
қҧқықтарының минимумы заңмен бекітілуі тиіс.
Қазіргі кезде ақша негізінен қолма–қол нысанда әрекет етеді. 
Ӛзіне тән белгілері анықталынатын заттар азаматтық айналымдағы 
кӛптеген субъектілерге міндеттемелік қҧқықтың бір тҥріне 
айналып кетті. Қолма-қол ақшаны қабылдау мен шығындауға 
байланысты 
барлық 
қатынастар 
арнаулы 
экономикалық 
қҧрылымда шот деп аталынатын негізбен әрекет етеді. Бҧл термин 
кӛп мағыналы. Бір жағынан, шот бухгалтерлік қҧжат болып 
табылады, онда тҧлғаға тиесілі қҧралдың жағдайы мен қозғалысы 
кӛрініс табады. Екінші жағынан, шотты тауар, жҧмыс, қызмет 
кӛрсеткені ҥшін тӛленетін талап ету деп атайды. Азаматтық 
қҧқықта банктегі тҧлғаның шоты экономикалық санат ретінде 
банктік шот шартына отыру кезінде туындайды. Бҧл шарт қолма-
қол ақша айырумен жҥретін барлық несиелеу-есеп айырысу 
операцияларының алдында болады.
Банктік шот шарты консенсуалды, ӛзара және жалпы тәртіп 
бойынша ақылы болып табылады.
Шоттың банктік қызметке жатуы банктік шот шартының 
жариялылық сипатын алдын ала анықтап береді
43
. Банктің әлеуетті 
клиенттерінің шеңбері шектелмеген. Алайда, кейбір жағдайларда 
43
Коваленко Е.Ю. Правовое регулироввание расчетных отношений по законодательству 
Республики Казахстан: Учебное пособие.-Алматы: «Казак университетi», 2003.- 85 б.


187 
бір кәсіпорын бір банкке бір шот емес, бірнеше шот ашу туралы 
ӛтінішпен жҥгінеді
44
.
Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде ӛзгеше 
белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады (АК 
747 б., 3 т.).
Банктік шот шартының бір тарабы ретінде әрқашанда банк 
тҥседі.
Шарттың екінші тарабы, шоттың иесі, банктің клиенті ретінде 
тҧлғалардың кең шеңбері болуы мҥмкін (әртҥрлі деңгейде 
ҧйымдастырылған бірлестіктер). 
Заңды тҧлғалармен қатар банктің клиенттері ретінде жеке 
тҧлғалар да бола алады. Банктік шот шартына қатысты клиент 
ретінде тек кәсіпкер-азаматтар болу керек деген ҧстаным бар, 
алайда, аталмыш жағдай бойынша нормативті сипатта ешқандай 
ҧйғарымдар жоқ.
Банктік шот иегерлерінің келесі бір тобын ӛздігінен заңды 
тҧлға болып табылмайтын, заңды тҧлғалардың ішкі қҧрылымдық 
бӛлімшелері қалыптстырады. Олар банктік шоттың иегерлері 
болуы ҥшін кейбір белгілерге ие болуы қажет. Біріншіден
субъектілердің ҧйымдық және мҥліктік оқшаулықта болуы. 
Екіншіден, бҧл бӛлімшелер заңды тҧлғаның ӛзі бекіткен жергілікті 
нормативтік актілердің негізінде әрекет етуі тиіс. Ҥшіншіден, 
заңды тҧлға осындай бӛлімшесіне шот ашуға қҧқық беруі және 
кейбір жағдайда шоттың тҥрін анықтап беруі тиіс.
Банктік шоттарды қҧқықтық реттеу шоттардың жҧмыс 
режимін қарастырады, ол шоттың берілу тҥріне тәуелді болады. 
Шоттар аталмыш субъектіге кез келген операцияны жасауға 
мҥмкіндік беретін және оның қҧзыретімен және ережелерімен 
шектелетін жалпы немесе әмбебап болуы мҥмкін (есеп айырысу, 
ағымдық шот), сонымен қатар, ақшаны мақсатты қолдануды және 
осындай қолдануды бақылаушы субъектінің болуын кӛздейтін 
44
Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий 
(постатейный): В двух книгах. Книга 1./отв. Ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.-Алматы, 
2006. 672 б.


188 
мақсатты немесе арнайы (бюджеттік, инвестициялық және т.б.) 
шоттар. 
Есеп айырысу шоты- кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыру ҥшін 
шот болып табылады. Бҧл шот бойынша тауарды ӛткізумен, 
олардың ӛндірісін қамтамасыз етумен, ӛндірістік және басқа да 
шығындармен 
байланысты 
барлық 
операциялар 
жҥзеге 
асырылады. Бҧл шоттарға тҥсімдер есепке алынады, олардан еңбек 
ақы тӛлеу ҥшін ақшалар, сатып алынған жиынтықтар ҥшін 
тӛлемдер шығарылады, осы шоттардан салықтар тӛленеді және 
т.б. 
Ағымдағы шоттар- коммерциялық емес заңды тҧлғаларды, 
кәсіпкерлік 
қызметті 
жҥзеге 
асырмайтын 
ӛкілдіктерді, 
қҧрылымдық бӛлімшелерді қаржыландыратын шот. Ағымдағы 
шот ақшаны сақтауға және оның иесін, есеп айырысу 
операцияларын мақсатты қаржыландыруға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет