А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Мҥлікті сенімгерлікпен басқару



Pdf көрінісі
бет105/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық
1302917, 5555, Fizika 9 synyp 1422109868 23618, Тарбие жумысы ДК,ДР 111 (1), 7A, Куррикулум Учет Маг. НПН, (by-Multanovsky-V.V.)-Kurs-teoreticheskoi-fiziki-d-451026-(z-lib.org)
Мҥлікті сенімгерлікпен басқару. 
Мҥлiктi сенiмгерлiкпен 
басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен басқару 
қҧрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мҥлiктi 
сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап қҧрылтайшы 
атаған тҧлғаның (пайда алушының) мҥдделерi ҥшiн осы мҥлiктi 
басқаруды жҥзеге асыруға мiндеттенедi.
Мҥлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенiмгер 
басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде ӛзгеше кӛзделмесе, 


190 
ӛзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мҥлiктi 
пайда алушының мҥддесі ҥшін ӛз атынан басқаруды жҥзеге 
асыруға мiндеттенедi. 
Мҥлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мҥлік 
сенімгер басқарушыға иеленуге, пайдалануға және билік етуге 
беріледі, алайда, аталған мҥлікке меншік қҧқығы ӛтпейді, міне, 
осы сенімгерлікпен басқаруды трастан ажыратады.
Мҥлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты нақты болып 
табылады, себебі бҧл жерде «беру міндеттемесі» емес, «мҥлікті 
беру» туралы мәселе айтылып тҧр, сонымен қатар, ол ақылы да 
ақысыз да болуы мҥмкін.
Мҥлiктi 
сенiмгерлiкпен 
басқару 
шарты 
оның 
қатысушыларының пайдасына да, сондай-ақ ҥшінші тҧлғаның 
пайдасына да жасалған шартта болуы мҥмкін. 
Мҥлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты қҧрылтайшы (жалпы 
тәртіп бойынша мҥліктің меншік иесі болып табылатын тҧлға) мен 
басқарушының арасында жасалады. Сенімгер басқарушының 
міндеті пайда алушының (ол ретінде қҧрылтайшының ӛзі де болуы 
мҥмкін) мҥдделері ҥшін мҥлікті басқару болып табылады. Осыған 
байланысты, қалыптасқан қҧқықтық қатынас тҧрғысынан 
бенефициант пен қҧрылтайшы бір тҧлға болып табылмағанда, 
аталмыш шарт ҥшінші тҧлғаның пайдасына жасалған шарт болып 
есептеледі (ҚР АК 390 б.). 
Мҥлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында әрқашанда екі 
тарап болады – қҧрылтайшы және басқарушы, ал егер шарт 
бойынша пайда алушы ретінде қҧрылтайшы болмаса, онда 
қҧқықтық қатынастың тағы бір қатысушысы-пайда алушы 
(бенефициант) кӛрінеді.
Меншiк иесi, сондай-ақ ӛзге де заттық қҧқық субъектiсi 
немесе мҥлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi 
қҧзыреттi орган қҧрылтайшы бола алады (ҚР АК 884 б., 1 т.). 
Меншік иесінен басқа қҧрылтайшы ретінде заттық қҧқықтың басқа 
да субъектісі тҥсе алады, мысалы, жер пайдаланушы немесе жер 
қойнауын 
пайдаланушы. 
Сенімгерлікпен 
басқарудың 
қҧрылтайшысы болып сондай-ақ мҥлікті сенімгерлікке беруге 
уәкілеттік алған қҧзыретті орган да бола алады. Заңмен кӛзделген 


191 
бір қатар жағдайларда мҥліктің меншік иесі болып табылмайтын, 
сенімгерлікпен басқарудың қҧрылтайшылары: сот-банкроттық, 
хабар-ошарсыз кету және заңмен кӛзделген ӛзге де жағдайларда; 
қорғаншылық және қамқоршылық органы – кәмілетке толмаған 
адамның немесе қайтыс болған адамның мҥлкіне қорғаншылық 
тағайындау барысында болуы мҥмкін. Сенімгерлікпен басқаруда 
қҧрытайшылық еткен билік органы еш уақытта пайда алушы бола 
алмайды.
Сенiмгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, 
сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бӛлiнiс пайда 
алушы (мҥддесi ҥшiн мҥлiктi басқару жҥзеге асырылатын тҧлға) 
бола алады. Әрине, егер сенімгер басқарушы жеке тҧлға болса, ол 
әрекет қабілетті болуы тиіс, ал егер заңды тҧлға болса, арнайы 
қҧқық қабілеттілікпен шектелмеген болуы керек. Осының бәрі 
шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тҧлғаларға да тарайды.
Жалғыз талап - сенiмгер басқарушы тек оның келiсiмiмен 
тағайындалуы керек ( АК 884 б.). Осы орайда, ерекшелік ретінде, 
келесі жағдайды кӛрсетуге болады, басқару кәсіпкерлік 
қызметінің негізгі тҥрі болып табылатын, жария оферта жасаған
мамандандырылған заңды тҧлға және заң бойынша мҥлікті 
сенімгерлікке алуға міндетті тҧлға сенімгер басқарушы ретінде 
қатысқанда олардың келісімі талап етілмейді.
Жоғарыда кӛрсетілген тҧлғалардан басқа сенімгер басқарушы 
ретінде мемлекет немесе уәкілдік берген органдары тҥрінде 
әкімшілік-аумақтық бӛліністер бола алады.
Сенiмгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, 
сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бӛлiнiс пайда 
алушы (мҥддесi ҥшiн мҥлiктi басқару жҥзеге асырылатын тҧлға) 
бола алады. Бірақ, АК 884 б., 3 т. императиві шектеу қойылған, 
оған сәйкес сенімгер басқарушы бір мезетте пайда алушы ретінде 
қатынасқа тҥсе алмайды.
Егер заң актiлерiнде ӛзгеше кӛзделмесе, ақшаны, бағалы 
қағаздарды және мҥлiктiк қҧқықтарды қоса алғанда, кез келген 
мҥлiк сенiмгерлiкпен басқару объектiсi бола алады (ҚР АК 885 б., 
1 т.).


192 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет