А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)



Pdf көрінісі
бет106/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық
1302917, 5555, Fizika 9 synyp 1422109868 23618, Тарбие жумысы ДК,ДР 111 (1), 7A, Куррикулум Учет Маг. НПН, (by-Multanovsky-V.V.)-Kurs-teoreticheskoi-fiziki-d-451026-(z-lib.org)
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) 
шарты. 
«Франчайзинг» терминінің тҥп қазығы franchise деген француз 
сӛзінен шығады, ол ӛз кезегінде «жеңілдік, басымдық» мағынасын 
береді. Бизнесте ӛз жолын енді бастап келе жатқан жас 
кәсіпкерлерге керекті ең қымбат және қажетті жеңілдік -бҧл
еңбегі сіңген және ӛзін-ӛзі ақтаған технологияларды, әйгілі әрі аты 
шулы тауар белгісін пайдалану мҥмкіндігіне ие болу, сонымен 
қатар, іс барысында білім алып және керекті кеңестер алу 
мҥмкіндігі. Франчайзинг-бҧл тауарлар мен қызметтерді сату әдісі. 
Франчайзинг жҥйесі кӛп жылдар ширегінде танымал болған және 
қолданылған іскерлік мәмілелердің, әдістер мен тәжірбиелік іс 
әрекеттердің жиынтығынан туындады. 
Егер тарихқа жҥгінетін болсақ, онда франчайзингті еске 
тҥсіретін сауда тәжірбиесінің мысалдарын тауып алуға болады. 
Осындай мысалдардың бірі- ХII ғасырдағы лондондық Ситида 
қҧрылған гильдия жҥйесі. Ӛз уақытында Британияда король 
барондарға белгілі бір территорияларда әртҥрлі қызмет 
кӛрсетулерге айырбас ретінде салық жинау қҧқығын береді, ондай 
қызметтердің бірі мысалы, әскерлерге солдаттарды жіберу міндеті. 
Ерікті адамдарға рҧқсаттар, яғни қала аумақтарында, базарларда 
және жәрмеңкелерде ӛз тауаларын сатуға франшиза берілген. 
Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап 
(кешендi лицензиар) екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) 
сыйақыға айрықша қҧқықтар кешенiн (лицензиялық кешен), соның 
iшiнде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын 
коммерциялық ақпаратты пайдалану қҧқығын, сондай-ақ 
лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану ҥшiн шартта 
кӛзделген айрықша қҧқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар 
белгiсiн, қызмет кӛрсету белгiсiн, патент және т.б.) беруге 
мiндеттенедi (ҚР АК 896 б., 1 т.). 
Заңды табиғаты бойынша аталмыш шарт консенсуалды, ӛзара 
және ақылы болып келеді.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының тараптары 
болып кешендік лицензиар және кешендік лицензиат тҥрінде 
алға шығады. Келісім шарттың екі тараптары кәсіпкерлер 
болып табылады. Кешенді лицензиар – кешенді лицензияға 


193 
ерекше қҧқылы кешенді тапсыратын субъект. Осы қҧқықтың 
кӛлемі келісім шарт бойынша оларды басқаларға беру ҥшін 
жеткілікті болу керек. Интеллектуалды меншіктіліктің 
(лицензиондық кешен) объектісіне қҧқылы алғаш иегер 
ереже бойынша лицензиар болып шығады. 
Кешенді
 
кәсіпкерлік лицензия келісімшарттының пәніне 
лицензияларға 
тиесілі 
айрықша 
қҧқықтары 
жатады. 
Интеллектуалдық меншік объектілерінің шартты тізімі АК 961 
бабында кӛрсетілген. Белгілі болғандай кешенді лицензия 
компаненті болып азаматтардың жеке айналым қҧралы және 
олардың тауары, қызмет және жҧмысы табылады. Оларға аталған 
баптың 3 тармақшасына сәйкес фирмалық атауларда, тауарлық 
белгілерде (қызмет кӛрсету белгілерінде) кӛрсетіледі. Бір қатар 
жағдайда объективті себептермен байланысты болады. Егер де 
заңдық актілер бойынша басқада жекшеленген тауарлар «жҧмыс, 
қызмет» болса, онда олар лицензиалық кешен қҧрамына кіре 
алады. Қҧқық беруші кешені, оның франчайзингке деген қатынасы 
белгілі болады. Қҧқық кешенінің қажет етуі кӛрінбейді. Ӛз 
қалаулары бойынша тараптар лицензиондық қҧқық «пакетін» 
қалыптастыра 
алады. 
Барлығы 
тараптардың 
шынайы 
қажеттіліктеріне (бірінші орында кешендік лицензиаттың),
кешенді лицензиаттың тӛлем қабілеттілігіне тәуелді. 
Франчайзинг шартының айрықша қҧқықтың міндетті 
объектілеріне фирмалық атау және қорғалатын коммерциялық 
ақпарат жатады. Шартқа осы элементтерді кіргізбеу қол қойылған 
келісімді, тіпті, оның атауы франчайзинг деп тҧрсада, франчайзинг 
шарты деп атауға жол бермейді. «Қорғалатын коммерциялық 
ақпарат» тҥсінігі «қызметтік немесе коммерциялық қҧпияны 
қалыптастырушы ақпарат» деген тҥсініктен шыққан туынды 
болып табылады.
Франчайзинг шартында міндетті айрықша қҧқықтармен қатар, 
кең тараған айрықша қҧқық объектілеріне тауар белгілері, 
ӛнертабыс, 
пайдалы 
модель, 
ӛнеркәсіп 
ҥлгілері, 
тауар 
шығарылатын жердің атауы, жарияланбаған ақпарат, сонымен 
қатар, ӛндіріс қҧпиясы (ноу-хау) жатады. Шарттың объектісі бола 


194 
тҧрып, барлық берілетін айрықша қҧқық кешені «лицензиялық 
кешен» ҧғымын қалыптастырады.
Франчайзинг шартында лицензиялық кешенмен бірге міндетті 
жҥретіндер мҥліктік емес қҧқықтар- коммерциялық тәжірбие мен 
іскерлік бедел болып табылады. 
Осыған байланысты, қызмет кӛрсету бойынша шарттардың 
қатарына кіретін шарттар кәсіпкерлік қҧқықтың қажетті рәмізі 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет