А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет97/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Комиссия шарты. 
Комиссия шарты бойынша бiр тарап 
(комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыруы бойынша 
сыйақы ҥшiн комитент есебiнен ӛз атынан бiр немесе бiрнеше 
мәмiле жасауға мiндеттенедi (ҚР АК 865 б. 1 т.).
Заңды тҥрде берілген анықтамаға жҥгінсек, аталмыш шарт 
консенсуалды, ақылы, екі жақты –міндеттеуші болып табылады.
Комиссия шарты азаматтық қҧқық ҥшін дәстҥрлі болып 
танылады. Нарықтық экономиканың қалыптасуында таңында 
комиссия шартының рӛлі едәуір тҥрде жоғарлады. Комиссия 
шарты заңды қызмет кӛрсетуге бағытталған шарттардың қатарына 
жатады. Бҧл мағынада ол тапсырма шартына жақын болып келеді. 
Бҧл шарттардың ортақ бір ерекшелігі сенім білдірілген ӛкіл де, 
комиссионер де заңды әрекеттерді екінші тараптың, яғни сенім 
білдірушінің немесе комитенттің тапсырмасы бойынша және 
соның есебінен орындайтындығында. Бҧнымен бір мезгілде 
42
Комаров
 А.С.
Договор о коммерческом представительстве: Учеб.-методическое пособие 
М., 1994.


178 
аталған шарттардың арасында елеулі айырмашылықтар да 
баршылық. Олардың біріншісі тапсырма шарты бойынша сенім 
білдірілген ӛкіл ӛкілдік берген адамның міндеттерін орындау немесе 
қҧқықтарын жҥзеге асыруды қоса алғанда, екінші тараптың 
мҥддесіне әртҥрлі занды әрекеттерді орындауға қҧқылы 
болатындығында. Ал комиссия шарты бойынша комиссионер 
комитенттің тапсырмасымен бір немесе бірнеше мәмілелерді 
жасауға міндетті. Басты болып табылатын екінші бір 
айырмашылығы сенім білдірілген ӛкіл заңды әрекеттерді сенім 
білдірушінің атынан жасайтындығында және мәміле бойынша 
кҧқыктар мен міндеттер сенім білдірушіде пайда болатындығында
ал комиссионер мәмілелер жасау барысында ӛз атынан әрекет 
ететіндігінде және мәміле бойынша қҧқықтар мен міндеттерге ӛзі 
ие болып кейіннен оларды комитентке тапсыратындығында. Бҧл 
ереже комиссионер мәміле жасау барысында ӛзінің комитентін 
атағанда немесе комитент жасалған мәмілені орындау бойынша 
ҥшінші тҧлғамен тікелей қарым-қатынасқа тҥскенде де 
қолданылады. 
Егер тапсырма шарты ақылы да, ақысыз да бола алса, ко-
миссия шарты әрқашанда қҧнды
 
сипатта болады. Комиссия шарты 
екіжақты
 
болып табылады, ӛйткені шарттың әрбір тарабы белгілі 
бір қҧкықтар мен басқа тараптың алдында міндеттерге ие болады. 
Шарт тараптары комитент пен комиссионер деп аталады. 
Комитент деп мҥддесіне және оның есебінен мәмілелер жасалатын 
тҧлға аталады. Комиссионер – ӛз атынан, бірақ комитенттің 
пайдасына мәміле жасайтын тҧлға. Олардың орнын шартта кез келген 
жеке тҧлғалар және қҧқық қабілеттілігіндегі ерекшеліктерді ескере 
отырып, заңды тҧлғаларда бола алады. Комиссионер ретінде тәртіп 
бойынша кәсіпкерлер тҥседі. Ӛздерінің жеке, тҧрмыстық 
қажеттілікерін қанағаттандыру ҥшін комиссионердің қызметіне 
мҧқтаж азаматтар мамандандырылған комиссиондық дҥкендердің 
қызметін пайдаланады. Комиссия шарты азаматтардың кҥнделікті 
қажеттіліктерін қанағаттандыру ҥшін және кәсіпкерлік салада, 
негізінен сауда қызметінде кеңінен қолданылады. 
Шарт комитент пен комиссионер арасында жасалатындықтан, 
ол ҥшінші тҥлғалар ҥшін қандай да бір қҧқықтар мен міндеттер 


179 
туғызбайды. Комиссионер мен ҥшінші тҧлғаның қарым-
катынастары комиссия шарты негізінде олардың арасында 
жасалатын мәмілемен және заңнаманың ол туралы нормаларымен 
реттеледі. 
Комиссия шартының пәні комиссионермен жасалатын бір 
немесе бірнеше мәмілелер, яғни заңды сипаттағы қызметтері 
болып табылады. Шарт бойынша комиссионерге мәмілені 
орындауға байланысты нақты әрекеттер орындау (сақтау, жеткізу, 
сатуға қою және т.б.) бойынша міндеттер жҥктелуі мҥмкін. Алайда 
олар қосымша ретінде тҥседі, себебі шарттың мақсаты заңды 
әрекеттер жасауда болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет