САБАҚ: §56. Қазақтың атақты үш биі
|
Мектеп: К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектеп
|
Күні: 22.04.2017ж
|
Мұғалімнің есімі: Рустемова Э.Б
|
СЫНЫП: 7 «А», «Ә», «Б»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):
|
Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. «Би» деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік өнерін жетік меңгереді
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Қазақ халқының атақты үш биін басқа тұлғалармен салыстырып өзіндік ой қорыта алады
|
Кейбір оқушылар:
Қазақ халқының билерінің қазақ қоғамындағы тәрбиелік мағынасын айтады
|
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Ойларын жеткізе алады, салыстырады, дәлелдейді
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: «Жеті жарғы», «Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би»
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Төле бидің дарынды шешен болып өсуіне қандай жағдай септігін тигізді?
2. Қазыбек би ел ішінде қандай мәселені шешіп отырды?
3.Әйтеке би қандай шешендік өнерімен көзге түскен?
|
Сіз неліктен...... екенін айта аласыз ба?
Не себепті Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қазақтың атақты үш биі деп аталады?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Оқиғалар тізбегін сауатты жазу
|
Алдыңғы тақырып
|
5-сынып. §13. Қазақ хандары мен билері (61-68 бет)
|
Жоспары:
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
7м
|
-Оқушылармен сәлемдесу
-Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Зейінді шоғырландыру
«Жүректен жүрекке» шеңбері
– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру
Топқа жұлдызшаға жазылған тірек сөздермен топтастырамын.
1-Топ: Заңгер
2-Топ: Мәмілегер
3-Топ: Ойшыл
Әр топ ақылдасып Спикер топ басшысын сайлайды.
Топтарға бағалау парақшалары мен смайлингтер, бағалау парақшалары беріледі.
Жаңа сабақтың тақырыбын білу үшін оқушыларға сұрақ қойылады: «Би» сөзінің ұғымын қалай түсінесіңдер? (Жұппен ақылдасып талдау жасап айту керек)
Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп,
Кім оның жарлығынан мойын бұрған.
Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ,
Халық соны кетіпті «би» деп атап.
Бүгінгі сабақта мемемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас тартысқа әділ шешім беретін қазақтың билері, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орыны өте жоғары болды. Бүгін сол ұлы биледің бір қатарына тоқталып өтеміз.
|
Тірек сөздер жазылған қиынды сөздер
«Заңгер»,
«Мәмілегер»
«Ойшыл»
Бағалау парақшалары
|
Ортасы
22-мин
|
«КИНОМЕТАФОРА» әдісімен «Қазақтың шешен билері» фильмі көрсетіледі.
Фильмді көре отырып оқушылар бүгін қандай сабақ, не жайында өтетінімізді біліп отыру керек.
Топпен жұмыс:
Жаңа сабақты оқып түсіну мақсатында топтарға топтық жұмыстар беріледі:
І -топқа. Төле бидің балалық шағы туралы мәтіннің жартылай бөлігі ғана берілді, ары қарай оқушылар оқиғанын қалай өрбігенін диалогтық әңгімелесу, ақылдасуы арқылы өздерінше болжайды.
2-топ: . Қаз дауысты Қазыбек биге мінездеме беру. Бұл тапсырмада оқушыларға Қазыбек би туралы мағлұмат ала отырып, оның бойындағы қасиеттері туралы сыни тұрғыдан ойланып жауап беру.
3-топқа: Әйтеке бидің балалық шағын сипаттау
« Рөлдік ойын»
Әр топқа оқулықтан тыс ақпарат беріліп, әр топ рөлдік ойынмен Қазақтың билерінің бейнесін ашу керек.
1-топ.Төле би мен Әнет баба
2-топ. Қазыбек бидің Қаз даууысты Қазыбек би деп аталуы
3-топ: Әйтеке бидің құн даулап келе жатқан жолаушыларға айтқан шешендік сөзі
Әр топ жұмысын қорғайды. Рөлдік ойынмен әр бидің бейнесін ашады.
(Кері байланыс «екі жұлдыз бір тілек»)
Әр топқа 5 жұлдызбен жұлдызша жауаптарына қарай беремін.
|
Оқулық
Интер белсенді тақта, плакат, қарындаш, қайшы, клей, суреттер,
Оқушының жұмыс дәптері
|
Аяқталуы
16 мин
|
«Тез ойла, сөз ойла...»
«Үш бидің әңгімесі» атты мәтінді оқып шығып, мәтінде қай жүз жайында және қай би жайында айтылып отырғанын анықтау.
Үш бидің әңгімесі
Ертеде ұлы жүздің бір жесірін Кіші жүздің бір жігіті алып қашып, содан барымталасып, ел арасы ығыр болыпты. Осы дауды шешу үшін Үш жүздің белгілі билері бас қосады. Сонда________жүздің биі_______тұрып:
-Мен ағаның баласымын, жасым үлкен, билікті мен айтамын, -дейді.
Сол кезде келесі ________ жүздің биі ________тұрып:
—Мен атаның қара шаңырағындағы кенжесімін, жасым кіші болғанымен жолым-үлкен, төбе билік менікі, -дейді.
Осы кезде келесі________жүздің биі________күледі.
-«Жылағанды сұрама-мұңы бар, күлгенді сұра-сыры бар» деуші еді, неге күлдің? -дейді Ұлы жүз биі.
-Сендер атадан туысыңды білесіңдер ме, өсиетін ұмытқан екенсіңдер,-дейді.
________. -Аталарың________қолына қауға беріп, малға қой, ________қолына найза беріп, жауға қой,________қолына қамшы беріп, дайға қой дегені қайда?! Сүрінсем, сүйер алдыма-ағам, артымда інім бар бөбе билік жөні менікі емес пе?
Бұл сөзге екі жағыда тоқтап, Төле билікті ________береді. Сонда қаз дауысты Қазыбек________шешен былай деп төрелік айтады:
-Уа, ________! Сен қарашаңырақта қалған еркесің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесің? Сен, Әйтеке, жесірді қайыр! Сен, Төле жылқыны қайыр! —деп дауды шешкен екен.
(Әр жауапқа қ.б бағдаршам әдісімен бағалайды)
«Ыстық орындық» әдісі
Сұрақтар реті:
1.Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің үстемдік жүргізуі, билік айтуы, өздерінің беделін арттыру үшін бе, әлде өзінің билігін нығайту үшін бе қалай ойлайсың?
2.Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында)
3.Болмас іске қарыспа,
Біреуге ор қазыспа
Жауыздық іске барыспа. Кімнің нақыл сөзі? (Төле би)
4.Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше жасынан бастады? (18 жасынан)
5. «Құн» деген не?
(Қ.б басбармақпен)
Бағалау:
Бағалау талаптары:
Топтық ереже сақталдыма?
Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгерді?
Өз ойын толық, сауатты жеткізе алды ма?
Сабақтың соңында оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады
Оқушылардың топта топ басшысы қалыптастырушы бағамен бағалайды
Жиынтық бағаны мұғалім қояды.
Үйге тапсырма: Төле бидің, Қазыбек би мен Әйтеке бидің толғауларын жаттау.
Шынайы шешен-жарқын тұлға. (шағын шығарма – ойтолғау жазу)
Қазақ билері тақырыбын оқу
Рефлексия:
Сабақ өте жақсы өтті бәрін түсіндім
Сабақтың кей мәселесін түсіну қиын болды
Сабақты түсіну барысында мұғалім көмегі қажет болды.
|
Интербелсенді тақта
Таратпа қағазы
Бағдаршам
Орындық
Дәптер, оқулық
Бағалау парағы
Күнделік
|
Қосымша ақпарат
«Қазақтың атақты үш биі» арналған видиофильм көрсетіледі
Төле бидің, Әйтеке бидің, Қазыбек бидің шешендік сөздер жазылған кітаптар жинағы
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
«Би» сөзін жан-жақты маман иелерімен салыстырып өз ойларын айту
Рөлдік ойынмен би бейнесіне ену
Әңгімені жалғастырып диолог құрып айту
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы тақырыпты өз мысалдары арқылы жинақтап, кері байланыс жасайды.
|
«Бас бармақ» әдісі
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін «Бақылау парағы» арқылы бақылау, өзара «Көңілді бесбармақтар» әдісі бойынша жетістіктерін айқындау. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.
Кері байланыс (ауызша, жазбаша)
«Екі жұлдыз бір тілек»
|
АКТ-мен байланыс (Сабақ барысында қолданылатын таныстырылым үшін)
Дүние жүзі тарихы пәнімен байланыс (Қазақ хандығының көрші елдермен байланыс тарихымен таныстыру)
География пәнімен байланыс (жер қыртысындағы тас атаулары, жер-су атаулары)
Қазақ тілі және әдебиет пәнімен байланы
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|