А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған сҧрақтар



Pdf көрінісі
бет119/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған сҧрақтар: 
1. Жеке кәсіпкерлікке қолдау кӛрсетуді жҥзеге асыра отырып, 
мемлекет қандай қағидаларды басшылыққа алады? 
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекетпен қандай 
кепілдіктер кӛзделген? 
3. Кәсіпкерлік қызметтің қандай бағыттары мемлекетпен 
басымдықты деп танылады? 
4. Кластерлі-желілік тҧрғы шағын және орта бизнеске қандай 
мҥмкіндіктер береді? 
 
 
 
 
 
 
 


232 
VII
I т
арау. КӘСІПКЕРЛІК ДАУЛАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Кәсіпкерлік қызметтегі даулардың тҥсінігі және 
ерешеліктері
Тиімді жҧмыс жасайтын экономикаға арқа сҥйейтін қоғамды 
қҧру және бекіту, азаматтық айналым субьектілерінің арасында 
пайда болған дауды әділетті және заңды шешуді қамтамасыз 
ететін заңдық механизмдердің қалыптасуынсыз мҥмкін емес.
ҚР АК-нің 9 б. 1 тармақшасы азаматтар мен заңды 
тҧлғалардың қҧқықтарын қорғауды жҥзеге асыруға қҧзыретті 
органдардың тізімін анықтайды, олар: сот, тӛрелік сот немесе 
аралық сот, яғни осы орайда заңды тҧлғаларда, сондай-ақ жеке 
тҧлғаларда да ӛздерінің қҧқықтарын қорғауды жҥзеге асыруға 
жҥгінетін органдарды таңдау қҧқығы бар. Осыған байланысты, 
кез келген жеке (азаматтық) дау мемлекеттік, сонымен қатар, 
аралық сотта да шешіле алады, сондай-ақ осы соттардың шешімі 
бірдей, әрі тең заңдық кҥшке ие және міндетті орындалуға жатады.
Қазіргі таңда соттық қорғалу қҧқығы халықаралық қҧқықтың 
жалпымен танылған нормаларына жатады. Ол Азаматтық және 
саяси қҧқықтар туралы халықаралық пактінің 14 бабында және 
Адамның қҧқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы 
Еуропалық конвенциясының 6 бабында бекітілген.
2008 жылы 5 шілдеде «Корпоративтік дауларды шешу 
мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне ӛзгертулер мен 
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданға дейін біздің 


233 
заңнамада «корпоративті даулар» деген болған емес. Аталмыш 
заңда АІЖК-нің 24 бабының 2 бӛлімі жаңа баспада кӛрсетлген.
Заң шығарушымен корпоративті дауларға заңды тҧлғалар 
(коммерциялық емес заңды тҧлғалардың арасындағы дауды 
қоспағанда) арасындағы даулар, сонымен қатар, тараптары заңды 
тҧлға және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, 
мҥшелері) болып табылатын даулар жатқызылады. Корпоративтік 
дауларға: 
1) заңды тҧлғаның қайта ҧйымдастырылуына немесе 
таратылуына байланысты; 
2) 
акционерлердің 
(қатысушылардың, 
мҥшелердің) 
мҥдделерін қозғайтын заңды тҧлға органдарының шешімдеріне, 
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы заңды тҧлға 
акционерлерінің (қатысушыларының, мҥшелерінің) талаптарынан 
туындайтын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде және (немесе) заңды тҧлғаның қҧрылтай 
қҧжаттарында белгіленген мәміле жасау тәртібін бҧзуға 
байланысты; 
3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының 
акцияларға және ӛзге де бағалы қағаздарға қҧқықтарды есепке 
алуына байланысты қызметінен туындайтын; 
4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеудің, сондай-ақ 
эмитент акцияларды орналастыру, иемдену, сатып алу процесінде 
жасалған мәмілелердің жарамсыз деп танылуына байланысты 
даулар кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет