А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


 Мамандандырылған экономикалық соттарда кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет121/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

3. Мамандандырылған экономикалық соттарда кәсіпкерлік 
дауларды шешу тәртібі
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда 
кәсіпкерлік дауларды қарастыру рәсімі жалпы юрисдикциялық 
соттарда дауларды шешу рәсімімен дәлме-дәл келеді.
Азаматтық іс жҥргізуде белгілі бір сатылар қарастырылған, 
яғни жеке дара (соңғы) мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, 
процессуалдық әрекеттердің жиынтығымен:
1. Бірінші сатыдағы сотта іс жҥргізу (істі қозғаудан бастап 
шешім немесе қорытынды қаулы шығарғанға дейін); 
2. Екінші сатыдағы сотта іс жҥргізу (апелляциялық немесе 
кассациялық шағымдану, шешімдер мен қаулыларға наразылық 
келтіру және қайта қарау); 
3. Шешімдерді, ҧйғарымдар мен қаулыларды қадағалау 
тәртібімен қайта қарау жӛнінде іс жҥргізу; 
4. Шешімдерді, ҧйғарымдар мен қаулыларды жаңадан 
анықталған мән жайлар бойынша қайта қарау жӛнінде іс жҥргізу;
5. Атқару ӛндірісі біріктірілген. 
Әр бір саты ҥшін ӛзіндік:
- бірінші сатыдағы сот ҥшін – дауды негізі бойынша қарау; 
- екінші сатыдағы сот ҥшін – бірінші сатыдағы соттың 
шешіміне немесе ҧйғарымына апелляциялық, кассациялық 
наразылықты, шағымды қарау;
- қадағалау сатысындағы сот ҥшін – бірінші немесе екінші 
соттың шешіміне, ҧйғарымына ӛтінішті немесе наразылықты 
қарау; 
- атқару ӛндірісі ҥшін – соттың шешімін немесе ҧйғарымын 
орындау міндеттер тән. 


238 
Бірақ барлық істер бар сатыны ӛте бермейді. Егер сот 
шешіміне наразылық немесе шағым келтірілмесе, іс жҥргізу істі 
бірінші сот сатысында қарастырумен аяқталуы мҥмкін.
Мҧндай жағдайда ӛндіріп алушының талабы бойынша атқару 
ӛндірісі қозғалуы мҥмкін. Егер шешімге шағым берілсе 
(наразылық келтірілсе), іс екінші сатыдағы сотқа ӛтеді 
(апелляциялық немесе кассациялық ӛндіріс қозғалады). Бҧл кезде 
атқару 
ӛндірісі істі 
апелляциялық 
немесе 
кассациялық 
қарастырған соң қозғалуы мҥмкін. Заңды кҥшіне енген шешімдер 
мен ҧйғарымдардың аздаған саны қадағалау тәртібімен немесе 
жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қайта қаралады. Барлық 
жағдайда да атқару ӛндірісі, егер борышкер шешімді ерікті тҥрде 
орындамаса қозғалады.
Бірінші сатыдағы соттағы іс талқысы істі сот отырысында 
қарауға тағайындау туралы сот шешмі шыққан кҥннен бастап 
басталады (ҚР АІЖК 173 б.) және сәйкес сот актісі (шешім немесе 
қорытынды қаулы) шыққанға дейін жалғасады.
Бірінші сатыдағы сотта азаматтық іс талқыланып жатқан сот 
отырысын бӛлімдерге бӛлу қабылданған. Сот отырысының әр бір 
бӛлімінде жҥзеге асырылатын процессуалдық әрекеттердің 
жиынтығы ӛзіндік мақсатқа ие және азаматтық істі қараумен 
байланысты нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Бірінші 
сатыдағы сотта істі қарау тӛрт:
1)
дайындық; 
2)
істі мәні бойынша қарау; 
3)
сот жарыссӛздері және басталып кеткен процеске 
жалпы істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы; 
4)
соттың шешімді шығаруы және шешімді жариялау 
бӛлімнен тҧрады. 
Сот талқысының 
дайындық бөлімінде
осы сот отырысында 
істі мәні бойынша толық және дҧрыс қарау мҥмкіндігін 
қамтамасыз ететін мәселелер анықталады және шешіледі.
Дайындық бӛлімінде сотпен шешілетін негізгі мәселелерге:
- істі осы сот қҧрамымен қарау ; 
- қолда бар дәлелдемелердің негізінде істі қарау және шешу; 


239 
- іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмей қалуы 
жағдайында істі қарау және шешу мҥмкіндіктерін анықтау 
жатады. 
Дайындық бӛлімінде жҥзеге асырылатын әрекеттер, сонымен 
қатар оларды жҥзеге асыру реттілігі ҚР АІЖК 180-191 баптарымен 
реттелген. Осы бӛлімде жҥзеге асрылатын әрекеттер реттілігінен 
ауытқуға заң жол бермейді және процессуалдық әрекеттерді 
жҥзеге асырудың:
1)
сот отырысын ашу; 
2)
процеске қатысушылардың келуін тексеру; 
3)
аудармашыға оның міндеттерін тҥсіндіру; 
4)
куәларды сот отырысы залынан шығару; 
5)
сот қҧрамын жария ету және қарсылық білдіру қҧқығын 
тҥсіндіру; 
6)
іске қатысушы адамдарға олардың қҧқықтары мен 
міндеттерін тҥсіндіру; 
7)
соттың іске қатысушы адамдардың ӛтініштерін шешу; 
8)
іске қатысушы адамдар мен ӛкілдердің сот отырысына 
келмеу мәселелерін шешу; 
9)
сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, 
аудармашының келмеу мәселелерін шешу; 
10)
істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап 
алу; 
11)
сарапшы мен маманға олардың қҧқықтары мен 
міндеттерін тҥсіндіру тәртібін белгілейді. 
Істі талқылау ҥшін белгіленген уақытта тӛрағалық етуші сот 
отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін 
жария етеді (ҚР АІЖК 180 б.). 
Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша іске қатысушы 
тҧлғалардың, 
куәлардың, 
сарапшының, 
маманның 
және 
аудармашының келгендігі туралы баяндайды (ҚР АІЖК 181 б.). 
Тӛрағалық етуші аудармашыға (егер ол қатысса) ҚР АІЖК 
182 бабында. кӛзделген міндеттерін тҥсіндіреді және кӛрінеу 
дҧрыс аударма жасамағаны ҥшін ҚР ҚК 352 және 353 баптарында 
кӛзделген жауапкершілік жӛнінде ескертеді. ҚР АІЖК 182 
бабының ережелері, сонымен қатар, сурдо аудармашыларға, яғни 


240 
араласу барысында саңыраулар мен сӛйлей алмайтындар, кереңдер 
қолданылатын 
белгілер 
бойынша 
аударма 
жасау 
ҥшін 
қатысатындарға тарайды.
Келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады (ҚР АІЖК 
183 б.). 
Тӛрағалық етуші сот қҧрамын жария етеді, сот отырысына 
прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының 
хатшысы, сот пристава ретінде қатысып отырғандардың тегін, 
сонымен қатар, аталған процеске қатысушылардың лауазымын 
хабарлайды. Іске қатысушы тҧлғаларға жоғарыда аталған 
тҧлғаларға қатысты қарсылық білдіру қҧқығы тҥсіндіріледі және 
оларда осындай қарсылықтар бар ма, кімге қарсы және қандай 
негіздер бойынша қарсылық білдіретіндігі туралы анықталады (ҚР 
АІЖК 184 б.). 
Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген 
жағдайда, оларға хабарланғаны жӛнінде мәліметтер жоқ болса, істі 
қарау кейінге қалдырылады. Егер іске қатысушы адамдар сот 
отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше, хабарланса, 
олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда сот істі 
қарауды кейінге қалдырады.
Тараптар келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бҧл 
себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ҧсынуға міндетті 
(ҚР АІЖК 187 б. 1, 2, 3 т.). 
Сот келесі жағдайларда істі жауапкердің қатысуынсыз 
қарауға қҧқылы, егер:
1. Келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса; 
2. Сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса; 
3. Жауапкер іс бойынша іс жҥргізуді қасақана созып отыр деп 
таныса.
Сот келесі жағдайларда істі талапкердің қатысуынсыз қарауға 
қҧқылы, егер:
1. Ол сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше 
хабарланған болса; 
2. Сот талапкердің келмеу себептерін негізсіз деп тапса.
Сот отырысының дайындық бӛліміне қатысты мәселелер 
шешіліп болған соң, іс мәні бойынша қаралады.


241 
Істі мәні бойынша қарау тӛрағалық етушінің:

талап 
қоюшының 
ӛз 
талаптарын 
қолдайтын-
қолдамайтынын; 
- жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-
мойындамайтынын; 
- тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды 
қалайтын-қаламайтыны; 
- тараптар істі аралық сотқа қарауға беруді қалайтын-
қаламайтын (ҚР АІЖК 192 б.) анықтаумен басталады. 
Талап қоюшы ӛз талаптарынан бас тартқан жағдайда, сот 
ҧйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша 
іс жҥргізу тоқтатылады.
Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған 
кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім 
шығарады.
Талап қоюшы мен жауапкер бітімгершілік келісім 
жасайтындары туралы хабарлаған кезде де, сот бітімгершілік 
келісімін бекіту туралы ҧйғарым шығарады, сол арқылы сондай-ақ 
осымен бір мезгілде іс бойынша іс жҥргізу тоқтатылады. Барлық 
жағдайда сот тараптарға тиісті іс жҥргізу әрекеттерінің салдарын 
тҥсіндіреді (ҚР АІЖК 193 б., 2 т.). 
Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің 
талап қоюды мойындауын қабылдамаған немесе бітімгершілік 
келісімін бекітпеген жағдайда, сот бҧл туралы ҧйғарым шығарады 
және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады (ҚР АІЖК 193 б. 5 
т.). 
Әрі қарай, іске қатысушы адамдар тҥсініктемелер береді. 
Бірінші болып талапкер тҥсініктеме береді. Ол тҥсініктеме беріп 
болған соң, оған сотпен, жауапкермен, прокурормен, іске 
қатысушы ӛзге де тҧлғалармен сҧрақтар қойылады.
Одан кейін жауапкер шығады, оған да соңында іске 
қатысушы тҧлғалармен сҧрақтар қойылуы мҥмкін (ҚР АІЖК 194 
б.). 
Егер іс жҥргізуге ҥшінші тҧлға қатысатын болса, онда 
олардан тҥсініктеме қатысып отырған жағынан кейін алынады (ҚР 
АІЖК 194 б.). 


242 
Прокурордың және, мемлекеттік органдардың, жергілікті 
ӛзін-ӛзі басқару органдарының, ҧйымдардың ӛкілдері, сотқа басқа 
адамдардың қҧқықтары мен мҥдделерін қорғауға жҥгінген 
азаматтар бірінші болып тҥсінктемелер береді.
Іске қатысушы адамдардың тҥсініктемелерін тыңдап болған 
соң, сот істің мән-жайларын зерттеуге, дәлелдемелерді қарап, 
оларды тексеруге кӛшеді. Істі қарау барысында іс ҥшін маңызы 
бар ҧсынылған дәлелдемелер ғана зерттеледі.
Барлық дәлелдемелер қаралғаннан кейін судья іске қатысушы 
адамдар мен ӛкілдерден іс материалдарын әлденелермен 
толықтыруға ниеттерінің бар жоғын анықтайды. Мҧндай 
мәлімдеулер болмаған жағдайда, сонымен қатар, тӛрағалық 
етушімен бас тартылған жағдайда тӛрағалық етуші істі зерттеу 
аяқталды деп жариялайды, одан кейін соттағы жарыссӛздер мен 
прокурордың қорытындысы тыңдалады (ҚР АІЖК 210 б.). 
Сот жарыссӛздері ҥрдісінде іске қатысушы тҧлғалармен және 
ӛкілдерімен істің мән-жайлары (деректері) мен дәлелдемелерді 
зерттеу нәтижелері келтіріледі. Іске қатысушы тҧлғалар және 
олардың ӛкілдері ӛз тҧжырымдары мен қорытындыларын сот 
отырысында зерттелген барлық материалдарға негіздейді. 
Прокурор мен ӛкілдер (егер олар заңгер болса) ӛз 
қорытындыларының негіздегенде сот отырысы барысында 
анықталған деректерге, куәландырылған дәлелдемелерге ғана 
сілтеме жасап қана қоймай, сонымен қатар, олардың кӛзқарас 
тҧрғысынан аталмыш қатынастар реттелетін материалдық қҧқық 
нормаларына да сілтеме жасауы тиіс. Сот жарыссӛздері басқа 
қатысушылар қҧқылы, бірақ бҧл әрекетті жасауға міндетті емес.
Сот жарыссӛздері қатысушыларының сӛйлеу кезектілігі ҚР 
АІЖК 211 бабында анықталған. Ең бірінші сӛз талап қоюшыға 
және оның ӛкіліне, сосын жауапкерге және оның ӛкіліне беріледі. 
Тараптардан кейін даудың пәніне дербес талап қойған ҥшінші 
тҧлға және оның ӛкілі шығады. Даудың нысанасы бойынша ӛз 
бетінше талаптар қоймаған ҥшінші тҧлға мен оның ӛкілі талап 
қоюшыдан немесе ҥшінші тҧлға іске ӛзі қатысатын жақтағы 
жаупкерден кейін сӛз сӛйлейді.


243 
Іс жҥргізуге соттың бастамашылығымен немесе іс бойынша 
қорытынды беру ҥшін ӛз бастамашылығымен қатысатын 
мемлекеттік органдар және жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдары 
сот жарыссӛздерінде тараптар мен ҥшінші тҧлғалардан кейін сӛз 
сӛйлейді (ҚР АІЖК 57 б. 2 т.). 
Соттағы жарыссӛзге қатысушылардың және олардың 
ӛкілдерінің барлығы сӛз сӛйлеп болған соң олар екінші рет сӛз 
сӛйлей алады. Репликада негізгі сӛзінде айтылмаған, бірақ 
сӛздерінде айтылғандарға байланысы бар қосымшалар немесе 
қарсы тараптың сӛзіне жауап болуы мҥмкін. Соңғы реплика 
қҧқығын ҥнемі жауапкер мен оның ӛкілі иеленеді (ҚР АІЖК 212 
б.). 
Сот жарыссӛздерінен кейін, прокурор іс бойынша қорытынды 
бергеннен кейін судья (сот) шешім шығару ҥшін кеңесу бӛлмесіне 
кетеді (ҚР АІЖК 215 б.).
ҚР АІЖК 217 б. 2 тармағына сәйкес, сот шешімі іс 
қаралғаннан кейін кеңесу бӛлмесінде дереу шығарылады (ҚР 
АІЖК 229 б.). 
Бҧл бӛлмеде ӛзге адамдардың болуына жол берілмейді, 
осылайша кеңесу бӛлмесінің қҧпиясы сақталады. Осы себепті 
кеңесу бӛлмесінде бӛтен адамдардың болуына тыйым салынады. 
Шешім сотпен сот отырысында жарияланады. Осыдан кейін 
шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдері тҥсіндіріледі. 
Сонымен қатар, судья іске қатысушы адамдарға және ӛкілдерге 
шешіммен қашан танысуға және оның кӛшірмесін алуға 
болатынын жариялауға міндетті. Осыдан кейін тӛрағалық етуші 
сот отырысын жабық деп жариялайды (ҚР АІЖК 216 б.). 
Бірінші сатыдағы сот шешімі оларға апелляциялық 
шағымдану, наразылық келтіру мерзімі ӛткен соң заңды кҥшіне 
енеді.
Апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым немесе 
наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің кҥші жойылмаған 
болса, кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарған кҥні заңды 
кҥшіне енеді (ҚР АІЖК 235 б., 3 т.). 
Азаматтық іс жҥргізудің соңғы аяқтаушы сатысы іс бойынша 
сот шешімін орындау болып табылады.


244 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет