2. Кәсіпкерлік дауларды қарастырушы органдар
Әлемнің
кӛптеген
мемлекеттерінде
қазіргі
таңда
экономикалық қақтығыстарды шешуге арнайы мамандандырылған
ерекше соттық мекемелер әрекет етеді. Олар әртҥрлі атауларға ие,
әртҥрлі ҧйымдастырылған және қызмет етеді, сондай-ақ кадрлық
мәселені шешкенде де ӛзіндік ерекшеліктерге ие, алайда, олардың
бәрін мемлекеттің экономикалық қызметіне, нормативтік актілері
234
мен ӛзге де қҧқық қайнар кӛздері тҥріндегі қҧқықтық реттеуші
қҧралдарды пайдалана отырып, экономикалық қақтығыстарды
шешуге қатыстылығы жақындастырады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қҧқықтық
жҥйесінде кәсіпкерлік дауларды шешуге әрекеттесетін бір қатар
нормативтік қҧқықтық актілер әрекет етеді. Олардың қатарына ҚР
Конституциясын, Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жҥргізу
кодексін, «Аралық соттар туралы» Заңды, «Атқару ӛндірісі мен
сот орындаушыларының қҧқықтық мәртебесі туралы» Заңды,
«Халықаралық коммерциялық тӛрелік туралы» Заңды, «Медиация
туралы» Заңды және тағыда басқа бір қатар нормативтік қҧқықтық
актілерді жатқызуға болады.
Мемлекеттік сот ӛндірісінің істерді қараудың баламалы
нысандарымен сәйкестенуі қазіргі таңда ҧлттық деңгейде де,
халықаралық деңгейде де қҧқықтық қақтығыстарды шешу
жҥйесінің дамуының келешегі зор бағыты болып табылады.
ҚР АК 9 б. 1 т. азаматтар мен заңды тҧлғалардың қҧқықтарын
қорғауды жҥзеге асыруға ӛкілеттігі бар органдардың тізімін
белгілейді, олардың қатарына сот, тӛрелік сот немесе аралық сот
жатқызылады, яғни заңды тҧлғада да және жеке тҧлғада да ӛз
қҧқықтарын қорғауды жҥзеге асыру ҥшін жҥгінетін органды
таңдау мҥмкіндігі бар. Кез келген жеке (азаматтық) дау
мемлекеттік және аралық сотпен шешілуі мҥмкін, сонымен қатар,
бҧл соттардың шешімі бірдей заңдық кҥшке ие болып және
міндетті орындалуға жатады.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында
және «Сот жҥйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»
Конституциялық
заңда,
Республика
соттары
болып
Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және
ӛзге де соттары танылады деп бекітілген, олардың қатарына
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда кіреді.
Экономикалық
соттар
экономикалық
айналым
қатысушыларының заңды қҧқықтары мен мҥдделерін қамтамасыз
ету жҥйесінде маңызды орынға ие. Қазақстан Республикасының
біртҧтас сот жҥйесінде алатын мамандандырылған экономикалық
соттардың алатын орны мен маңызы бекітілген заңдық
235
процессуалдық нысанда экономикалық даулар мен басқа да ӛзіне
бағыныстағы істерді қарау мен шешу қабілеттілігімен анықталады.
Тҧтасымен экономиканың дамуына және оған қҧқықтық сипат
беруінде, сонымен қатар, мемлекеттік бастаулардың дамуында
экономикалық соттардың ӛсуі және оған әсер етуі даусыз екені
анық. Осы ҥрдістің кіріге кетпейтіндігі және экономикалық
соттарды ҧйымдастыру мен қызметін дамыту және жетілдіру ҥшін
мықты қордың болуы, Қазақстанның әрі қарай нарықтық
экономиканы қҧруға деген бет алысының кӛрінісі болмақ.
Даулы және кей кезде даусыз істердің негізгі кӛпшілігі
мемлекеттік соттарда шешілуіне қарамастан, кӛпшілік қҧқық
қолдану секторының қҧрамдас бӛлігі ретінде заңдық істерді
шешудің мемлекеттік соттық нысаны, жалғыз нысан болып
табылмайды және олай болмауы да керек. Ол мемлекетпен және
оның шығарылған шешімдерді мәжбҥрлі тҥрде орындату
механизмдерімен тікелей байланыстылығы негізінде белгілі бір
артықшылықтарға ие екендігі сӛзсіз, алайда, кемшіліктері де жоқ
емес, себебі аталмыш кемшіліктер азаматтық айналым
қатысушыларын мемлекеттік сот ӛндірісіне балама іздеуге
мәжбҥрлейді.
Дауларды шешудің балама нысандарына (әдістеріне)
делдалдықпен, бітімгершілік келісіммен және басқа мҥмкін
болатын нысандармен қатар, дауларды аралық сотта талқылау
жатқызылады.
Аралық сотқа жҥгіну мҥмкіндігі азаматтық қҧқықтардың
заңды табиғатынан шығады. Азаматтық кодекстің 2 бабы шарт
еркіндігін бекітеді және азаматтар мен заңды тҧлғаларға азаматтық
қҧқықтарды ӛз еркімен және ӛз мҥддесіне алуға және жҥзеге
асыруға мҥмкіндік береді. Олар шарт негізінде ӛз қҧқықтары мен
міндеттерін бекітуде және шарттың заңға қайшы келмейтін кез
келген талаптарын анықтауда ерікті болып келеді.
Кейінгі жылдары дауларды аралық сот тәртібімен қарастыру
Қазақстанда кең тҥрде қолданылуда. Қазіргі таңда олардың ӛзара
қҧрыла бастағанына кӛніл бӛлудің ӛзі жеткілікті. Әсіресе,
Қазақстан
Республикасының
сауда-ӛнеркәсіп
палатасының
жанындағы Тӛрелік комиссиясы, Қазақстандық халықаралық
236
арбитражы және «IUS» Заң орталығының Халықаралық аралық
соты сияқты соттар белсенді әркет етуде.
Қазіргі таңда заңнама бойынша аралық соттардың екі
санатының бар екендігін анықталады. Бірінші санатына
ӛкілеттілігіне ішкі сипаттағы дауларды қарау жатқызылған аралық
соттар, ал екінші санатына сыртқы сауда және басқа да
халықаралық экономикалық байланыстардың тҥрлерін жҥзеге
асыру барысында шарттық және ӛзге де қатынастардан
туындайтын дауларды, сонымен қатар шетел инвестициясындағы
кәсіпорындардың дауларын қарастырушы аралық соттар кіреді.
Басқаша айтқанда, бҧл халықаралық коммерциялық аралық соттар.
Бірінші санаттағы аралық соттардың қҧқықтық табиғаты «Аралық
соттар туралы» ҚР Заңымен, ал екінші санаттағы соттардың
қҧқықтық табиғаты «Халықаралық коммерциялық тӛрелік туралы»
ҚР Заңымен анықталады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде
«аралық сот» және «халықаралық коммерциялық тӛрелік»
ҧғымдары синоним ҧғымдар деген қорытындыға келуге болады,
олардың айырмашылығы тек екі сот талқысына қатысатын
тараптардың субъектілік қҧрамында.
Аралық соттар Қазақстан Республикасының сот жҥйесіне
кірмеуіне қарамастан, олар ӛз қызметтерін мемлекеттік соттармен
ӛзара әрекеттесуінсіз және мемлекет бақылауынан тыс жҥзеге
асыра алмайды Мысалы, мемлекеттік соттардың қызметіне
қамтамасыз ету шараларын қолдану, заңнамамен қарастырылған
жағдйларда аралық сот шешіміне шағымдану мәселелерін
қарастыру, аралық сот шешімдерін мәжбҥрлі тҥрде орындатуға
атқару қағаздарын беру кіреді.
Ресей Федерациясының және Германияның аралық соттары
сияқты Қазақстан Республикасының аралық соттары да
«Халықаралық сауда тӛрелігі туралы ЮНСИТРАЛ ҥлгі заңына»
негізделген заңнамаға сәйкес әрекет етеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан аралық сотқа (тӛрелікке) қатысты
барлық негізгі халықаралық, оның ішінде аймақтық конвенциялар
мен келсімге қосылды және ратификациялады, яғни ҧлттық
заңнамаға енгізді. Олардың қатарына: Нью-Йорк Конвенциясы;
Еуропалық Конвенция; экономикалық және ғылыми - техникалық
237
ынтымақтастық
және
бірқатар
басқада
қатынастардан
туындайтын, азаматтық-қҧқықтық дауларды тӛрелік жолмен шешу
туралы Конвенция жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |