А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық


IV тарау. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҤЛІКТЕРІНІҢ ҚҦҚЫҚТЫҚ



Pdf көрінісі
бет42/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

IV тарау. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҤЛІКТЕРІНІҢ ҚҦҚЫҚТЫҚ 
РЕЖИМІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1. Кәсіпкерлердің мҥліктерінің тҥсінігі және қҧрамы
Мҥліктің тҥсінігі ҚР АК-нің 115-бабының 2-тармағында 
берілген. Мҥліктің қатарына: заттар, ақша, соның ішінде шетел 
валютасы, бағалы қағаздар, жҧмыстар, қызметтер, шығармашылық 
интеллектуалдық 
қызметтің 
объектілендірілген 
нәтижесі, 
фирмалық атау, тауар белгілері мен ӛнімді дараландыратын ӛзге 
де қҧралдар, мҥліктік қҧқықтар және ӛзге де мҥліктер енгізілген. 
Берілген тізім жеткілікті тҥрде кең және ол белгілі бір тҥрде 
қҧрастырылған.
Қазіргі цивилистикалық әдебиеттерде «мҥлік» терминінің 
бірнеше мағынасы қолданылады. Е.А. Суханов мҥлікті «азаматтық 
қҧқық субъектілеріне тиесілі мҥліктердің, мҥліктік қҧқықтар мен 
міндеттердің жиынтығы»
29
ретінде анықтайды. А.П. Сергеев 
мҥлік ретінде: 
1) жекелеген заттар немесе олардың жиынтығын;
2) заттар, ақша және бағалы қағаздарды;
3) тек жоғарыда кӛрсетілген объектілер ғана емес, сонымен 
қатар мҥліктік қҧқықтарды;
29
Суханов Е.А. Объекты гражданских правоотношений // Гражданское право: В 2-х 
т. Т. 1: Учебник / Отв. ред. профессор Е.А.Суханов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: БЕК, 
1998. – 299 б. 


113 
4) қолда бар заттардың, ақшалардың, бағалы қағаздардың, 
мҥліктік қҧқықтарын, сонымен қатар субъектілер міндеттерін 
атайды
30
. Б.В. Покровский мен Р.А. Маметова мҥлік деп жекелеген 
мҥліктік қҧндылықтарды немесе мҥліктік қҧқықтарды, сонымен 
қатар олардың жиынтығын тҥсінеді
31
. Р.А. Маметова мҥлік 
тҥсінігімен тек заттар ғана емес, сонымен қатар пәні заттар болып 
табылатын мҥліктік қатынастар мен міндеттемелік талап ету 
қҧқығы да қамтылады деп кӛрсетеді
32
. М.К. Сулейменов «мҥлік-
кӛп қырлы тҥсінік» деп жазады. Ол кӛбінесе:
1) белгілі тҧлғаларда меншік қҧқығындағы немесе басқада 
заттық қҧқығындағы заттар мен материалдық қҧндылықтардың 
жиынтығы;
2) заттарды алуға немесе басқа тҧлғалардан басқада мҥліктік 
қанағаттандырылуға 
(актив) 
заттардың 
және 
мҥліктік 
қҧқықтардың жиынтығы;
3) әмбебап мирасқорлық-ҧстанушының мҥліктік жағдайын 
сипаттайтын (актив және пассив) заттардың, мҥліктік қҧқықтар 
мен міндеттердің жиынтығы
33
ҧғымдарын ашуда қолданылады. 
Осыған байланысты, «мҥлік» термині қҧқық ғылымында және 
заңнамада әртҥрлі мағынаға ие. Әрекет етуші заңнамада мҥліктің 
тек тҥрлері ғана бектілген, ал азаматтық қҧқық теориясы тек 
заңнамада кӛзделген мҥліктің тҥрлерін тізбектеп, оларға 
тҥсініктеме береді, бірақ еш жерде мҥлік тҥсінігінің мағынасы 
берілмейді, сәйкесінше, әрине барлық жеке қҧқықтың орталық 
санаты ретіндегі мҥліктің мәселелері жоққа шығарылмайды. 
«Мҥлік» тҥсінігіне қатысты пікірталастарға бой ҧрмастан, тек 
30
Покровский Б.В., Маметова Р.А. Объекты гражданских прав // Гражданский кодекс 
Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий (постатейный). В 2-х книгах. Кн. 1 / 
Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2003. – 396 б. 
31
Маметова Р.А. Понятие объекта права собственности // Право и собственность в 
Республике Казахстан: Монография / Отв. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы: «Жеті Жарғы», 
1998. – 102 б. 
32
Маметова Р.А. Понятие объекта права собственности // Право и собственность в 
Республике Казахстан: Монография / Отв. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы: «Жеті Жарғы», 
1998. – 102 б. 
33
Сулейменов М.К. Объекты гражданских прав по законодательству Республики 
Казахстан // Объекты гражданских прав: сб. материалов международной научно-
практической конференции. – Алматы: «КазГЮУ», 2004. – 17 б. 


114 
кӛптеген авторлардың пікірінше қазіргі концепциялардың 
талабына жауап беретін мҥліктің сәттірек анықтамасы 
Нидерландияның АК-де кӛрініс тапқан деген ойды ескерте 
кетеміз. Нидерландияның АК-нің 3-кітабының 1-бабына сәйкес: 
«Мҥлік – бҧл барлық заттар мен барлық мҥліктік қҧқықтар».
«Мҥлік» термині кәсіпкерлік қызмет объектісін анықтауда 
маңызды мәнге ие, себебі кәсіпкерлік қызмет субъектісі ӛз 
қызметін жҥзеге асыру ҥшін белгілі бір экономикалық ресурстар 
(немесе ӛндіріс факторлар) жиынтығына, яғни экономикалық 
қҧндылықтар ӛндіруге қолданылатын элементтерге ие болуы 
қажет.
Кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асыруға қажетті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет