143
сату шартын оның маркасын, тҥр тҥсін, шығарылған жылын және
т.б. кӛрсетпей жасау мҥмкін емес.
Кейде берілген шарт ҥшін қандай
ережелер елеулі болып
табылатындығы заңның ӛзінде кӛрсетіліп тҧрады.Мысалы, ҚР АК
567-бабында лизинг шартына қатысты шарттың елеулі ережелер
нақты аталған.
Елеулі ережелер болып, сондай-ақ шарттың осы тҥрі ҥшін
қажетті ережелер де танылады. Мысалы, нақты бір шарт ҥшін
елеулі ережелер болып, оның
табиғатын және шарттың сол
берілген тҥрі ретінде оларсыз әрекет ете алмайтын ережелер
танылады.
Сонымен қатар, бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге
қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып
табылады. Шарт тараптарының
ниеті бойынша шартқа заңмен
немесе ӛзге де қҧқықтық актілермен елеулі деп танылмаған және
осы шарттың табиғатын айқындамайтын, бірақ ниет білдірген
тарапқа маңызды болып табылатын
ережелер қарастырылуы
мҥмкін, сондықтан ол осындай нақты жағдайда елеулі ережелер
болып танылады. Мысалы, сыйға тарту ҥшін тауар алған сатып
алушы тауардың орамына ерекше кӛңіл бӛлуі мҥмкін. Осы нақты
жағдайда бҧл елеулі ереже болып табылады, алайда,
заңнамада
сатып алу-сату шартында тауардың орамына қатысты ереже елеулі
болып табылмайды. Сонымен қатар, бҧл ереже аталмыш шарттың
табиғатын да кӛрсетпейді. Сондықтан, егер сатып алушы сатып
алынатын тауардың орамы бойынша
ережені келісуді талап етсе,
онда ол сатып алу-сату шартының елеулі ережесіне айналады және
онсыз аталмыш сатып алу-сату шарты жасалынбайды.
Елеулі
ережелерге
қарағанда
қарапайым
ережелер
тараптардың келісімін қажет етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: