А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет81/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Міндетті шарттар – 
бҧл ең болмаса, бір тарапқа міндетті 
болып табылатын шарттар. Мысалы, алдын ала шарт жасасу 
тараптарды соңғы, негізгі шартты жасасуға міндеттейді. Мҧндай 
жағдайда соңғы шарт міндетті шарт рӛлінде танылады.
Міндетті шарттардың қатарына жария шарты жатқызылады. 
Коммерциялық ҧйыммен жасалған және ӛз қызметінің сипатына 
қарай оған ӛтінішпен келетін әркімге қатысты жҥзеге асырылатын 
тауарларды сату, жҧмыстарды атқару немесе қызмет кӛрсету 
жӛніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп 
танылады. Мысалы, бӛлшек сауда, кӛпшілік пайдаланатын 
кӛлікпен тасымалдау, байланыс қызметін кӛрсету, энергиямен 
қамтамасыз ету және т.б. Жария шартының әрекет етуі 
экономикалық тҧрғыда әлсіздеп танылған тҧтынушы атты тарапты 
қорғау қажеттілігімен негізделеді. Осы орайда, азамат-тҧтынушы 
ҥлкен сауда фирмасымен шарттық қатынасқа тҥсу барысында 
экономика тҧрғысынан тараптардың тең емес екендігі айдан анық.
Жасасу әдісіне байланысты шарттар ӛзара келісілген шарттар 
және қосылу шарттары болып бӛлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет