А. С. Киздарбекова Г. Б. Асетова Кәсіпкерлік қҧқық ОҚулық



Pdf көрінісі
бет76/148
Дата07.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#83509
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   148
Байланысты:
Кыздарбекова-Кәсіпкерлік құқық

Оферта – 
бҧл
 
ереже бойынша
 
азаматтық-қҧқықтық шарт 
жасасу туралы жасалған ҧсыныс. Ол жеткілікті анықталған тҥрде 
тҧлғаның ниетін білдіреді, яғни шарттың барлық елеулі 
ережелерін немесе оларды анықтау тәртібін кӛрсетеді.
Акцепт 
– бҧл ҧсыныста (оферта) кӛзделген ережелерде, шарт 
жасасуға келісім, яғни офертаға келісім.
Тараптар шарт жасасу туралы келіссӛздер жҥргізу 
барысында, хаттар немесе ниеттері туралы келісім деп аталатын 


145 
және белгіленген шарт туралы әртҥрлі мәліметтері бар қҧжаттар 
жиі қҧрастырылады. Аталмыш қҧжаттардың және онда 
қалыптасқан мағҧлматтардың қҧқықтық маңызын Қазақстан 
заңнамасы айқындамайды. Жалпы тәртіп бойынша хаттар мен 
ниеттері кӛзделген келісімдерді болашақтағы жасалатын шартты 
жасасу бойынша келіссӛздердің кезеңі деп есептеуге болады. Бҧл 
қҧжаттар тараптар ҥшін қҧқықтық міндеттер туындатпайды. 
Алайда, олардың мазмҧны мен оларға қол қойған тҧлғалардың 
мәртебесін есепке ала отырып, мҧндай қҧжаттарға басқаша 
қҧқықтық баға берілуі мҥмкін. Ниеттері туралы қҧжаттар алдын 
ала жасалатын шарттар ретінде қарастырылуы тиіс, әрине, егер ол 
осындай шарттар ҥшін азаматтық заңнамада кӛзделген талаптарға 
сәйкес келсе.
Егер АК, басқа да заң қҧжаттары мен шартта ӛзгеше 
кӛзделмесе, шарт тараптардың келісуімен ӛзгертілуі және бҧзылуы 
мҥмкін.
Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт: 1) екінші тарап 
шартты едәуір бҧзған кезде; 2) АК, басқа да заң қҧжаттарында 
немесе шартта кӛзделген ӛзге реттерде тек сот шешімімен 
ӛзгертілуі немесе бҧзылуы мҥмкін.
Сондай-ақ шартты орындаудан бір жақты бас тартуға жол 
беріледі. Алайда, оған АК, басқа да заң актілерімен немесе 
шартпен кӛзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
АК шартты орындаудан бір жақты бас тартуға негіз болатын 
келесі жағдайларды қарастырады: 1) шартқа негізделген 
міндеттемені орындау мҥмкін болмағанда; 2) белгіленген 
тәртіппен екінші тарапты банкрот деп танығанда; 3) шарт 
жасалғанда негізге алынған мемлекеттік органның актісі 
ӛзгертілген немесе кҥші жойылғанда.
Шартты ӛзгерту және бҧзу тәртібі туралы келісім, егер 
заңдардан, ӛзге де қҧқықтық актілерден, шарттан немесе іскерлік 
қызмет ӛрісіндегі әдеттегі қҧқықтардан ӛзгеше туындамаса, шарт 
жасалатын сияқты нысанда жасалады.
Шарт ӛзгертілген кезде тараптардың міндеттемелері 
ӛзгертілген тҥрінде қолданыла береді. Шартты бҧзу кезінде 
тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.


146 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет