«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»



Дата01.01.2022
өлшемі12,77 Kb.
#107507
Байланысты:
эссе


«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»

Мен қазақ елінің азаматшасымын, соған орай қазақ тілінде сөйлеу менің борышым деп білемін. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген Қадыр Мырза Әли ақынымыз. Бірақ заман ағымына еріп, шет тілге еліктеп, өз тілін менсінбей,тіпті қор қылу елімізде жиі кездеседі. Кей кездері бұл мәселе ата-ананың да қателігі ме дерсің. Баласының болашағын ойлап, жалпы тілді кішкентайынан үйретуге тырысқан ата-ана, ұлттық,ана тілімізді шетте тыс қалдырғанын байқамас. «Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі,не шала білуі мені қатты қынжылтады.Бұған ең алдымен ата- ана кінәлі.» депті Бауыржан Момышұлы атамыз. Тарихымыздың Ресейге қосылып, 1931-1933 жылдары ашаршылық басып, Сталин басқарған кезде ешкім көрмеген құжат болған деседі.Ол құжатта елді құрту үшін, алфавиті мен тілін жою туралы айтылған.Ал енді заманымыздың бейнесіне қарасақ сол бір елді жоюға ұмтылғандардың дегені орындалып жатырғандай. Талай ақын, шешен бабаларымды бұлбұлша сайратқан, жарға соққан толқындай екпінді, наркескендей өткір тілімнің осынау уақытқа дейін тұншығып, қадір-қасиетінен айырылуға шақ қалғанда, қазақтардың көзі ашылып, қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деп жариялады. Алайда, мәселе мұнымен біткен жоқ еді. Бойында не рухы жоқ, не қорқақ, не қара бас қамын ойлайтын «маған бәрібір» дейтіндер көбейді. Міне, сондықтан да өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Қазақ тілін алғаш қолданыста бәзбіреулер араб пен парсыны, одан кейін ноғайды былдырлатып, орысты араластырып тілді құртуға шақ қалғанда, аға-буын бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп суалған тілімізді қайтадан тірілтті. Ал, қазір ше? Қазір де қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі үшін күресіп жүрген жандар көп. Бірақ сол «бір өліп, бір тірілген» тілдің қадір-қасиетін жоғалтып алған адамдар да аз емес. Ал, біздің міндет – «алтын күннен бағасыз бір белгі боп қалған» ана тілімізді қадірлеп көкке көтеру екені мәлім. Тәуелсіз еліміздің, осыншалықты жыл тарихы бар мемлекетіміздің тілін ұмытуға жол бермеуіміз керек!!! Тіліміз жойылса еліміз бен жұртымыз да жойылады.Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып біріге тырыссақ бәрі де мүмкін.

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.



Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

Осынша бірқатар тіл туралы мақал-мәтелдер түсінгеннің ғана көзін ашып, рухын оятады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет