А. С. Пушкин атындағы мдшо бар орта мектебінде биылғы 2019-2020 жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылдау бойынша ақпарат



Дата03.12.2019
өлшемі17,17 Kb.
#52892
Байланысты:
1-ші сыныпқа қабылдау ақпарат-2019

А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде биылғы 2019-2020 жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылдау бойынша ақпарат

Білім және ғылым министрлігі балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережесіндегі толықтырулар мен өзгертулерді жариялағаны туралы ата-аналарға мәлімет берілді. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Яғни, қыркүйек –желтоқсан айларында туған балалар биылдан бастап 1 сыныпқа бара алады. Өйткені балалар күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толып, мектепке қабылдану құқығына ие болады. «Білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері білім алу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Білім беру ұйымына қабылдаудан бас тартқан жағдайда, білім алушының ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері жергілікті білім басқармаларына шағымдана алады. Сондай-ақ, бірінші сыныпқа балаларды қабылдауға қажетті құжаттар тізімінен мекенжай анықтамасы алып тасталды. Құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізілетіндігі туралы айтылды.

Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:



  1. Баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);

  4. 3*4 көлеміндегі фото-2 дана.

ФОТО қою 4 жетеді РИМА

Ақпарат дайындаған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Испанова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет