Сурет 3 Автордың жеке зертхана бетінен үзінді
3. Уикипедиядағы Ақпараттық қауіпсіздік жайлы мәліметі бар мақала тақырыпшалары өңдеуден өткізілген.
Сурет 4 Уикипедиядағы тақырыпшалары өңделінетін мақала беті
Уикипедияда мақаланың жалғыз авторы болмайды. Себебі әртүрлі уақыт аралығында мақаланы дамытуға бірнеше қатысушылар (олар он шақты немесе жүз шақты) болуы мүмкін. Көзіңіз шалған қателікті өзіңіз кіріп түзей салсаңыз әлдеқайда тез әрі жеңіл болады.
Алғашқы кезде білмегендіктен біраз қателіктер, бұрыс әрекеттер жасауыңыз мүмкін. Уайымдамаңыз, бізден кейін де оларды қарап түзететін адамдар табылады. Сондықтан қорықпаңыз, қажетті деп санаған өзгерістер енгізе беріңіз.
Қорыта келгенде , жаңа білімді насихаттау ауқымды желі арқылы бағыттары айқындалып практикада жүзеге асырылды, мемлекеттік тілде ғылыми зерттеулерді талқылау,пікір алмасудың жаңа жолы көрсетілді, ғылыми зерттеулер нәтижесін жариялаудың қаражат жағынан тиімді де аудиториясының ауқымды да екендігі дәлелденді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Нысанбаев Ә. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Ә. Нысанбаев. Алматы, 2002 ISBN 5-89800-123-9 - 50 000 мақала
2. Құсайынов. А.Қ. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника / А.Қ.Құсайынов. Алматы, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
3. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы / 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
4. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
5. Уикипедия [Электрондық ресурс]/ http://kk.wikipedia.org/
6.Уикипедия[Электрондықресурс]/ http://kk.wikipedia.org/wiki/Уикипедия:Уикипедия_туралы
7.Уикипедия[Электрондықресурс] /https://kk.wikipedia.org/wiki / Қатысушы: Айнур_Сапарбекова / зертхана
8. Уикипедия[Электрондықресурс]/https://kk.wikipedia.org/wiki/ Ақпараттық_қауіпсіздік
9. Викикит [Электрондық ресурс]/ http://wikikit.com/wiki/index.php/Басты_бет
Достарыңызбен бөлісу: |