197 қолданылуы: 1. Неліктен тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклінде гаплоидты кезеңі
көрінбейді және жеке құрылым ретінде қатыспайды?
2. Ашықтұқымдылардың бүрлері қандай қызмет атқарады?
3. Жабықтұқымдылардың гүлі қандай қызмет атқарады?
4. Ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ұрық тануы, гаметала-
ры мен спораларының түзілу үдерісі қайда жүретінін салыстырыңдар.
Талдау: 1. Жасушалардағы хромосома санын, митоз және мейоз, микро- және
мегаспорангийлер, гаметалар, зигота, ұрықтану, көпжасушалы эм-
брионды көрсете отырып, «гүлді өсімдіктердің тіршілік циклі» деген
сызба сызыңдар.
2. Жасушалардағы хромосома санын, митоз және мейоз, микро- және ме-
гаспорангийлер, гаметалар, зигота, ұрықтану, көпжасушалы эмбрион-
ды көрсете отырып, «ашықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі»
деген сызба сызыңдар.
3. Ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың көбеюін дегі айырма-
шылықты көрсетіңдер.
Синтез: 1. Жер бетінде споралы өсімдіктерден бұрын тұқымды өсімдіктердің
пайда болу мүмкіндігін талдаңдар.
2. Тұқымды өсімдіктердің тіршілік цикліне жалпы сипаттама беріңдер.
3. Тұқымның түзілуінің эволюциялық маңызы қандай? Оның артық-
шылығы неде?
Пікірталас: Тұқымды өсімдіктер өзінің тіршілік циклімен
бірден балдырлардан
пайда болуы мүмкін деп ойлайсыңдар ма?