А. Соловьева, Б. Ибраимова


Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу



Pdf көрінісі
бет304/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу
Жұмыс­ мақсаты
: дайын микропрепараттар арқылы бұл шық ет 
ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасу ша ларының құрылысымен 
танысу. 
Құрал-жабдықтар
: микроскоп, бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип 
тармақтарының дайын микропрепараттары. 
Жұмыс барысы
1. Бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының 
құрылысын қараңдар. Олардың пішіндерін анықтаңдар. 
2. Олардан ядроны табыңдар (олар едәуір қара болып боялған). Ядро 
цитоплазмада мембранаға қатысты қалай орналасқан? 
3. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының 
тип тармақтарында цитоплазмасының боялуы қалай ерекшеленеді? 
4. Жүрек және қаңқа ұлпасы жасушаларының негізгі айыр-
машылықтарын табыңдар. Олардың жасушалары бір-біріне қалай бірігіп 
жатады? 
5. Өздерің көрген жасушалардың суретін салыңдар. Оның негізгі 
бөліктерін көрсетіңдер. 


256
6. Олардың құрылысында қандай ұқсастықтар мен айыр машылықтар 
бар? Қорытынды жасаңдар. Кестені тол ты рың дар. 
Белгілері, ерекшеліктері
Бірыңғай 
салалы
Көлденең жолақты
Қаңқа
Жүрек
Ядро саны
Ядроның орналасуы 
Жасушалардың пішіні
цитоплазманың боялуы
Жасушалардың өзара байланысуы 
Ағзада орналасуы 
Қызметінің ерекшеліктері 
№11­зертханалық­жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет