А. Соловьева, Б. Ибраимова


Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал



Pdf көрінісі
бет307/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал:
Жиілігі­төмен­сөздер­
Жиілігі­жоғары­сөздер
Бала
Рига
Вагон
Саша
Шұжық
Басқа
Дәм
Бөбек
Мәре
Жас
Шұлық
Босқа
Олжа
Дін
Өрік
Шаш
Тас
Тіс
үкі
Қайрат
Қалам
Шай
Құлық
Шу
Мәре
Ұн
Өгіз
Сіріңке
Зат
Шайға
Есту қабілетің туралы
 қорытында 
жаса. Қалыпты есту (жақсы есту) 
6 м-ден алыс қашықтықта, ал нашар есту 5 м-ден аз қашықтықта сыбыр-
лап сөйлеуді анықтауға байланысты екенін ескеріңдер.
17–3459


258
№13­зертханалық­жұмыс­
С
оқыр дақты анықтау. Түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа 
өткізгіштігін анықтау 
Жұмыс­мақсаты:­
торлы қабықтағы соқыр дақты табу. Түс терді ал-
мастыра отырып, сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау. 
Құрал-жабдықтар:­
соқыр дақты анықтауға арналған суреттер, түрлі 
түсті бояулар: қызғылт, қызғылт сары, сары, жасыл, көк және т.б., 
қылқалам, суы бар ыдыс. Тербеліс жиілігі 128 Гц (С128) және 2048 Гц 
(С2048) болатын екі камертон.
Жұмыс барысы
1. Соқыр дақты анықтау үшін сол көзіңді алақаныңмен жауып 
тұрып, қолдарыңа картина алыңдар. Қолсозым арақашықтықтан оң жақ 
көзіңмен қара түсті дөң гелекке қараңдар.
2. Ақырын суретті көзіңе жақындата отырып, екі гео метриялық 
пішінді бір мезгілде көруге бола ма? Соны анық таңдар. 
3. Көзден қандай арақашықтықта бір бейне жоғалып кетеді? Бұл 
арақашықтықтың шамамен 15–25 см болуы мүмкін бе? 
4. Оң жақ көзіңді жауып тұрып, сол көзіңмен де осы тәжірибені 
қайталап көріңдер. Бір бейненің жоғалып ке тетін арақашықтығы сәйкес 
келе ме? 
5. Суреттегі бір бейненің көз алдынан жоғалып кететінін анықтайтын 
нақты білім саласы бола ма?
6. Шыны сынауықтың 2/3 бөлігін сумен тол тырыңдар. Қылқаламмен, 
бояудың мөлшері бірдей бо латындай етіп, сынауыққа азғана бояу 
салыңдар. 
7. Таза сынауықтарға мынадай түсті бояуларды аралас тырыңдар: 
жасыл/көк (көкшіл); сары/қызыл; қызыл/көк; қызғылт сары/жа-
сыл. 
Сынауықтағы бастапқы зат қалатындай етіп алынған 3/1 бөлігіне 
дейін құйыңдар. 
8. Оларды бастапқы түсімен салыстырыңдар. Нәтижесін сипаттап 
жазыңдар.
9. Камертон браншты алақанға (С128) немесе тізеге (С2048) бірдей 
күшпен соғу арқылы дірілдетеді. Камертон аяғын саусақпен жайлап 
ұстау керек екенін есте сақтау қажет (оның дірілдеуін тоқтатпау үшін).


259
10. Ауа өткізгіштігін анықтау үшін камертонды сыртқы есту түтігіне 
құлаққа тигізбейтіндей етіп жақындатады. Камертонның екі браншы 
да, сыртқы есту түтігінің тесігі де жалпы бір жазықтықта болуы керек.
*Есту мүшесінің бейімделмеуі және шаршамауы үшін әрбір 4-5 с сайын 
камертонды алыстатып, қайтадан құлаққа жақындату қажет.
11. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты 
белгілеп алады. Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.
12. Сүйек өткізгіштігін зерттеу үшін камертон аяғын емізікше тәрізді 
өсіндіге (бас сүйекке, құлақтың астына) тақап қояды.
13. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты 
белгілеп алады. Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.
14. Қорытынды жаса. Кестені дәптерге сызып алып толтыр. 
Зерттелуші дыбысты еститін уақыт, секундпен 
Ауа өткізгіштігі
Сүйек өткізгіштігі 
№14­зертханалық­жұмыс­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет