Биологиялық ырғақтар – биологиялық процестер мен құбылыстардың
қарқыны мен сипатындағы мезгілімен қайталанып отыратын өзгерістер рет-
тілігі.
Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау
қасиеті.
Бронхылар – құрлықта тіршілік ететін жануарлардың ауа өткізетін жолдары,
трахеядан басталады.
Бронхиолалар , ауатамыршалар – ауатамырлар тарамының соңғы тармақтары.
Бронхит – бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі
инфекция.
Буын – сүйектердің бір-біріне қатысты орын ауыстыруына мүмкіндік беретін
қозғалмалы болып байланысуы, қосылуы.
БцЖ – адам ағзасына деген патогенді әсері жасанды ортада төмендетілген
сиыр туберкулезі бацилласы атты тірі вирустан жасалатын вакцина.