А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет317/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

264
Веналар
– көмірқышқыл газына қаныққан, зат алмасу өнімдері, гормондар 
мен басқа заттар бар вена қанын мүшелер мен ұлпалардан жүрекке (артерия 
қанын әкелетін өкпе және кіндік венасынан басқа) апаратын қан тамырлары. 
Вестибула аппараты
– кеңістікте бас пен дененің қалпының өзгеруін, сондай-
ақ қозғалу бағытын қабылдайтын сезім мүшесі. Жартылай өзек пен ішкі 
құлақтың қапшықтарында орналасқан. 
Витилиго
– теріде ақшыл (пигментсіз) дақтардың түзілуі.
г
гайморит қуысы
, үстіңгі жақсүйек қойнауы мұрын тесігіне ашылады. Оның 
шырышты қабықшасының, кейде сүйек қабырғасының қабынуынан гайморит 
ауруы туындайды.
ганглий
, жүйке түйіні – дәнекер ұлпалы капсула мен глия жасушаларымен 
қоршалған нейрон денелері мен өсінділерінің шоғыры.
гангрена
, шірік – әдетте қан тамырының жарақаттану немесе бітеліп қалу 
салдарынан ұлпалардың жансызданып, жұқпаларды жұқтырып алуы.
гастрит
– асқазанның шырышты қабықшасының қабынуы. 
гематология
(грек. 
гемо
– қан және 
логос
– ілім, ғылым) – қан жүйесінің 
құрылысы мен қызметін зерттейтін медицинаның бөлімі. 
гематома
, қанды ісік – жабық жарақат кезінде қанның жиналуы; қан 
тамырлары үзіледі және қоршаған ұлпаларға қан құйылады.
гемоглобин
– қанның қызыл тыныс алу пигменті. Оттекті тыныс алу 
мүшелерінен ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан тыныс алу 
мүшелеріне апарады. 
гемофилия
– қан ұю жүйесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындайтын 
тұқым қуалайтын ауру; қанағыштық байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет