А. Соловьева, Б. Ибраимова


Майда еритін маңызды дәрумендер



Pdf көрінісі
бет74/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

Майда еритін маңызды дәрумендер. 
А
дәрумені
(ретинол) ағзаның 
өсуі және дамуы, эпителий ұлпасы жасушаларының: тері, шаш, шырыш-
ты қабықтың жаңаруы, қалыпты көру үшін қажет. Ол ымыртта және 
түнде жақсы көруге әсер етеді. 
А
дәрумені жетіспесе тері құрғақ болады, 
жарылады, қабыршақтанады. Тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығы 
мен көздің қасаң қабағы қалпына келмейді. 
А
дәруменінің авитаминозы кезінде 
ақшам­соқыр­ауруы
пайда болады. 
Адамның қас қарайғанда көруі нашарлайды. Жалпы көруі төмендейді. 
А
дәруменінің ізашарлары өсімдіктердің қызыл, сары пигменттері 
– каротин. Біз оларды өсімдіктекті тамақ арқылы аламыз. Шырғанақ, 
сәбіз, өрік, итмұрын, асқабақ, асжапырақ және т.б. құрамында А дә-
ру мені көп мөлшерде болады. Каротинді ағзамыз жақсы сіңіру үшін 
аталған өсімдіктекті өнімдерді жануар немесе өсімдік майын, қаймақ 
қосып жеу керек. Каротин бауыр жасушаларында және ішектің 
қабырғаларында 
А
дәруменіне айналады. Бір тәуліктегі қажет мөлшері –
1–2 мг.
A
дәрумені көп мөлшерде жануартекті өнімдерде – бауыр, сары-
май, сүт, жұмыртқа сарыуызында, уылдырықта, балық майында бо-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет