8.1.7.3 көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру
Көру рецепторлары – таяқшалар мен құтышалар
Таяқшалардың саны көп, олар торлы қабықшаның шет жағына орналасқан. Онда родопсин пигменті болады. Ол ақ пен қара түсті ажыратады. Сондықтан адам ымыртта немесе таңсәріде жақсы көреді.
Құтышалардың саны аз. Олар торлы қабықшаның ортасында орналасқан, сары дақты түзеді. Сары дақта таяқшалар болмай- ды, тек құтышалар болады. Онда йодопсин пигменті болады және ол түрлі түсті ажыра- тады. Құтышалар тек қана жарықты жақсы қабылдайды.
ішкі құлақтағы ұлуденеде орналасқан кірпікшелі жасушаларды есту рецепторлары деп атайды.
Ішкі құлақтағы ұлуденеде орналасқан кірпікшелі жасушаларды есту рецепторлары деп атайды. Бұл жасушаларда естумен қатар, тепе-теңдік мүшесі – вестибула аппараты да қалыптасады.Есту рецепторларындағы жүйке импульсі ұлуденедегі сұйықтықтағы тербелістен пайда болады. Есімізге түсірейік, дыбыс дабыл жарғағын тітіркендіреді, ол ортанғы құлақтағы дыбыс сүйекшелерін тербелтеді, дыбыс сүйекшелері ұлуденедегі доғаның мембранасын және ондағы сұйықтыққа әсер етеді.
Иттердің есту қабілеті 5 еседей жоғары. Ғалымдардың айтуы бойынша иттер жаздыгүні ыстық лептің салқынға ауысуын да естиді екен.
Иттердің есту қабілеті 5 еседей жоғары. Ғалымдардың айтуы бойынша иттер жаздыгүні ыстық лептің салқынға ауысуын да естиді екен.
Тапсырма 1
Тапсырма 2
13 зертханалық жұмыс Соқыр дақты анықтау. Түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау
Жұмыс мақсаты: торлы қабықтағы соқыр дақты табу. Түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау.
құрал-жабдықтар: Соқыр дақты анықтауға арналған суреттер, түрлі түсті бояулар: қызғылт, қызғылт сары, сары, жасыл, көк және т.б., қылқалам, суы бар ыдыс. Тербеліс жиілігі 128 Гц (С128) және 2048 Гц (С2048) болатын екі камертон.
Жұмыс барысы
Соқыр дақты анықтау үшін сол көзіңді алақаныңмен жауып тұрып, қолдарыңа картина алыңдар. Қолсозым арақашықтықтан оң жақ көзіңмен қара түсті дөңгелекке қараңдар.
2. Ақырын суретті көзіңе жақындата отырып, екі геометриялық пішінді бір мезгілде көруге бола ма? Соны анықтаңдар.
3. Көзден қандай арақашықтықта бір бейне жоғалып кетеді? Бұл арақашықтықтың шамамен 15–25 см болуы мүмкін бе?
4. Оң жақ көзіңді жауып тұрып, сол көзіңмен де осы тәжірибені қайталап көріңдер. Бір бейненің жоғалып кететін арақашықтығы сәйкес келе ме?
5. Суреттегі бір бейненің көз алдынан жоғалып кететінін анықтайтын нақты білім саласы бола ма?
6. Шыны сынауықтың 2/3 бөлігін сумен толтырыңдар. Қылқаламмен, бояудың мөлшері бірдей болатындай етіп, сынауыққа азғана бояу салыңдар.
7. Таза сынауықтарға мынадай түсті бояуларды араластырыңдар:жасыл/көк (көкшіл); сары/қызыл; қызыл/көк; қызғылт сары/жа- сыл.Сынауықтағы бастапқы зат қалатындай етіп алынған 3/1 бөлігіне дейін құйыңдар.
8. Оларды бастапқы түсімен салыстырыңдар. Нәтижесін сипаттап жазыңдар.
9. Камертон браншты алақанға (С128) немесе тізеге (С2048) бірдей күшпен соғу арқылы дірілдетеді. Камертон аяғын саусақпен жайлап ұстау керек екенін есте сақтау қажет (оның дірілдеуін тоқтатпау үшін).