А. Соловьева, Б. Ибраимова


Су және құрлық экожүйелері



Pdf көрінісі
бет269/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf
1-тапсырма (1) (2)
Су және құрлық экожүйелері
. Құрлық экологиялық пирамидасы 
жоғарыда айтылып кеткендей құрылған (12-сызба, 
а
). Су немесе мұхит
экожүйелері ерекше болады (12-сызба, 
ә
). Бұл – ғаламшардағы продуцент-
тер мөлшері консументтер мөлшерінен көп емес бірден-бір экожүйе. 
Ол – су және құрлық экожүйелерінің басты айырма шылық тары. 
Яғни теңіз «
экологиялық­ пирамидасы
» пира мидаға емес, қиық ромбқа 
ұқсайды. Себебі, жиынтық салмағы бойынша продуценттер кон су-
менттерден едәуір артық болмауы, су экожүйелерінің фото синтетиктері-
нің ерекшеліктеріне байланысты. Олар негізінен біржасушалы бал-
дырлардан, цианобактериялар мен басқа планктон ағзалардан тұрады. 
Қолайлы жағдайда бактерия жасушаларының көбею жылдамдығы 20 ми-
нут. Хлорелла сияқты біржасушалы балдырлардың көбею жылдамдығы 
да осындай болады. Басқа эукариоттық біржасушалы балдырлар біршама 
баяу көбейеді, бірақ бәрібір олардың көбею жылдамдығы жоғары. Көбею 
жылдамдығы және фотосинтез тиімділігі жоғары болғандықтан, бұл 
продуценттер бірінші қатардағы консументтердің қоректік қажетсінуін 
қамтамасыз етіп, экожүйені тұрақты сақтап тұрады. Оларды жеп 
үлгеретін ағзалардың жылдамдығынан кем түспейтін жылдамдықпен 
қалпына келеді (көбейеді).
Экожүйе,­ бірлестік,­ продуценттер,­ консументтер,­ редуцент-
тер,­қоректік­(трофикалық)­тізбектер,­экологиялық­пирами-
да.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет