Пульпа, жұмсақ ұлпа – тістің сауыты мен түбір қуысын толтыратын тіс
ұлпасы.
Р Радикулит – жұлын жүйкесі тамыршаларының зақымдануына байланысты
туындайтын ауру.
Реанимация – ағзаның күрт бұзылған немесе жойылған тіршілік үшін
маңызды қызметінің қалпына келуі.
Редуценттер – өлі органикалық заттарды (өлексе, қалдықтар) ыдырататын
және оларды басқа ағзалар – продуценттер сіңіре алатын күйге келтіретін
бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар (сапротрофтар).
Резус-фактор – қанның эритроцит жасушаларының құрамында болатын
нәруыз.
Рекомбинация – ұрпақта белгілердің жаңа үйлесімін тудыратын гендердің
жаңа үйлесімінің пайда болуы.
18–3459