А. Соловьева, Б. Ибраимова


§19. Жұқпалы аурулар және олардың



Pdf көрінісі
бет98/361
Дата07.02.2022
өлшемі5,3 Mb.
#93076
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   361
Байланысты:
8 сынып биология окулык.pdf

§19. Жұқпалы аурулар және олардың 
алдын алу шаралары 
Қарапайымдар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар келтіріп шығарған 
аурулардың ерекшеліктерін сипаттау
Сендер қандай жұқпалы ауруларды білесіңдер? Олардың ерекше лік тері мен 
алдын алу шаралары қандай?
Әртүрлі паразит ағзалар жұқпаларды қоздырушылар болуы 
мүмкін. 
Ауру қоздырушылары: вирустар, бак териялар, қарапайымдар 
(біржасушалы ағзалар), патогендік саңырауқұлақтар. Жұқпа қоз-
дырушылары ағзаға әртүрлі жолмен түсуі мүмкін. Бірақ көбінесе олар 
адам денесіне асқорыту және тыныс алу жолдары арқылы енеді. Тері 
арқылы, қан соратын жәндіктер шаққан кезде, жарақаттанғанда және 
т.б. жағдайда енетін қоздырушылар да бар.


86
Зақымданған ағзаға қоздырушылардың қандай топқа жататыны
қай жолмен түскені маңызды емес. Жұқпаның ағзаға қаншалықты зиян 
келтіруі де оның ену жолдарымен байланысты емес. Белгілі бір жұқпалар 
өлімге апарып соғуы мүмкін, кейбір жұқпалар аса қауіпті емес. Себебі 
адам ағзасы көп жағдайда жұқпалармен күресе алады. 
Бірнеше жұқпалы ауруларды, олардың қоздырушыларын, белгілерін, 
жұғу жолдарын және аурудың алдын алу шараларын қарастырайық. 
Амёба­дизентериясының
қоздырушысы қарапайымдар (біржасушалы 
ағзалар) – дизентерия амёбасы болып табылады. Оның қоздырушысы 
тоқішекті зақымдайды. Белгілері: тоқтамай көбінесе қан араласып іш өту, 
жүрегі айну, бас айналу, құсу және дене температурасының көтерілуі. Ди-
зентерия басқа ішек жұқпалары сияқты лас су, қолды жумай тамақтану, 
көгөністер мен жеміс-жидектерді жумай жеу салдарынан жұғады. Ди-
зентерия амёбасының цис тасы ішекте белсенді күйге өтіп, пайдалы бак-
терияларды, ішек эпителийінің жасушалары және капиллярларға еніп, 
қан жасушаларымен қоректенуі мүмкін. Алдын алу шаралары – жекебас 
гигие насын сақтау, көгөністер мен жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақ 
ішу алдында қолды жуу, қайнаған су ішу. 
Тырысқақ­ (холера)­
ауруының қоздырушысы – 
тырыс­қақ
виб-
рионы
. Оның пішіні «үтірге» ұқсайды. Тырысқақ вибрионы ашішекті 
зақымдайды. Ол сулы ортада ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Жұғу жол-
дары мен аурудың белгілері дизентериядағы сияқты. Тырысқақ ауруын 
хлорлы әк пен қышқыл ерітінділері тез зарарсыздандырады. Сондықтан 
тырысқақ ауруы таралған жерде қолды сабындап жуады, сосын зарар-
сыздандыратын ерітіндімен шаяды да, қайтадан лимон шырынымен не 
сіркесумен қышқылдандырылған сумен жуады. 
Күл­(дифтерия)­
қоздырушысы – 
таяқша­тәрізді
бакте­рия.
Күл ба-
цилласы көбінесе жұтқыншақты, теріні (кесілген не сы рылғанда), мұрын, 
тыныс жолдары, көз, тіпті жыныс мү шелерін де зақымдауы мүмкін. 
Жұғу жолдары: ауру адамнан ауа-тамшы арқылы, бактерия тасушы сау 
адамнан да жұғуы мүм кін. Сирек жағдайда заттар арқылы жұғады. Ал-
дын алу ша ралары – алдын алатын екпелер жасау, айналаңда ауру адам 
болса, жекебас гигиенасын және санитарлық режімді сақ тау. 
Лейшманиоз­
қоздырушысы лейшмания деп аталатын талшық тәрізді 
қара пайымдар. Белгілері – теріде ірі жара лардың пайда болуы. Жұғу 
жолдары: жәндіктердің – үнсіз масалардың не құм шіркейлерінің 
шағуы. Табиғатта қоз дырушысы шөлдегі тышқантәрізді кемірушілердің 
(үлкен құм тышқан) ағзасында тіршілік етеді. Олардың ағзасында 
қоздырушы ауру тудырмайды. Қансорушы жәндіктер шаққан кезде 
қоздырушылар адамның терісінің астына еніп, көп теген дернәсілдер са-
лады. Кейін дернәсілдер жарылған кезде терінің бетінде жаралар пайда 


87
болады. Алдын алу шаралары – жұқпа тасымалдаушыларымен және қоз-
дырушыларымен күресу. 
Герпес­
қоздырушысы – герпес вирусы. Бұл кезде теріде немесе сілемейлі 
қабықта (мұрында) мөлдір сұйықтыққа толы топталған көпіршіктер 
түзіледі. Зақымдалған жерде қышу, ашу, ауру сезіледі. Вирус ауа-там-
шы арқылы, ауру адаммен араласқан кезде жұғады. Герпес вирусының 
алуан түрлері дененің әртүрлі жеріне зақым келтіреді. Ең көп 
таралған түрі – жай герпес ерінге шығады. Жер ша рын дағы халықтың 
90%-ы осы вирусты тасымалдаушылар. Бірақ ауру суық тиген кезде, күн 
өткенде, не басқа қо лайсыз жағдайда пайда болады. Герпестің алдын алу 
шаралары: же кебас гигиенасын сақтау, қолды жуу, ауру адаммен аралас-
пау, терінің зақымданған жерін зарарсыздандыру, ағзаны жалпы нығайту.
Өсімдіктерге вирустар, паразитті бактериялар және саңырауқұлақтар 
көп зиян келтіреді.
Фитофтороз­
– саңырауқұлақтар тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауру 
көбінесе картоп, қызанақ, цитрусты дақылдар мен алмаға және т.б. түседі. 
Ауруға шалдыққан жапырақтардың жоғары ұшы мен жиектерінде және 
өсімдіктің сабағында қоңырқай дақтар немесе сызықшалар пайда болып, 
соңында қурап қалады. 
Жұқпалы­ аурулар,­ қоздырушылар,­ амёба­ дизентериясы,­ фито-
фтороз,­тырысқақ­(холера),­күл­(дифтерия),­лейшманиоз,­герпес.­


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет