46
бөліктері ауыз қуысына түсіп, әбден шайналады. Сосын жақсылап
шайналған қорек екінші рет жұтылады да, қайтадан үлкен қарынға
немесе қарынның екінші бөліміне
жұмыршаққа
түседі.
Жұмыршақтың
рөлі – қорек ұсталып, оны микроағзалардың ұзағырақ ыдыратуы.
Жұмыршақ пен үлкен қарын – біртұтас бөлім, себебі оларда ұқсас
үдерістер жүреді.
Жұмыршақтан қорек қарынның үшінші бөліміне –
қатпаршақ
қарынға
түседі. Бұл бөлімнің осылай аталу себебі кітаптың беттеріне
ұқсайтын көптеген қатпардан тұрады. Бұл жерде жақсылап ұсақталған
қорек бактериялар мен қарапайымдар арқылы біржола қорытылады. Со-
нымен қатар сұйықтықтың бір бөлігі қанға сіңіріледі. Сосын едәуір құрғақ
қорек ботқасы төртінші бөлімге –
ұлтабарға
түседі. Бұл бөлім қарын
сөлі толы нағыз қарын болып табылады. Осы жерде қорек нәруыздары,
сонымен қатар қарынның алдыңғы бөлімдерінде асқорытуға қатысқан
микроағзалар қорытылады.
Достарыңызбен бөлісу: