А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет86/361
Дата16.03.2022
өлшемі5,1 Mb.
#135968
түріКнига
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   361
Білу және түсіну
:
1. Гомеостаз дегеніміз не?
2. Неліктен ағзаның негізгі үш сұйық ортасы өзара байланысты екенін 
түсіндіріңдер. 
3. Ағзаның негізгі сұйық орталары қашан және қандай құрылымдар 
арқылы бір-біріне айналатынын айтыңдар. 
46-сурет.
Лимфа түйіндері:
1 – вена; 2 – артерия; 3 – лимфаны 
әкелуші тамыр (жарып көрсетілген); 
4 – лимфаны әкетуші тамыр (жарып 
көрсетілген)
2
3
4
1
47-сурет. 
Аппендикс
Аппендикс
Бүйен
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


75
4. Ағ заның негізгі үш сұйық ортасынан басқа қандай сұйықтықтар ішкі 
орта құрамына кіретінін және олардың әрқайсысының рөлі қандай 
екенін түсіндіріңдер. 
қолданылуы:
1. лимфаның қызметін сипаттаңдар. 
2. Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфа арасындағы байланысты анықтаңдар. 
3. лимфа неден тұрады? 
4. Қан плазмасы мен лимфа құрамын салыстырыңдар.
5. Ұлпа сұйықтығының маңызын түсіндіріңдер. 
Талдау
:
1. Сұйықтықтардың ағзада қозғалу үдерісін талдаңдар және олардың 
қалай өзгеретінін айтыңдар. 
2. 1) Су; 2) көмірсулар; 3) нәруыздар (аминқышқылдар); 4) май лар (гли-
церин мен май қышқылдары); 5) тұздардың молекулаларының ағзаға 
түсуінен бастап, ағзаның ішкі ортасына дейін қозғалуының сызбасын 
сызыңдар. 
3. Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфа қызметі арасындағы айырма-
шылықты айтыңдар. 
Синтез
:
1. «
Гомеостаз»­
түсінігі жалпы ағзаүстілік сипатқа ие екенін мысал-
дар келтіріп дәлелдеңдер. Жасушада, популяция, түр, биогео-
ценоз, экожүйе, қауымдастық деңгейінде гомеостаздың болатынын 
дәлелдеңдер. 
2. Біздің ағзамыздағы барлық сұйықтық өзара қалай байланысқан? 
Алған білімдеріңді жүйелеңдер.
3. Адам ағзасында үш сұйық ортаның қалыптасуының эволюциялық 
мәні неде? 
4. Мынадай жағдайдың моделін жасаңдар: ағзада а) қан; ә) ұлпа 
сұйықтығы; б) лимфа сұйықтықтарының бірі болмай қал са, қандай 
өзгерістер жүреді? 
Бағалау
:
1. Дәрігерге қаралу жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына байланыс-
ты болмаса да, диагноз қою кезінде талдауға көбінесе жұлыннан 
сұйықтық алады. Диагноз қоюдың осы әдісінің мәнін талдаңдар және 
негіздеңдер. 
2. Буын аурулары ағза проблемасының жалпы көрінісі болып табыла-
ды деп есептейсіңдер ме? Алған білімдеріңе сүйеніп, жауаптарыңды 
негіздеңдер. 
3. Жер жүзіндегі тіршілікті қолдаудағы гомеостаз құбылы сы ның 
маңызын сипаттаңдар. 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет